Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу 1602

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы  9 қыркүйектегі N 537   бұйрығымен .

---------------- Бұйрықтан үзінді --------------------      

       "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 195 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1602 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 29, 470-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 587 бұйрығымен.

       Министр
----------------------------------

     "Астық туралы"  Z010143_  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Астық департаментi (Боранғазиев Б.К.):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықтан туындайтын басқа да шаралар қолдансын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                    Ауыл шаруашылығы министрiнiң
                                      2001 жылғы 29 маусымдағы
                                          N 195 бұйрығымен
                                             бекiтiлген

                      Астық қабылдау кәсiпорынын 
                   уақытша басқаруды жүргiзу 
                            ережесi 

                       1. Жалпы ережелер 

      1. Бұл Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген және астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу шарттарын, негiздерiн, тәртiбiн айқындайды. 
      2. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды енгiзу астық қабылдау кәсiпорынына қолданылатын, астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк қолданатын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) санкциясы болып табылады. 
      3. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мен уақытша әкiмшiлiк (бұдан әрi - әкiмшiлiк) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ереженi және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады. 
      4. Комиссия мен әкiмшiлiктiң мiндетi астық қабылдау кәсiпорынының астық қолхаттары иелерiнiң алдындағы өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiншiлiгiн сақтау немесе қайта жаңарту және астық қабылдау кәсiпорынының болған бұзушылықтарын жою және жұмыс сапасын жақсарту жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн жұмысқа қабылеттi басқару тетiгiн құру болып табылады. 
      5. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорыны қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 

         2. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды 
                жүргiзудiң негiздерi мен шарттары  

      6. Астық қабылдау кәсiпорыны Министрлiктiң дербес қабылданатын шешiмiмен немесе астық қолхаттары иелерiнiң ұсынысы бойынша мына негiздердiң бiреуi: 
      1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамау; 
      2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық көлемiнiң астық қабылдау кәсiпорынында сақтаулы нақты астық көлемiнен сақтаулы астықтың көлемi елу мың тоннаға дейiнгi кезде жиырма пайыздан астамға және сақтаулы астықтың көлемi елу мың тоннадан көп кезде он пайыздан астамға артығы бойынша ғана уақытша басқарыла алады. 

            3. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм 
                        қабылдау тәртiбi  

      7. Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармалары, осы Ереженiң 6-тармағында баяндалған негiздер болған жағдайда, астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы қорытынды жасап, оны тиiстi құжаттармен - астық қолхаттары иелерiнiң өтiнiштерiмен (шағымдарымен) немесе астық қабылдау кәсiпорынын тексеру нәтижелерiмен қоса Министрлiкке жiбередi. 
      8. Берiлген қорытынды негiзiнде Министрлiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi ол қорытынды Министрлiкке түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы ұсыныс әзiрлейдi. 
      9. Ұсыныста уақытша басқаруды енгiзудiң негiздерi баяндалуы тиiс. 
      10. Астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы ұсыныс және тиiстi бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiне немесе оның орынындағы адамға қол қоюға берiледi. 
      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығында мыналар болуы тиiс: 
      1) астық қабылдау кәсiпорынының аты, оның тұрған жерi және мекен-жайы; 
      2) уақытша басқаруды енгiзудiң негiздерi; 
      3) уақытша басқарудың басталуы мен мерзiмi; 
      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорынының қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi; 
      5) комиссияның дербес құрамы; 
      6) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорынының басқарушы қызметкерлерiне өз жұмысы жайлы есеп дайындау және осы құжаттарды әкiмшiлiкке тапсыру және осы астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерiне мiндеттi түрде уақытша басқару енгiзу жайлы хабар беру туралы нұсқау. 
      12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығына мүдделi тұлғалар сот арқылы шағым арыз бере алады. 
      Көрсетiлген бұйрыққа шағым арыз беру уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң күшiн тоқтата алмайды. 
      13. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығы шыққаннан кейiн ол екеуден кем емес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi газеттерде жариялануға тиiс. 
      14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң уақытша басқаруды енгiзу туралы бұйрығын жариялау осы бұйрық шыққаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде астық қабылдау кәсiпорынының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

