Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.07.29 № 448-II шешiмімен.
"Казақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары" туралы Казақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес облыстық Мәслихаттың ІV сессиясы шешім етті:
1. Үй жануарларын ұстау жөніндегі міндетті ережелер қабылдансын, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қаралсын.
2. Осы ережелерді халықтың қатеріне жеткізу үшін облыстық газеттерде жариялансын.
Облыстық Мәслихат ІV |
А. Умарова |
Облыстық Мәслихаттың хатшысы |
Х. Табылдиев |
"Қабылданды" Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихатының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 60-ІІ шешімімен |
Үй жануарларын ұстау жөніндегі міндетті ережелер 1. Кіріспе бөлім
1.1. Осы көрсетілген міндетті ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 29, 31 баптары және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 5 бабынан туындайды.
1.2. Бұл міндетті ереже "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңының 41 бабы, Қазақстан Республикасының "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес жасақталған.
1.3. Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдардың нормалары міндетті ереженің ағымдағы заңдарға сәйкестігіне кепілдік береді.
1.4. Егер жоғарғы заң шығарушы орган осы міндетті ережеде көзделген заң нормаларының жиынтығын бұзатын немесе өзгертетін актілерді шығарған жағдайда, олар сөзсіз өзгертілуге немесе Атырау облыстық өкілді органымен бұзылуға жатады.
2. Негізгі бөлім
2.1. Осы ереже облыстағы елді мекендердегі үй жануарлары иелерінің барлығына қатысты, оның ішінде ведомстволық қарауына, меншік түріне қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар жатады.
2.2. Тұрғын үйлерде, оның ішінде пәтерлерде тұратын туыс емес бір немесе бірнеше семьялардың өзара келісімі болса, көршілерінің денсаулығына байланысты қарсылығы болмаса жануарларды ұстауға рұқсат етіледі.
2.3. Жануарларды ұстаудың ең басты шарты санитарлы-гигиеналық, ветеринарлы-санитарлық ережелер мен өлшемдердің сақталуы тиіс.
2.4. Ортақ пайдаланатын орындарда: ас ішетін бөлмеде, дәлізде, саты алаңында, шатырда, үй астында, балконда жануарларды ұстауға рұқсат етілмейді.
2.5. Үш айлық жастан бастап шығу тегіне қарамастан жеке адамдардың иелігіндегі, мекемелер, өндірістер, ұйымдар қарауындағы иттер міндетті түрде қалалық, аудандық ветеринарлық мекемелерде тіркеліп, жыл сайынғы есебі жүргізіліп, құтыру және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, залалсыздандырып отырылуы тиіс. Жаңадан иелікке алынған иттер 2 аптаның ішінде қалалық, аудандық ветеринарлық мекемелерде тіркеліп, куәлік алуы керек.
2.6. Иттерді басқа елді мекендерге сатқан жағдайда ветеринарлық куәлік берілуі керек, онда залалсыздандырылған, құтыру және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген күні көрсетілуі керек.
2.7. Жолаушыларды мазаламайтын болса жануарларды жер үстімен жүретін көліктің барлығымен тасымалдауға рұқсат етіледі. Иттің мойнында қысқа бауы, тұмсығы тұмылдырықтаулы болуы керек.
2.8. Мейманханаларда ит пен мысық иелерін әкімшіліктің келісімімен санитарлы-гигиеналық ереже сақталатын жағдайда орналастыруға рұқсат етіледі.
2.9. Мекемелерге, өндірістік дүкендерге, байланыс мекемелеріне кіруге болмайды деген жазу болмаса иелеріне қысқа баумен, тұмсығы тұмылдырықтаулы күйінде кіруге рұқсат етіледі.
2.10. Ит пен мысықты тері мен етін пайдалану үшін өсіруге тыйым салынады.
2.11. Ит пен мысық адамға немесе малға зақым келтірген жағдайда иесі тез арада жақын орналасқан ветеринарлық мекемеге хабарлауға және қаратуға әкелуге міндетті (мемлекеттік немесе жекеменшік мал дәрігері қарау керек).
