-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
64. "Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған - режимi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 5 сәуiрдегi N 416 V011493_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңына сәйкес бұйырамын:
1. "Оңайлатылған декларация негізінде салық салудың оңайлатылған
режимін қолдану туралы" берілген Нұсқаулық бекітілсін. 2. Өндірістік емес төлемдер департаментіне (Ю. Тілеумұратов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісімге келтірсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндірістік емес төлемдер департаментіне жүктелсін (Ю. Тілеумұратов). 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Келісілді Бекітілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кіріс министрлігінің 9 сәуір 2001 жыл 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 416 бұйрығымен Оңайлатылған декларация негізінде салық салудың оңайлатылған режимін қолдану туралы Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрлендi (бұдан әрi - Заң).
1. Заңның 138-4-бабындағы 3-5-тармақтарда жазылған шарттарға жауап беретiн және бюджетпен есептесудi оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыруға ниет бiлдiрген салық төлеушiлер тоқсан басталғанға дейiн тiркелген орны бойынша аумақтық салық органына осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
2. Бюджетпен есептесудi оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 10-на дейiн есепке қойылған орны бойынша аумақтық салық органына осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша оңайлатылған декларация бередi.
3. Заңның 138-4-бабында белгiленген шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайларда, салық төлеушi есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей есепке қойылған орны бойынша аумақтық салық органына осы Нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануды тоқтату туралы өтiнiш бередi және есеп беру тоқсанынан кейiнгi тоқсаннан бастап салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi.
Бұл ретте, оңайлатылған декларация бойынша бюджетке төленуге тиiстi салықтардың сомасын салық төлеушi мынадай тәртiппен есептейдi:
1) Салық төлеушi қызметкерлерiнiң орта тiзiмдiк санын артуы фактiлерi анықталған жағдайда Заңның 138-4-бабында белгiленген санын артуы бойынша салық сомаларын түзету жүргiзiлмейдi.
Мысал: кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушы жеке тұлғаның тоқсандағы кiрiсi 1 300 000 теңге құрады, қызметкерлердiң орта тiзiмдiк саны кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда 17 адам. Салық сомасы 52 000 теңге (1 300 000 теңге х 4 %). Азайтылуға 11 700 теңге (52 000 теңге х (17 адам - 2 адам) х 1,5) жатады. 40 300 теңге (52 000 теңге - 11 700 теңге) төленуi керек.
2) Салық төлеушi Заңның 138-4-бабында белгiленген есеп беру кезеңiнiң қорытындысы бойынша кiрiс сомаларын артқан жағдайда, салық сомалары кiрiстің шектi сомасы үшiн көзделген ставкалары бойынша есептеледi. Бұл ретте, кiрiстiң артылған сомасын орта тiзiмдiк санына қарай салық сомасына азайту жүргiзiлмейдi.
Мысал: заңды тұлғаның тоқсандағы кiрiсi 9 300 000 теңге құрады, қызметкерлерiнiң орта тiзiмдiк саны 20 адам.
Заңның 138-4-бабы 10-тармағының ставкалары бойынша есептелген салық сомасы 899 000 теңге = (9 300 000 теңге - 6 500 000 теңге)* 13 % + 535 000 теңге;
Шектi кiрiстегi салық сомасы 860 000 теңге = (9 000 000 теңге - 6 500 000 теңге) х 13 % + 535 000 теңге;
Түзетiлуге жататын салық сомасы 39 000 = 899 000 теңге - 860 000 теңге;
Қызметкерлерiнiң орта тiзiмдiк санына қарай азайтылуға жататын салық сомасы 258 000 теңге = 860 000 теңге х 20 х 1,5 %;
Бюджетке төленуге жататын жалпы салық сомасы 641 000 теңге = 860 000 теңге - 258 000 теңге + 39 000 теңге.
4. Салықтарды төлеу мен есептеудің жалпы белгiленген тәртiбiнен оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiне көшкен кезде, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығынан басқа табыс және әлеуметтiк салықтарды төлеу және олар бойынша салық салудың кезеңi үшiн жалпы белгiленген тәртiбiн қолдануды салық төлеушi жалпы белгiленген тәртiпте жүргiзедi.
5. Салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiне көшкен кезде оңайлатылған декларацияда көрсетiлген кiрiстер және осы кiрiс көлемiн алу кезiнде шеккен шығындар жылдық жиынтық кiрiс туралы Декларацияда және есеп беру кезеңi үшiн жүргiзiлген шегерiмдерде ескерiлмейдi.