        4. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды
      жүргiзудi жүзеге асыратын органдарды құру тәртiбi
              және олардың қызметiн ұйымдастыру  

      15. Комиссияның дербес құрамы тиiстi облыстық аумақтық басқарманың қорытындысы мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен немесе оның орынындағы адаммен бекiтiледi. 
      16. Комиссияның құрамы төрт адамнан кем болмауы тиiс. 
      17. Нақты астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару жөнiндегi комиссияның сандық құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Министрлiкке Министрлiктiң тиiстi облыстық аумақтық басқармасы енгiзедi. 
      18. Министрлiкке астық қабылдау кәсiпорынында уақытша басқару енгiзу қажеттiлiгi туралы қорытынды жiбермес бұрын Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасы көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорынына және көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының барлық иелерiне 3-күндiк мерзiм iшiнде комиссия құрамына кандидатураларды ұсыну туралы ұсыныстарды жiбередi. 
      19. Заңнамамен белгiленген тәртiппен уақытша басқару енгiзiлетiн астық қабылдау кәсiпорыны және сол астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерi 3-күндiк мерзiм iшiнде Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасына комиссияның құрамына өз кандидатуралары бойынша жазбаша ұсыныстарды жiбередi. 
      Көрсетiлген кандидатуралар берiлмеген немесе беруге бас тартқан жағдайда Министрлiк өз бетiмен комиссия құруға құқылы. 
      20. Астық қолхаттарының иелерi комиссияның құрамына өз өкiлдерiн (өкiлiн) таңдауды былайша жүзеге асырады. 
      Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасының ұсынысын алғаннан кейiн заңнамамен белгiленген тәртiппен уақытша басқару енгiзiлетiн астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттарының иелерi астық қолхаттарының иелерiнiң жиналысын өткiзедi. 
      Астық қолхаттарының иелерiнiң жиналысында дауыс беру арқылы уақытша басқару жөнiндегi комиссияға өкiлдер (өкiл) сайланады. 
      21. Егер де астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттары иелерiнiң арасында көрсетiлген астық қабылдау кәсiпорынынан астық қабылдау кәсiпорынының барлық астық қолхаттарында жазылған жалпы астық көлемiнiң елу пайызынан астам көлемiн алуға құқылы қолхат иесi болса, астық қолхаттарының иелерiнiң жалпы жиналысы комиссияның құрамына екi өкiл сайлайды. 
      Комиссияның құрамына бiр өкiлдi көрсетiлген астық қолхатының иесi, екiншiсiн жай дауыс беру арқылы басқа астық қолхаттарының иелерi сайлайды. 
      22. Комиссияның жұмысына қатысу үшiн Министрлiктiң өкiлiн Министрлiктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң ұсынысы негiзiнде (қажет болса Министрлiктiң облыстық аумақтық басқармасының қорытындысын есепке ала отырып) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi айқындайды.
      23. Комиссия мүшелерiнiң жиналысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жұмасына бiрден кем емес рет өткiзiледi.
      24. Бiрiншi мәжiлiсте комиссия мүшелерi Төраға кандидатурасын айқындап, оны бекiту үшiн Министрлiкке жiбередi.
      25. Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады, оның кезектi (кезектен тыс) мәжiлiстерiн шақырады.
      26. Комиссиядағы өкiлдердiң дауыстары шешiм қабылдау кезiнде пайыздық арасалмақпен былайша бөлiнедi:
      1) астық қолхаттарының иелерiнiң өкiлдерi - елу пайыз;
      2) астық қабылдау кәсiпорынының өкiлi - жиырма бес пайыз;
      3) Министрлiктiң өкiлi - жиырма бес пайыз.
      27. Комиссия дауыстың жалпы санының үштен екiсiнен кем емесiне ие өкiлдерi қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқылы.
      28. Комиссияның шешiмдерi дауыс көпшiлiгiмен қабылданады және әкiмшiлiкке орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
      29. Дауыстар тең болған кезде Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      30. Комиссияның барлық шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және оған көрсетiлген комиссияның Төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
      31. Әкiмшiлiктi комиссия мүшелерi арасынан сайланатын басшы басқарады.
      32. Комиссия мүшелерi, әкiмшiлiк мүшелерi уақытша басқару кезiнде астық қабылдау кәсiпорынына заңсыз әрекеттерiмен залал келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген жауапкершiлiктi көтередi.     

