Мүдделi тұлғалардың алдында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмысы және жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың қызметi туралы ақпарат ашу жүйесiн жетiлдiру мақсатында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
заңының
41-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларының және 55-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларының негiзiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетi (бұдан әрi "Комитет" деп аталады)
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың бiрлескен бiрiктiрме есептерiн жариялау қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
2. Осы Қаулының оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеген күнiнен бастап қолдануға енгiзiлетiндiгі белгіленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау департаментiнiң Инвестициялық қызметтi реттеу басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол қолданылуға енгізiлгеннен кейiн) "Активтердi Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бiрлестiгінiң (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу мiндетiн жүктеумен), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң назарына жеткiзсiн;
2) Комитеттiң Бухгалтерлiк есеп жүргізу және қаржылық есеп берушiлiк
басқармасымен бiрлесе отырып осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
4. Комитеттің Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп берушілік басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол қолдануға енгізілгеннен кейін) жинақтаушы зейнетақы қорларының назарына жеткізсін;
2) Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау департаментінің Инвестициялық қызметті реттеу басқармасымен бірлесе отырып осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы Комитеттің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының
және Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн
реттеу жөнiндегі комитетiнiң 2001 жылғы
11 наурыздағы N 793, 11 наурыздағы N 23-П
бiрлескен қаулысымен бекiтiлген
Бұқаралық ақпарат құралдарында жинақтаушы зейнетақы
қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі
компаниялардың бiрлескен бiрiктiрме есептерiн жариялау
ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағидалар мүдделi тұлғалардың алдында жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмысы және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi "Қорлар" деп аталады) және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың (бұдан әрi "Компаниялар" деп аталады) қызметi туралы ақпарат ашу мақсатында әзiрлендi және Қорлар мен Компаниялардың қызметi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмысы туралы олардың тоқсан сайынғы бiрлескен бiрiктiрме есебiнiң (бұдан әрi "Бiрлескен есеп" деп аталады) құрамын, сондай-ақ оны қалыптастыру және жариялау тәртiбiн белгiлейдi.
1. Бiрлескен есеп ағымдағы тоқсанның бiрiншi күнiнiң жай-күйi бойынша қалыптастырылады және осы тоқсанның бiрiншi айының iшiнде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында кемiнде он бес мың дана болып таралатын газеттерде жарияланады.
2. Бiрлескен есептi жариялау "Активтердi Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бiрлестiгi (бұдан әрi "Қауымдастық" деп аталады) арқылы жүзеге асырылады.
Қауымдастық осы Қағидалардың 1-тармағында белгiленген шарттарға және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмысы және Қорлар мен Компаниялардың қызметi туралы ақпаратты әлуеттi мүдделi тұлғалардың ең жоғарғы ықтимал саны алдында ашу принципiне сүйене отырып Бiрлескен есептi жариялауға арналған газеттер тiзбесiн өзi дербес айқындауға құқылы.
3. Бiрлескен есепке мынадай тараулар кiредi:
1) 1-тарау "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тоқсандық есебi";
2) 2-тарау "Есепке түсiндiрме";
3) 3-тарау "Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу органдарының ақпараты";
4) 4-тарау "Көрнекi мәлiметтер".
4. Бiрлескен есептiң 1-тарауына тiкелей Қорлардың және Компаниялардың тоқсандық есебi және оларға осы Қағидалардың 1 және 2 қосымшаларындағы үлгiлер бойынша тиiсiнше түсiндiрмелер.
5. Бiрлескен есептiң 1-тарауын қалыптастыру үшiн әрбiр Қор ағымдағы тоқсанның бiрiншi айының он бесiншi күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне (бұдан әрi "Комитет" деп аталады) өзi және өзiнiң қызметi туралы мынадай мәлiметтер беруi керек:
1) зейнетақы төлемдерiнiң салымшылары/алушыларының саны (адам);
2) филиалдарының және өкілдіктерінің саны;
3) кастодиан-банктiң атауы;
4) өз капиталының мөлшерi (мың теңге);
5) төленген жарғылық капиталының мөлшерi (мың теңге);
6) зейнетақы активтерiне қатысты мiндеттемелерiн: зейнетақы төлемдерi, бас Қорларға аударымдар, Қордың және Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Компанияның есептелген комиссиялық сыйақылары бойынша мiндеттемелердi және басқа да ықтимал ұқсас мiндеттемелердi шегерiп тастаумен Қордың зейнетақы активтерi - "таза" зейнетақы активтерiнiң мөлшерi (мың теңге)
7) Қор қызметi басталғаннан бастап өспелi қорытындысымен зейнетақы төлемдерiнiң сомасы (мың теңге).
