БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
"10.1.257.33 Өсiмдiк шаруашылығында тұқымдық репродукторларды қолдау" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"10.1.257.34 Тұқымдық астық сатып алу бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау";
"10.1.257.82 Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру"
деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "10.1.257.83 2001 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру". 2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Мамандар: Икебаева А.Ж. Жұманазарова А.Б.