          5. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша
          әкiмшiлiктiң астық қабылдау кәсiпорынын уақытша
                      басқаруды жүргiзу тәртiбi

      33. Комиссияның құзырына:
      1) әкiмшiлiктi құру, оның басшысы мен мүшелерiн тағайындау (жұмыстан шығару);
      2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау жатады.
      34. Әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауға:
      1) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы әкiмшiлiкке ұсынымдар беру;
      2) әкiмшiлiктен өз қызметi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астық қабылдау кәсiпорынының қызметi туралы ақпарат беруiн талап ету;
      3) әкiмшiлiктiң iстелген жұмыс жайлы есебiн тыңдау және бекiту;
      4) уақытша басқаруды енгiзу себептерi жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн созу;
      5) Министрлiкке уақытша басқаруды доғару туралы ұсыныс енгiзу кiредi.
      35. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiнде:
      1) астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер әкiмшiлiкке өтедi;
      2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады;
      3) астық қабылдау кәсiпорынының басқару органдары мен оның басқарушы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатылады;
      4) әкiмшiлiкке айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорынының атынан және есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады. 
      36. Әкiмшiлiк: 
      1) осы Заңмен айқындалған құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорыны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiм қабылдауға; 
      2) уақытша басқару кезiнде астық қолхаттарынан туындайтын барлық талаптардың орындалуын онда көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма пайызына дейiнгi мөлшерiне тоқтата тұруға; 
      3) шарттар жасауға және астық қабылдау кәсiпорынының оған берiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қайта жаңартуына бағытталған құжаттарға қол қоюға; 
      4) астық қабылдау кәсiпорынының атынан және оның мүддесi үшiн, соның iшiнде сотта да, өкiлдiктi жүзеге асыруға; 
      5) астық қабылдау кәсiпорыны астық қолхаттарының орындалуын кепiлдеушi қорға қатысқан жағдайда астық қабылдау кәсiпорыны бiрiншi кезекте берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша қарызды өтеу туралы көрсетiлген қорға талап қоюға; 
      6) астықты сақтаумен байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға; 
      7) астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы. 
      37. Өздерiнен астық қабылдау кәсiпорынын басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi алып тастайтын басқарушы қызметкерлер мен басқару органдары әкiмшiлiкке алу-беру актiсi бойынша мөрлердi, штамптарды, бланктарды, бағалы заттарды, жайлардың, сейфтердiң кiлттерiн, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорынының басқа да мүлiгi мен барлық қажеттi құжаттарын тапсыруға мiндеттi. 
      38. Әкiмшiлiк бiрiншi кезекте: 
      1) банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығын анықтауға (соның iшiнде, банктiң (банктердiң) кассаларындағы ақшаның); 