ҚР МКМ 2001 жылғы
5 сәуірдегі N 416 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа 1 қосымша
___________________________
(облысы, ауданы, қаласы) ___________________________
Өтініш
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңының 138-4-бабы 1-тармағына сәйкес ______________________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы, СТН-ы) оңайлатылған декларация негізінде салық салудың оңайлатылған режиміне 200__ жылдың "___"___________ бастап көшетіні туралы хабарлайды. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері: 1)____________________________________________________________________ 2)____________________________________________________________________ 3)____________________________________________________________________ 4)____________________________________________________________________ 5)____________________________________________________________________ 6)____________________________________________________________________ 7)____________________________________________________________________ Банктік шоттары туралы мәліметтер: _____________________________________________ шоты ___________________ (банк мекемесінің атауы) _____________________________________________ шоты ___________________ (банк мекемесінің атауы) _____________________________________________ шоты ___________________ (банк мекемесінің атауы) Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Z952235_ Заңының 138-4-бабында белгіленген шарттарға сәйкес емес немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне көшу туралы есеп беруден кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей салық органына хабарлауға міндеттеніп жоғарыда аталған режимді қолданудан бас тартамын. Басшы/жеке кәсіпкер: Салық комитетіне тіркелгені туралы белгі: (керек емесін сызып таста) __________________________ "___"_______________ 2000 жыл (аты-жөні, қолы) _____________________________ (лауазымды тұлғаның аты-жөні, қолы) Бас бухгалтер: ___________________________ (аты-жөні, қолы) Күні "___"___________ 20__ жыл. М.О. Осы өтініште берілген мәліметтердің растығы және толықтығы үшін мен Заң алдында жауаптымын.
ҚР МКМ 2001 жылғы
5 сәуірдегі N 416 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа 2 қосымша
___________________________ ___________________________ (салық төлеушінің атауы) (облысы, ауданы, қаласы) бойынша Салық комитеті
СТН Банк______________ банк шоты __________ Беру мерзімі: есеп беруден кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей, тоқсан сайын 200__ жылдың _________________ тоқсаны үшін Оңайлатылған декларация --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіштердің атауы ! Сомасы р/н! ! (теңге) --------------------------------------------------------------------------- 1 Есеп беру кезеңіндегі кіріс, мың теңге 2* Қызметкерлерінің орта тізімдік саны - барлығы, адам 2.1 соның ішінде: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңның 138-4 бабының 3-тармағымен белгіленгеннен артатын саны 3 Есептелген салық сомасы, мың теңге 3.1 соның ішінде: кірістің шекті сомасынан асатын кірістен түсетін салық сомасы 4 Салық сомасын қызметкерлердің орта тізімдік санына қарай азайту (3 жол - 3.1 жол) х 2 жол - 2.1 жол х 0,015 5 Бюджетке төленуге тиісті салық сомасы (3 жол - 4 жол), барлығы соның ішінде: 5.1 - табыс салығы (5 жол х 50 %) 5.2 - әлеуметтік салық (5 жол х 50 %) 6 Нақты төленген салық сомасы, барлығы соның ішінде: 6.1 - табыс салығы 6.2 - әлеуметтік салық 7 Қосымша төленуге тиісті салық сомасы, барлығы соның ішінде: 7.1 - табыс салығы 7.2 - әлеуметтік салық --------------------------------------------------------------------------- Анықтамалығы: Есеп беру кезеңінде қызметкерлердің тізімдік саны: 1 айда _____ адам, ІІ айда _____ адам, ІІІ айда ______ адам құрады. * қызметкерлердің орта тізімдік санын айқындау кезінде бөлшектік мән ескерілмейді. Осы Декларацияда берілген мәліметтердің Салық органының белгілері: растығы және толықтығы үшін мен Заң алдында жауаптымын. Басшы/жеке кәсіпкер Салық инспекторы: (керек емесін сызып таста): ______________________________ _____ ___________________ (аты-жөні, қолы) (қолы) (аты-жөні) Бөлім бастығы: Бас бухгалтер: _____ ___________________ ______________________________ (қолы) (аты-жөні) (аты-жөні, қолы) Есепке алу жөніндегі инспектор: _____ ___________________ (қолы) (аты-жөні) Күні "___"_____________ 200__ жыл. М.О.
ҚР МКМ 2001 жылғы
5 сәуірдегі N 416 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа 3 қосымша
___________________________
(облысы, ауданы, қаласы) бойынша Салық комитеті
Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың
оңайлатылған режимiн қолданудан бас тарту туралы
ӨТIНIШ
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ Заңына сәйкес ________________________________________________________________________ (салық төлеушiнің атауы, СТН-ы) 1) тоқсандағы кiрiс мөлшерiн артуына (заңды тұлғалар үшiн - 9,0 млн. теңге, жеке кәсiпкерлер үшiн - 4,5 млн. теңге) 2) қызметкерлерiнiң орта тiзiмдiк санын артуына (заңды тұлғалар үшiн - 25 адам, жеке кәсiпкерлер үшiн - 15 адам) 3) жүзеге асыратын қызметтерiнiң санын артуына (заңды тұлғалар үшiн - 7 түрi, жеке кәсiпкерлер үшiн - 5 түрi) 4) қызметiн тоқтатуға 5) өзге де себептерi (қандай екенiн көрсет)_____________________________ ________________________________________________________________________ байланысты, 200__ жылдың "___"____________ бастап оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануды тоқтатады. Басшы/жеке кәсiпкер ____________________________________________________ (аты-жөнi, қолы) Бас бухгалтер __________________________________________________________ (аты-жөнi, қолы) Күні "___"___________________ 200__ жыл. М.О. Тiркелгенi туралы белгiлер: "___"_____________ 200__ жыл. _____________________________ (лауазымды тұлғаның аты-жөнi, қолы) Мамандар: Икебаева Ә.Ж. Шарипова М.Е.