"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы"
Z010173_
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89
V011466_
қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн және бұл өзгерiстер мен толықтыру және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тіркеуден өткізiлген күннен бастап екі күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегі N 89 қаулысымен бекiтілген Ақшаны жария етуіне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екінші деңгейдегі банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргізу тәртiбі туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 17 мамырдағы
N 135 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң
арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты
бекiту туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң
арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы
нұсқаулыққа өзгерiс пен толықтыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы
V011466_
нұсқаулыққа мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1. 3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Сонымен бiрге арнайы есепшотқа осы Нұсқаулықтың N 2-2 қосымшасына сәйкес тiзбе бойынша шетел валютасы шектеу қойылмай аударылады.".
2. 15-тармақтағы:
"көшiрмесiн" деген сөз "нотариат куәландырған көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үш күндiк" деген сөздер "бес күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Мынадай редакциядағы N 2-2 қосымшамен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2-2 қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету
бойынша арнайы есепшотқа есептелуге тиiстi шетел
валютасының ТIЗБЕСI
1. Австралия доллары
2. Австрия шилингi
3. Ағылшын стерлинг фунты
4. Бельгия франкi
5. Голланд гульденi
6. Дат кронасы
7. АҚШ доллары
8. ЕУРО
9. Ирланд фунты
10. Испан песетасы
11. Итальян лирi
12. Канада доллары
13. Немiс маркасы
14. Норвег кронасы
15. Португал эскудосы
16. Фин маркасы
17. Француз франкi
18. Швед кронасы
19. Швейцар франкi
20. Жапон иенi".
Ұлттық Банк
Төрағасы