      2) астық қабылдау кәсiпорынының қаржылық жағдайына: капиталдың барабарлығы; 
      активтердi талдау; 
      кiрiс пен шығысты талдау бағыттар бойынша талдау жасауға; 
      3) негiзгi құралдарды, баланс құжаттарын және баланстан тыс құжаттарды түгендеудi, сондай-ақ осы астық қабылдау кәсiпорынында сақтаулы астық көлемiн түгендеудi жүргiзуге; 
      4) кешiктiрiлген дебиторлық қарызды қайтару, талаптық мәлiметтердi әзiрлеу және сотқа жiберу жөнiндегi шараларды қолдануға; 
      5) басқарудың оңтайлы құрылымын және астық қабылдау кәсiпорыны жұмыскерлерiнiң санын анықтауға; 
      6) қызмет көрсетушi банкке банк операциялары бойынша банкте операциялар жүргiзу үшiн құжаттарға қол қоюға құқылы лауазымды тұлғалардың қолдарының үлгiлерiмен бiрге жаңа карточканы тапсыруға (бұл ретте, уақытша әкiмшiлiк тағайындалғанға дейiн тапсырылған карточканың күшi жойылады); 
      7) комиссияға астық қабылдау кәсiпорынының шаруашылық қызметiнiң нақты жағдайы туралы ақпарат беруге және оның жұмыс сапасын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге мiндеттi. 
      39. Уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорынының балансқа енгiзiлген немесе енгiзiлмеген барлық мүлiгi түгенделуi тиiс. 
      Балансқа енгiзiлмеген мүлiк түгендеу ведомостiнде көрсетiлуi тиiс және соңынан балансқа енгiзуге жатады. 
      40. Әкiмшiлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорынының мүлiгiнiң тiзбесiн құрауы, олардың құндылығын анықтауы тиiс. 
      41. Астық қабылдау кәсiпорынының мүлiгiн сатуды әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорыны берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiншiлiк болмаған жағдайда комиссияның шешiмi негiзiнде жүзеге асырады. 
      Оларсыз астық қабылдау кәсiпорынының астықты сақтау жөнiндегi қызметтi осы қызмет түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарға сәйкес жүзеге асыруы едәуiр нашарлайтын немесе таза мүмкiн болмайтын астық қабылдау кәсiпорынының негiзгi құралдарын сатуға немесе басқалай иелiктен айыруға тыйым салынады. 
      42. Мүлiктi сату: 
      1) мүлiктiң ең жоғарғы таза құнын алатындай; 
      2) сатудан түскен шығынды азайтатындай; 
      3) сатып алушылардың қалыпты конкуренциясын қолдайтындай қылып жүзеге асырылады. 
      43. Мүлiктi сату кезiнде әкiмшiлiк кем дегенде екi республикалық газетте хабарландыру жариялауы тиiс. Хабарландыруда сатылатын мүлiктiң тiзбесi, сондай-ақ әкiмшiлiк мүшесiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы, ұсыныс беруге болатын телефон мен факс нөмiрлерi және сол ұсыныстар қашанға дейiн қабылданатын күнi көрсетiлуi тиiс. 
      Мүлiктi сатуды дұрыс жүргiзуге қажет болған жағдайда, көрсетiлген күн кейiнгi мерзiмге ауыстырылуы мүмкiн.
      44. Әкiмшiлiк ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешiм қабылдауы және жеңiмпаз сатып алушыға жазбаша түрде хабар беруi тиiс.
      45. Астық қабылдау кәсiпорынының берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабылетiн қалпына келтiру мақсатында әкiмшiлiк астық қабылдау кәсiпорынының негiзгi құралдарына жатпайтын мүлiгiн басқаша түрде иелiгiнен айыруға құқылы.

