Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 362 шешімімен
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Z934100_ Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Z980258_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
1. Алматы қаласының Әкiмiне Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтiру үшiн кредит тарту туралы екi жыл мерзiмге 15,0 (он бес) млн.АҚШ доллары сомасында кредит тартуға рұқсат етiлсiн.
2. Алматы қаласының Әкiмi 2001 жылға арналған Алматы қаласының
бюджетiнде кредит бойынша пайызды төлеу және өтем төлеу үшiн 905000 АҚШ доллары көлемiндегi ақша қаражатын iздестiрсiн. 3. Несиенi және кредиттi пайдаланғандығы үшiн пайызды өтеу кестесi бекiтiлсiн. 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселесi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А.И. Шелипанов). II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс VII-сессиясының төрағасы, хатшысы
қалалық Мәслихатының 2000 жылғы 6 желтоқсандағы кезектен тыс VII-сессиясының шешiмiне қосымша
қалпына келтiруге бөлiнген несиенi және несиенi пайдаланғаны үшiн пайыздарды өтеу КЕСТЕСI Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған X сессиясының 2001 жылғы 25 мамырдағы шешімімен. V01r354_ (АҚШ доллары) -------------------------------------------------------------------------- Мерзiмi (жыл) ! Негiзгi қарыз ! Несиенi !Жиынтығы ! ! пайдаланғаны ! ! ! үшiн пайыздар ! -------------------------------------------------------------------------- 2001 - 1 630 333 1 630 333 2002 13 400 000 1 630 333 15 030 333 Жиынтығы 13 400 000 3 260 666 16 660 666 -------------------------------------------------------------------------- II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс VII-сессиясының төрағасы, хатшысы