--------Бұйрықтан үзінді-------
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында Бұйырамын:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...
Министр
Қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күші жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1430 болып тіркелген, "Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкіісмин ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін моральдық және материалдық ынталандыру тәртібін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы N 186 бұйрық....
_________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550
Жарлығымен
бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" 5.2-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы N 769
қаулысының
1-тармақтағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкіісмин ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін моральдық және материалдық ынталандыру тәртібі" бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ҚАЖ Комитетінің төрағасы, ІӘҚББ, Департаменттерінің, дербес басқармаларының, Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және оқу орындарының бастықтары, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ мен көліктегі ІІББ-нің бастықтары осы Тәртіптің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі С.Н. Баймағанбетовке және Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына (С.Ж. Қарақыстық) жүктелсін.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жеке құрамына жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 186 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген
және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкіісмин ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін моральдық және
материалдық ынталандыру
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ішкіісмин ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін моральдық және материалдық ынталандыру тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы
тіл
туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550
Жарлығымен
бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын", Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3189
өкімімен
бекітілген "Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасын", "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 769
қаулысын
, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1998 жылғы 27 тамыздағы N 19МА Алқа шешімін орындау мақсатында әзірленді және мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген, сондай-ақ оны іс жүргізуде қолдана білетін ішкі істер органдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағандағы ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін (бұдан әрі - әскери қызметшілер) моральдық және материалдық ынталандыру тәртібін реттейді.
2. Осы Тәртіптің талаптары мен онда қарастырылған моральдық және материалдық ынталандырудың түрлері аттестацияланған және ерікті жалданушы қызметкерлерге қатысты қолданылады.
3. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінің әскери бөлімшелері мемлекеттік тілде іс жүргізуге толық көшкенге дейін қолданылады.
2. Ынталандырудың негізі, түрлері,
тәртібі мен көлемі
4. Моральдық және материалдық ынталандырудың негізі:
1) мемлекеттік тілді оқу бағдарламасының көлемінде меңгеріп, емтиханды "өте жақсы" деген бағаға тапсыру;
2) мемлекеттік тілде еркін сөйлеу (жергілікті ұлт өкілдерін қоспағанда) және азаматтарды қабылдау кезінде оны қолдана білу;
3) мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу (анықтамалар, шолулар, хаттамалар жазу, мемлекеттік және басқа да органдармен хат-хабар алмасу);
4) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтары мен өкімдерінің, Премьер-Министрі өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын әзірлеу болып табылады.
5. Ынталандыру түрлері:
1) моральдық ынталандыру:
алғыс жариялау;
грамотамен марапаттау;
мемлекеттік тілді меңгеру жөніндегі осы Тәртіптің 4-тармағында жазылған талаптарды ескере отырып, лауазымын жоғарылатуға жылжыту және штатты қысқарту кезінде кадрда қалдыру.
2) материалдың ынталандыру:
бағалы сыйлықтармен марапаттау;
өзге көтермелеулерге қарамастан, тоқсан сайын:
осы Тәртіптің 4-тармағындағы 1-тармақшаның талаптарын ескере отырып - лауазымдық айлық жалақының 10 %-ы көлемінде;
осы Тәртіптің 4-тармағындағы 2-тармақшаның талаптарын ескере отырып - лауазымдық айлық жалақының 15%-ы көлемінде;
осы Тәртіптің 4-тармағындағы 3-тармақшаның талаптарын ескере отырып - лауазымдық айлық жалақының 20%-ы көлемінде;
осы Тәртіптің 4-тармағындағы 4-тармақшаның талаптарын ескере отырып - лауазымдық айлық жалақының 30 %-ы көлемінде арнайы сыйақы төлеу.
Моральдық және материалдық ынталандыру бөлек те, бірге де беріледі.
6. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді моральдық және материалдық ынталандыру:
1) орталық аппаратта - қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының, Ішкі әскерлер қолбасшылығы бас басқармасының, Ішкіісминнің Департаменттері, дербес басқармалары және Республикалық мемлекеттік кәсіпорындары бастықтарының ұсынымхаттары бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі-Ішкі әскерлер қолбасшысы бұйрығының;
2) жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарында, оқу орындарында және әскери бөлімшелерде - құрылымдық бөлімшелер бастықтарының ұсынымхаттары бойынша осы бөлімшелердің бастықтары мен командирлері бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
7. Осы Тәртіптің 4-тармағындағы 1-тармақшада көрсетілген негіздер бойынша моральдық және материалдық ынталандыру үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдерін мемлекеттік тілді дамыту бөлімшелері ұсынады.
8. Осы Тәртіптің 4-тармағындағы 2, 3, 4-тармақшаларда көрсетілген негіздер бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді моральдық және материалдық ынталандыру үшін ұсынымхаттар:
1) орталық аппаратта - Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы бастығының келісімі бойынша;
2) жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарында, оқу орындарында және әскери бөлімшелерде - мемлекеттік тілді дамыту топтары жетекшілерінің келісімі бойынша енгізіледі.
9. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің лауазымдық жалақысына қосылатын тоқсан сайынғы арнайы сыйақы үнемделген ақшалай қаражат шегінде 110 "Жалақы" кіші кластық тиісті ерекшеліктері бойынша төленеді.