                6. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша
                     басқаруды тоқтату тәртiбi

      46. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен белгiленген уақытша басқару мерзiмi аяқталған;
      2) Министрлiк уақытша басқарудың толық аяқталғаны туралы шешiм қабылдаған;
      3) сот шешiмi заң күшiне енген жағдай негiзiнде тоқтатылады.
      47. Уақытша басқару процедурасы аяқталғаннан кейiн әкiмшiлiк ол туралы комиссияға, ал ол Министрлiкке хабарлайды.
      48. Оны енгiзуге жол берген себептердi жоюға байланысты астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқаруды тоқтатудан (соның iшiнде толық) Министрлiк немесе әкiмшiлiк сол астық қабылдау кәсiпорынына қатысты белгiлеген барлық шектеулiктердi алып тастау туындайды.
      49. Астық қабылдау кәсiпорынын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабылетiн қалпына келтiруге әкелiп соқтырмаған жағдайда Министрлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен лицензияны қайта шақыртып алады және астық қабылдау кәсiпорынын таратуды ұсына алады.

Об утверждении Правил проведения временного управления хлебоприемным предприятием

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2001 года N 195. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2001 года N 1602. Утратил силу - приказом Министра сельского хозяйства РК от 09.09.2005г. N 537

          Извлечение из приказа Министра сельского хозяйства РК
                        от 09.09.2005г. N 537
 
      "В целях реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 марта 2004 года N 77-р "О мерах по совершенствованию подзаконных актов" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2001 года N 195 "Об утверждении Правил проведения временного управления хлебоприемным предприятием"...
      2. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания. <*>
      Сноска. Пункт 2 в редакции - приказом Министра сельского хозяйства РК от 11.10.2005г. N 587.
 
      Министр".
-----------------------------------------------------------------
 
      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 19 января 2001 года  Z010143_  "О зерне" приказываю: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения временного управления хлебоприемным предприятием. 
      2. Департаменту зерна (Борангазиев Б.К.): 
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан; 
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего приказа. 
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

 
      Министр 

                                         Утверждены приказом 
                                    Министра сельского хозяйства
                                         Республики Казахстан 
                                       от 29.06.2001 года N 195

                                Правила 
                    проведения временного управления 
                      хлебоприемным предприятием 

   
                          1. Общие положения 

   
      1. Настоящие Правила проведения временного управления хлебоприемным предприятием (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 2001 года  Z010143_  "О зерне", и определяют условия, основания, порядок проведения временного управления хлебоприемным предприятием. 
      2. Введение временного управления хлебоприемным предприятием является санкцией Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Министерство), применяемой в отношении хлебоприемного предприятия, проводимой комиссией по временному управлению хлебоприемным предприятием и временной администрацией. 
      3. Комиссия по временному управлению хлебоприемным предприятием (далее - комиссия) и временная администрация (далее - администрация) в период проведения временного управления хлебоприемным предприятием руководствуются Законом Республики Казахстан "О зерне", настоящими Правилами и иными нормативными правовыми актами. 
      4. Задачами комиссии и администрации являются сохранение или восстановление способности хлебоприемного предприятия выполнять свои обязательства перед держателями зерновых расписок и создание работоспособного управленческого механизма, обеспечивающего устранение имевшихся нарушений и осуществление других мер по улучшению качества работы хлебоприемного предприятия. 
      5. Временное управление хлебоприемным предприятием осуществляется за счет средств хлебоприемного предприятия. 

 
                 2. Основания и условия проведения временного 
                   управления хлебоприемным предприятием 

 
      6. Хлебоприемное предприятие может быть подвергнуто временному управлению по решению Министерства, принимаемого самостоятельно, либо по обращению держателей зерновых расписок только по одному из следующих оснований: 
      1) невыполнение обязательств, вытекающих из зерновой расписки; 
      2) превышение количества зерна, обеспеченного зерновыми расписками, над фактическим количеством зерна, хранящемся на хлебоприемном предприятии, более чем на двадцать процентов при объеме хранимого зерна до пятидесяти тысяч тонн и десять процентов при объеме хранимого зерна более пятидесяти тысяч тонн. 

 
                      3. Порядок принятия решения о введении 
                            временного управления 