6. Бiрлескен есептiң 1-тарауын қалыптастыру үшiн әрбiр Компания ағымдағы тоқсанның бiрiншi айының он бесiншi күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) өзi және өзiнiң қызметi туралы мынадай мәлiметтер беруi керек:
1) өз капиталының мөлшерi (мың теңге);
2) төленген жарғылық капиталының мөлшерi (мың теңге);
3) қалыптастырылған резервтiк капиталының мөлшерi (мың теңге);
4) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2-бөлігінде көрсетiлген қаржы құралдарының түрлерi бойынша инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң зейнетақы активтерi осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы Қорлар бойынша құрылымы (пайызбен);
5) зейнетақы активтерi осы Компанияның инвестициялық басқаруындағы Қорлар бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап өспелi қорытындысымен зейнетақы активтерi бойынша табыстылық (жылдық пайыздармен).
7. Қорлардан және Компаниялардан осы Қағидалардың 5 және 6 тармақтарына сәйкес мәлiметтер алуы бойынша Комитет және Ұлттық комиссия бес күн iшiнде ұсынылған мәлiметтердiң Комитеттегi және Ұлттық комиссиядағы бар ақпараттарға сәйкес келуiн тексередi (оның iшiнде осындай ақпаратты бiр-бiрiмен өзара салыстырып тексеру арқылы) және тексерiстiң нәтижесi бойынша:
1) Қорлардан және Компаниялардан алынған мәлiметтерге ескертпелер жоқ болған кезде оларды жариялау үшiн осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қосымша бере отырып Қауымдастыққа бередi;
2) ескертпелер бар болған кезде оларды ескертпелер бар мәлiметтердi ұсынған Қорларға және компанияларға бередi.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ескертпелердi алғаннан кейiн Қор (Компания) оларды екi жұмыс күнiнiң iшiнде жоюға және қайтадан тексерiс жүргiзiлгеннен және жаңадан анықталған кемшiлiктердi шұғыл жойылғаннан кейiн осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қосымша бере отырып жариялау үшiн Қауымдастыққа берiлетiн түзетiлген мәлiметтердi Комитетке (Ұлттық комиссияға) ұсынуға мiндеттi.
9. Комитет және Ұлттық комиссия Қорлардан және Компаниялардан алынып, тексерiлген мәлiметтерге қосымша ретiнде мынадай мәлiметтердi Бiрлескен есептiң 1 және 3 тарауларында жариялау үшiн Қауымдастыққа бередi:
1) Бiрлескен есептiң 1-тарауында жариялау үшiн - Қорлардың және Компаниялардың атауларын, Қор және Компаниялар иеленген лицензиялардың нөмiрлерi және берiлген күндерi, сондай-ақ Қорлардың және Компаниялардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi Қорлардың "таза" зейнетақы активтерiнiң мөлшерi және Компанияның инвестициялық басқаруындағы "таза" зейнетақы активтерiнiң мөлшерi бойынша үлестерi (пайызбен);
2) Бiрлескен есептiң 3-тарауында жариялау үшiн - жинақтаушы зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу саласында өткен тоқсанда болған өзгерiстер туралы ақпарат, оның iшiнде қолдануға енгізiлген нормативтiк құқықтық актiлер туралы, Қорларға және Компанияларға берiлген және олардан қайтарылып алынған лицензиялар туралы, сондай-ақ Қорларға және Компанияларға берiлген лицензияларды қолдануды тоқтата тұру және жаңарту туралы және Комитеттiң және Ұлттық комиссияның пiкiрi бойынша мүдделi тұлғалар үшiн қызығушылық бiлдiретiн жинақтаушы зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу саласындағы өзгерiстер туралы өзге де ақпарат.
10. Бiрлескен есептi жариялауға арналған шығындарды қысқарту мақсатында Қауымдастыққа осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қорлардың және Компаниялардың атауларын беру кезiнде Комитет және Ұлттық комиссия оларды аббревиатураларды және өзге де ықтимал тәсiлдердi пайдалану арқылы қысқартады, бұл ретте Қорлардың және Компаниялардың бiржақты бiрiздендiрiлуiн қамтамасыз етедi.
Әртүрлi кезеңдердегі Бiрлескен есептердi жариялау үшiн Комитеттiң және Ұлттық комиссияның Қауымдастыққа берген және әртүрлi кезеңдердегі Бiрлескен есептерде жарияланатын мәлiметтердегі бiр Қордың (бiр Компанияның) әртүрлi қысқартылған атауларын пайдалануға жол берiлмейдi (Қорлардың және Компаниялардың атаулары заңда белгiленген тәртiпте өзгертiлген жағдайларды қоспағанда).