2.12. Мекемелердің, дәріхананың, дүкендердің алдына байлап кеткен иттерден басқа, көпшілік орындарда бос жүрген иттерді ит аулауға шыққан топтар алып кетуі тиіс. Қалалық әкімшіліктің арнаулы автобазасының, елді мекендерде аудандық, ауылдық әкімшіліктердің шешімімен құралған топтар жоюы керек.
3. Жануар иесінің міндеті
3.1. Иелері жануарларды биологиялық қасиетіне сәйкес ұстап, аяушылықпен қарап, қараусыз қалдырмай, тамақ пен суын беріп, ұрмай, ауырған кезде ветеринарлық көмек көрсетуі керек.
3.2. Жануарлардың иелері үйді және үйдің айналасының санитарлық жағдайын таза ұстауға міндетті.
Үйге кіретін есік алдын, көтерілетін сатыларды, сондай-ақ балалар ойнайтын алаңды, жолдарды ластауға тыйым салынады. Егерде иттер осы жерлерге нәжісін тастап кететін болса, иесі тазалауға міндетті.
3.3. Ит иелері айналасындағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қолдануға міндетті.
3.4. Ит иелері ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша ит пен мысықтарды қаратуға, диагностикалық зерттеуге, профилактикалық егуге, залалсыздандыруға әкелуге міндетті.
3.5. Тұрғын үйлердің ішінде иттерді алып жүргенде ит иелері тыныштықты қамтамасыз етумен қатар, ит үруін болдырмау керек.
3.6. Көпшілік орындарда, халық отыратын көліктерде мас адамдар мен 14 жасқа дейінгі балаларға итті алып жүруге тыйым салынады.
3.7. Тамақ дүкендеріне, сауда орталықтарына, қоғамдық тамақтану орындарына ит, мысық тағы басқа үй жануарларымен кіруге, онда ұстауға қатаң тыйым салынады.
3.8. Иттерді алып жүргенде бауы, мойнына байланған қарғысында иттің аты, иесінің мекен-жайы, телефоны жазулы болуы керек. Үлкен иттердің тұмсығы тұмылдырықтаулы болуы тиіс.
3.9. Үй алдында ашық жері бар жекеменшік үй иелеріне шарбағы биік қоршалған болса бос жіберуге болады немесе байлап қояды. Үй аалдында ит бар екені туралы ескерту жазу болуы керек.
3.10. Ит иелері ит асырағанда, жоғалғанда, өлгенде жергілікті тұрғын үйлерді пайдалану кооперативтеріне, ветеринарлық мекемелерге хабарлайды.
3.11. Ит өліп қалған жағдайда өлікті ветеринарлық мекемеге тапсырады, өлген итті лақтырып тастауға тыйым салынады.
4. Жануар иесінің құқығы
4.1. Жануар иесінің жекеменшігі болып саналады, сондықтан әрбір жекеменшік заңмен қорғалады.
4.2. Сот шешімі бойынша немесе басқа да заңда көрсетілген жолдарымен жануарлар иесінен еріксіз алынады.
4.3. Иесі итін аз уақытқа дүкен алдына немесе басқа да мекемелердің алдына байлап кетуге құқығы бар(үлкен иттің тұмсығында тұмылдырығы болу керек).
5. Жануарлар иесінің жауапкершілігі
5.1. Ит пен мысық иелері осы ережені орындамайтын болса заңда көрсетілген жолдармен жауапталады.
5.2. Ит пен мысықтар азаматтардың денсаулығына немесе үй мүлкіне зиян келтірсе заң тәртібі бойынша орны толықтырылады.
5.3. Жануарларға жауыздықпен қарап, ұрып соғып, немесе өлтірген болса ескерту беріледі немесе айып-пұл салынады.
5.4. Аталған ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" атты кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
5.5. Осы ереженің орындалуын бақылауды Облыстық ішкі істер басқармасы, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, ветеринарлық бақылау басқармасы, әкімшілік жанындағы комиссиялар жүргізеді.