 
      7. Областные территориальные управления Министерства при наличии оснований, оговоренных пунктом 6 настоящих Правил, составляют заключение о необходимости введения временного управления на хлебоприемном предприятии и направляют его в Министерство с приложением соответствующих документов - обращений (жалоб) держателей зерновых расписок либо результатов проверок хлебоприемного предприятия. 
      8. На основании данного заключения соответствующие структурные подразделения Министерства в течение трех рабочих дней со дня поступления указанного заключения в Министерство, готовят представление о введении временного управления на хлебоприемном предприятии. 
      9. Представление должно содержать основания для введения временного управления хлебоприемным предприятием. 
      10. Представление о введении временного управления хлебоприемным предприятием и соответствующий проект приказа вносится на подписание Министру сельского хозяйства Республики Казахстан, либо лицу его замещающему. 
      11. Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан о введении временного управления хлебоприемным предприятием должен содержать следующее: 
      1) наименование хлебоприемного предприятия, его местонахождение и адрес; 
      2) основание для введения временного управления; 
      3) начало действия и срок временного управления; 
      4) перечень ограничений деятельности, налагаемых на хлебоприемное предприятие в целях исполнения обязательств по зерновым распискам; 
      5) персональный состав комиссии; 
      6) предписание руководящим работникам хлебоприемного предприятия, находящегося в режиме временного управления хлебоприемным предприятием, о подготовке отчета о своей работе и представлении данных документов администрации, и об обязательном уведомлении держателей зерновых расписок, выданных данным хлебоприемным предприятием о введении временного управления. 
      12. Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан о введении временного управления может быть обжалован заинтересованными лицами в судебном порядке. Обжалование указанного приказа не приостанавливает действие решения о введении временного управления. 
      13. После издания приказа Министра сельского хозяйства Республики Казахстан о введении временного управления, он подлежит опубликованию не менее чем в двух газетах на государственном и русском языках. 
      14. Публикация приказа Министра сельского хозяйства Республики Казахстан о введении временного управления осуществляется за счет средств хлебоприемного предприятия в течение трех рабочих дней со дня издания указанного приказа. 

 
         4. Порядок формирования органов, осуществляющих 
        проведение временного управления хлебоприемным 
          предприятием и организация их деятельности 

 
      15. Персональный состав комиссии утверждается приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, либо лицом, его замещающим, на основании заключения соответствующего областного территориального управления и представления структурных подразделений Министерства. 
      16. Комиссия состоит не менее чем из четырех человек. 
      17. Предложения по численному составу комиссии на конкретном хлебоприемном предприятии вносятся Министерству соответствующим областным территориальным управлением Министерства. 
      18. До направления заключения в Министерство о необходимости введения временного управления хлебоприемным предприятием областное территориальное управление Министерства направляет указанному хлебоприемному предприятию и всем держателям зерновых расписок, выданных данным хлебоприемным предприятием, предложение о представлении в трехдневный срок кандидатур в состав комиссии. 
      19. Хлебоприемное предприятие, на котором в установленном законодательством порядке, вводится временное управление и держатели зерновых расписок, выданных этим хлебоприемным предприятием в трехдневный срок направляют в областное территориальное управление Министерства письменные предложения по своим кандидатурам в состав комиссии. 
      В случае непредставления либо отказа в представлении указанных кандидатур в этот срок, Министерство вправе самостоятельно сформировать комиссию. 
      20. Выбор держателями зерновых расписок своих представителей (представителя) в состав комиссии осуществляется следующим образом. 
      После получения предложения областного территориального управления Министерства, держатели зерновых расписок, выданных хлебоприемным предприятием, на котором в соответствии с законодательством вводится временное управление, проводят собрание держателей зерновых расписок. 
      На собрании держателей зерновых расписок посредством простого голосования избираются представители (представитель) в комиссию. 
      21. В случае, если среди всех держателей зерновых расписок, выданных хлебоприемным предприятием, есть держатель, обладающий правом на получение зерна по своей зерновой расписке, с указанного хлебоприемного предприятия, в объеме более пятидесяти процентов от общего количества зерна, обозначенного во всех зерновых расписках хлебоприемного предприятия, общее собрание держателей зерновых расписок избирают двух представителей в состав комиссии. 
      Одного представителя в состав комиссии избирает указанный держатель зерновой расписки, второго избирают посредством простого голосования другие держатели зерновых расписок. 
      22. Представитель Министерства для участия в работе комиссии определяется Министром сельского хозяйства Республики Казахстан на основании представления соответствующих подразделений Министерства (при необходимости с учетом заключения областного территориального управления Министерства).
      23. Собрания членов комиссии по временному управлению хлебоприемным предприятием проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в неделю. 
      24. На первом заседании члены комиссии определяют кандидатуру Председателя и направляют ее на утверждение в Министерство. 
      25. Председатель организует работу комиссии, созывает очередные (внеочередные) ее заседания. 
      26. Голоса представителей в комиссии при принятии решений распределяются в процентном соотношении следующим образом: 
      1) представители держателей зерновых расписок - пятьдесят процентов;  
      2) представитель хлебоприемного предприятия - двадцать пять процентов; 
      3) представитель Министерства - двадцать пять процентов. 
      27. Комиссия правомочна принимать решения при участии представителей, обладающих не менее двух третей от общего числа голосов.
      28. Решения комиссии принимаются большинством голосов и являются обязательными для исполнения администрацией. 
      29. При равенстве голосов голос Председателя является решающим. 
      30. Все решения комиссии оформляются протоколом и подписываются Председателем, членами и секретарем указанной комиссии. 
      31. Администрация возглавляется руководителем, избираемым из числа членов комиссии. 
      32. За ущерб, причиненный хлебоприемному предприятию незаконными действиями в период временного управления, члены комиссии, члены администрации несут ответственность, установленную законодательными актами Республики Казахстан   K970167_     К990409_     К010155_  . 