11. Бiрлескен есептiң 1 және 3 тарауларына арналған мәлiметтердi Комитеттен және Ұлттық комиссиядан алғаннан кейiн Қауымдастық Бiрлескен есептiң 2 және 4 тарауларына арналған өзiнiң ақпаратын қалыптастырады:
1) Бiрлескен есептiң 2-тарауында жариялау үшiн - Қауымдастықтың Бiрлескен есептiң 1-тарауына мазмұнында зейнетақы активтерi бойынша табыстылықтағы және инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң құрылымындағы өткен кезеңдермен салыстыру бойынша өзгерiстерге түсiнiктер бар түсiндiрмелер, сондай-ақ Қауымдастықтың пiкiрi бойынша мүдделi тұлғалар үшiн қызығушылық бiлдiретiн өзге де ықтимал түсіндірмелер;
2) Бiрлескен есептiң 4-тарауында жариялау үшiн - 1998 жылдың 01 қаңтарынан бастап өткен соңғы тоқсан бойынша зейнетақы төлемдерiнiң орташа салымшыларының/алушыларының ақшалай жинақтары туралы графикалық және/немесе мәтiндiк мәлiметтер және осындай салымшының ақшалай жинақтарының 10, 20, 35 жылдан кейiнгi болжамы (осындай ақшалай жинақтарды жиынтық зейнетақыларға және инвестициялық табыстың ақшалай жинақтарына бөле отырып).
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес түсiндiрмелердi жариялау кезiнде Қауымдастық осы түсiндiрмеге енгiзiлген ақпаратқа қатысты заңда белгiленген тыйым салулар мен шектеулердi сақтауы тиiс.
13. Көрнекi мәлiметтердi Бiрлескен есептiң 4-тарауында жариялау үшiн дайындау орташа еңбекақының және зейнетақы активтерi бойынша табыстылықтың орташа деңгейiнiң нақты көрсеткiштерiне сүйене отырып "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерiнiң орташа салымшылары/алушылары үшiн жеке-жеке жүзеге асырылады.
14. Жарияланған Бiрлескен есептiң көшiрмесi ол жарияланғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде Қауымдастықтың Комитетке және Ұлттық комиссияға беруiне жатады.
Ұлттық комиссияның Төрағасы Комитеттің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының
және Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн
реттеу жөнiндегі комитетiнiң 2001 жылғы
11 наурыз N 793 бiрлескен қаулысымен
бекiтiлген, N 23-П
Бұқаралық ақпарат құралдарында жинақтаушы
зейнетақы қорларының және зейнетақы
активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың бiрлескен бiрiктiрме
есептерiн жариялау қағидаларына
1-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың [латынсандарымен] жылдың [римсандарымен] тоқсанындағы
ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2001 жылғы ақпандағы N бірлескен қаулысына сәйкес жариялады
1-бөлім. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
___________________________________________________________________________
Лицензия. Кастодиан- Филиал. Салымшы. "Таза" Өз капи. Төленген
ЗАБК/ЖЗҚ ның N банк дардың лардың зейнет. талының жарғылық
және бе. және саны ақы ак. мөлшері капитал.
рілген өкіл. (адам) тивтері (мың. дың мөл.
күні діктер. (мың. теңге) шері
дің саны теңге) (мың.
теңге)
___________________________________________________________________________
А Б 1 2 3 4 6 7
___________________________________________________________________________
ЗАБК-ның х х х
атауы
___________________________________________________________________________
МЕЖЗҚ-ның
атауы
___________________________________________________________________________
...
___________________________________________________________________________
МЕЖЗҚ бойын. х х х х
ша жиыны:
___________________________________________________________________________
МЖЗҚ*
___________________________________________________________________________
ЖЗҚ-ы бойын. х х х х
ша жиыны:
___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
_______________________________________________________
ЗАБК-ның Зейнетақы Зейнетақы Жыл басынан
қалыптасты. төлемдерінің активтерінің бастап өспелі
рылған сомасы жинақтаушы қорытындысы
резервтік (мың. теңге) зейнетақы мен зейнетақы
капиталының жүйесіндегі активтері
мөлшері үлесі бойынша
(мың. теңге) (%-бен) табыстылық
(жылдық %-бен)
_______________________________________________________
8 9 10 11
_______________________________________________________
х х
_______________________________________________________
х
_______________________________________________________
_______________________________________________________
х х
_______________________________________________________
_______________________________________________________
х х
_______________________________________________________
__________________________
* МЖЗҚ-на қатысты Комитет және Ұлттық комиссия берген лицензиялардың
күнін және нөмірлерін көрсету қажет.