           5. Порядок проведения временного управления 
        хлебоприемным предприятием комиссией по временному 
                управлению и временной администрацией

      33. В компетенцию комиссии входит:
      1) формирование администрации, назначение (увольнение) ее руководителя и членов; 
      2) утверждение отчета администрации о результатах деятельности; 
      3) контроль за деятельностью администрации. 
      34. Контроль за деятельностью администрации включает в себя: 
      1) дачу рекомендаций администрации об основных направлениях деятельности в период временного управления хлебоприемным предприятием; 
      2) требование представления администрацией информации о ее деятельности и деятельности хлебоприемного предприятия в соответствии с законодательством Республики Казахстан; 
      3) заслушивание и утверждение отчета администрации о проделанной работе; 
      4) продление срока временного управления при неустранении причин, по которым оно было введено; 
      5) внесение предложений в Министерство о завершении временного управления. 
      35. На период действия временного управления хлебоприемным предприятием: 
      1) все полномочия по управлению хлебоприемным предприятием переходят к администрации; 
      2) приостанавливаются права учредителей (акционеров) по управлению хлебоприемным предприятием; 
      3) приостанавливаются полномочия органов управления хлебоприемного предприятия и его руководящих работников; 
      4) все сделки, совершенные от имени и за счет хлебоприемного предприятия без ведома и письменного согласия администрации, признаются недействительными. 
      36. Администрация вправе: 
      1) в пределах компетенции, определенной законодательством, самостоятельно принимать решения по всем вопросам деятельности хлебоприемного предприятия; 
      2) приостановить на период временного управления удовлетворение всех требований, возникающих из зерновых расписок, в размере до двадцати процентов количества зерна, указанного в них; 
      3) заключать договоры и подписывать документы, направленные на восстановление обязательств хлебоприемного предприятия, по выданным им зерновым распискам; 
      4) осуществлять представительство от имени и в интересах хлебоприемного предприятия, в том числе и в суде; 
      5) в случае участия хлебоприемного предприятия в фонде гарантирования исполнения зерновых расписок предъявлять требования в указанный фонд о погашении задолженности по обязательствам, вытекающим из зерновых расписок, выданных данным хлебоприемным предприятием в первоочередном порядке; 
      6) привлекать независимых экспертов для оценки производственных вопросов, связанных с хранением зерна; 
      7) издавать на период временного управления хлебоприемным предприятием приказы в пределах компетенции в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 
      37. Руководящие работники и органы управления хлебоприемным предприятием, слагающие с себя полномочия, обязаны передать администрации по акту приема-передачи печати, штампы, бланки, ценности, ключи от помещений, сейфов, а также другое имущество и все необходимые документы хлебоприемного предприятия. 
      38. Администрация в первоочередном порядке обязана: 
      1) определить остатки денежных средств на банковских счетах (в том числе денег в кассах банка (банков); 
      2) провести анализ финансового состояния хлебоприемного предприятия по следующим направлениям: адекватность капитала; анализ активов; анализ доходов и расходов; 
      3) провести инвентаризацию основных средств, статей баланса и забалансовых статей, а также инвентаризацию количества хранимого на данном хлебоприемном предприятии зерна; 
      4) принять меры по взысканию просроченной дебиторской задолженности, подготовке и направлению исковых материалов в суд; 
      5) определить оптимальную структуру управления и число работников хлебоприемного предприятия; 
      6) представить в обслуживающий банк новую карточку с образцами подписей должностных лиц, имеющих право подписи документов, для совершения операций по банковским операциям в банке (при этом, предоставленная до назначения временной администрации карточка, подлежит аннулированию); 
      7) представить в комиссию по временному управлению информации о фактическом состоянии хозяйственной деятельности хлебоприемного предприятия и предложения по улучшению качества его работы. 
      39. Все имущество хлебоприемного предприятия, находящегося в режиме временного управления, включенное или не включенное в баланс, должно быть проинвентаризировано. Имущество, не включенное в баланс, должно быть указано в инвентаризованной ведомости и впоследствии подлежит включению в баланс. 
      40. Администрация в установленном законодательством порядке должна составить перечень имущества хлебоприемного предприятия, определить их ценность. 
      41. Продажа имущества хлебоприемного предприятия производится администрацией в случае невозможности обеспечения исполнения обязательств хлебоприемным предприятием по зерновым распискам, выданным данным хлебоприемным предприятием иными способами, на основании решения комиссии. 
      Запрещается продажа либо иное отчуждение основных средств хлебоприемного предприятия, без которых существенно ухудшается или полностью становится невозможным осуществление деятельности хлебоприемного предприятия по хранению зерна в соответствии с квалификационными требованиями по данному виду деятельности. 
      42. Продажа имущества производится так, чтобы: 
      1) получить максимально чистую цену имущества; 
      2) минимизировать потери, полученные от продажи; 
      3) поддерживать нормальную конкуренцию покупателей. 
      43. При продаже имущества администрация должна опубликовать объявление не менее чем в двух республиканских газетах. Объявление должно содержать перечень продаваемого имущества, а также фамилию, имя, отчество члена временной администрации с указанием места нахождения, номера телефона и факса, по которым могут быть представлены предложения, а также дату, до которой эти предложения принимаются. 
      Указанная дата может быть перенесена на более поздний срок, если это необходимо для надлежащего проведения распродажи имущества. 
      44. Администрация должна принять решение об удовлетворении предложений и известить победившего покупателя в письменном виде. 
      45. Администрация в целях восстановления способности хлебоприемного предприятия исполнять обязательства по выданным зерновым распискам вправе иным способом отчуждать имущество хлебоприемного предприятия, не относящееся к его основным фондам. 

 
                 6. Порядок прекращения временного управления 
                         хлебоприемным предприятием 

 
      46. Временное управление хлебоприемным предприятием прекращается по следующим основаниям: 
      1) истечение установленного приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан срока временного управления; 
      2) принятие Министерством решения о досрочном завершении временного управления; 
      3) по вступившему в законную силу решению суда. 
      47. По завершении процедуры временного управления администрация извещает об этом комиссию, а та в свою очередь извещает Министерство. 
      48. Прекращение временного управления хлебоприемным предприятием (в том числе и досрочное) в связи с устранением причин, повлекших его введение, влечет за собой отмену всех ограничений в отношении данного хлебоприемного предприятия, установленных Министерством или администрацией. 
      49. В случае, если временное управление хлебоприемным предприятием не привело к восстановлению способности исполнять обязательства по зерновым распискам, Министерство в установленном законодательством порядке отзывает лицензию и может инициировать ликвидацию хлебоприемного предприятия.