2-бөлім. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ
___________________________________________________________________________
Инвестицияланған зейнетақы активтері (%-бен)
_______________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Қазақстан
ЖЗҚ шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар Республикасы Республикасы.
___________________________________ Ұлттық ның жергілік.
Орта және Қысқа мерзімді Банкінің ті атқарушы
ұзақ мерзімді бағалы қа. органдары шы.
ғаздары ғарған мемле.
кеттік бағалы
қағаздар
_________________________________________________________________
теңге. шетелдік теңге. шетелдік теңге. шетел. теңге. шетелдік
мен валютамен мен валютамен мен дік ва. мен валютамен
лютамен
___________________________________________________________________________
А 1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________________
МЕЗЖҚ-ның
атауы
___________________________________________________________________________
..
___________________________________________________________________________
МЕЗЖҚ бойын.
ша жиыны:
___________________________________________________________________________
МЖЗҚ
___________________________________________________________________________
ЖЗҚ-ы бойын.
ша жиыны:
___________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қазақстан Шетелдік Халықаралық Екінші деңгейдегі
Республикасы эмитенттер. қаржы банктердегі
ұйымдарының дің бағалы ұйымдарының депозиттік
мемлекеттік қағаздары бағалы қағаз. сертификаттар
емес бағалы дары және депозиттер
қағаздары
______________ ___________________
теңге. шетелдік теңгемен шетелдік
мен валютамен валютамен
_______________________________________________________________
9 10 11 12 13 14
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
х х х
_______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының
және Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн
реттеу жөнiндегі комитетiнiң 2001 жылғы
11 наурыз N 793 бiрлескен қаулысымен
бекiтiлген, N 23-П
Бұқаралық ақпарат құралдарында жинақтаушы
зейнетақы қорларының және зейнетақы
активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың бiрлескен бiрiктiрме
есептерiн жариялау қағидаларына
2-қосымша
1. ЖЗҚ - жинақтаушы зейнетақы қоры.
2. МЖЗҚ - "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы. МЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүргізеді және зейнетақы активтерін тек қана мемлекеттік бағалы қағаздарға, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге (екінші деңгейдегі банктердің депозиттік сертификаттарына) және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялауға құқылы.
3. МЕЖЗҚ - мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры.
4. ЗАБК - зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания. Бұл ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге (екінші деңгейдегі банктердің депозиттік сертификаттарына) мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және тізбесін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы белгілейтін басқа да қаржы құралдарын орналастыру арқылы жүзеге асырады.
5. Кастодиан-банк - клиенттердің (оның ішінде ЖЗҚ-ның) сеніп берген бағалы қағаздарын және ақшаларын жауапкершілікпен сақтау және есеп жүргізу жөніндегі қызметті көрсететін банк.
6. Лицензия - тиісінше Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитет немесе Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы берген, ЖЗҚ үшін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі лицензия немесе ЗАБК үшін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензия.
7. Зейнетақы активтері - жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан және инвестициялық табыстан құралған қаражат.
8. "Таза" зейнетақы активтері" - ЖЗҚ-ның зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін (зейнетақы төлемдері, басқа қорларға жасалған аударымдар, ЖЗҚ-ның және ЗАБК-ның есептелген комиссиялық сыйақылары жөніндегі міндеттемелерді және басқа да осыған ұқсас міндеттемелерді) шегеріп тастағандағы зейнетақы активтері.
9. Зейнетақы төлемдері - пайдасына зейнетақы жарналары жүргізілген (жүргізілетін) жеке тұлғаларға ЖЗҚ-нан ақша төлеу (ЖЗҚ қызметі басталғаннан бастап өспелі қорытындысымен).
10. Өз капиталы - ЖЗҚ-ның немесе ЗАБК-ның олардың міндеттемелерін шегеріп тастағандағы өз активтері.
11. Резервтік капитал - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қабылдау жөніндегі міндеттемелердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ЗАБК құрады және зейнетақы активтерін басқару кезінде ЗАБК жіберген инвестициялық тәуекелдердің нәтижесінде туындаған залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге қызмет жасайды.
12. Зейнетақы активтерінің табыстылығы - ЖЗҚ зейнетақы активтерінің
шартты бірлігінің құны негізінде есептелген табыстылық.
13. Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы
қағаздары - Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы"
ЖАҚ-ның тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген бағалы қағаздары (оның
ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған).