Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.07.11 № 259 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 U010550_ Жарлығымен бекiтiлген, Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiлдi одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының әдiлет органдары қызметкерлерiнiң
мемлекеттiк тiлдi оқу және мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiн тексеру
қағидалары;
2) Мемлекеттiк тiлдi үйренiп жүрген қызметкерлер арасында конкурс
өткiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында және соттарында
мемлекеттiк тiлдi одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 14
сәуiрдегi N 34 бұйрықтың күшi жойылды деп танылсын.
3. Iшкi әкiмшiлiк департаментiнiң директоры осы бұйрықты құрылымдық
бөлiмшелердiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, аумақтық әдiлет
органдарының барлық қызметкерлерiнiң назарына жеткiзсiн.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Әдiлет Вице-Министрi Ә.Толқаншыновқа
жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2001 жылғы 24 тамыздағы
N 105 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары
қызметкерлерiне мемлекеттiк тiлдi оқыту және мемлекеттiк тiлдi
бiлу деңгейiн тексеру қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қызметкерлерiне мемлекеттiк тiлдi тегiн оқыту және олардың мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн тексеру тәртiбiн реттейдi.
2. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк тiлде құжаттар әзiрлей алатын, мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзе алатын деңгейде бiлмейтiн қызметкерлерi осы Қағидалармен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк тiлдi оқуға құқылы.
3. Оқыту әдiлет органдары қаражаты есебiнен, жұмыс уақытында немесе қызметкерлер үшiн қолайлы басқа уақытта мемлекеттiк тiлдi үйрену курстарында (бұдан әрi - курстар) жүргiзiледi.
Қызметкер мемлекеттiк тiлдi өз қаражаты есебiнен өзге жағдайларда оқуға құқылы.
4. Мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiне қарай, қызметкерлердiң өтiнiштерi негiзiнде мынадай топтарға бөлiнедi:
1) бастауыш - мемлекеттiк тiлдi бiлмейтiн қызметкерлерден құрылады;
2) жалғастырушы - мемлекеттiк тiлдi тұрмыстық әңгiмелесу деңгейiнде ғана бiлетiн қызметкерлерден құрылады;
3) тереңдетiлiп оқытылатын - мемлекеттiк тiлдi еркiн бiлетiн, бiрақ құжаттарды тiкелей мемлекеттiк тiлде дайындай алатын деңгейге жетпеген қызметкерлерден құрылады.
5. Әр топтағы оқушылардың саны 15 адамнан аспауы тиiс.
6. Курстардағы сабақтар 1 қыркүйектен 31 мамыр аралығында жүргiзiледi және әр топ үшiн аптасына екi реттен жиi емес. Сабақтың ұзақтығы - 1 сағат.
7. Оқу бағдарламасын әр топ үшiн қазақ тiлiнiң оқытушысы әзiрлейдi және сол әдiлет органындағы мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселесiмен айналысатын құрылымдық бөлiмшенiң бастығы бекiтедi.
8. Жыл сайын оқу аяқталған соң оқушылардың бiлiм деңгейiн тексеру мақсатында емтихан қабылданады.
9. Емтихан қабылдауды, құрамына әділет органдарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандары кіретін комиссия жүзеге асырады.
10. Емтихан қабылдау билет жүйесі бойынша жүргізіледі. Емтихан
сұрақтарының, тапсырмаларының тізбесін комиссия бекітеді.
11. Комиссия қызметкердің білім деңгейін "қанағаттанарлық" немесе
"қанағаттанғысыз" деп бағалайды.
Оң баға алған қызметкер комиссияның шешімі бойынша келесі оқу тобына
өткізіледі; "қанағаттанғысыз" баға алған қызметкер сол бағдарлама бойынша
қайталап оқиды.
12. Мемлекеттік тілді үйренуде оң нәтижелерге жеткен қызметкерлер
белгіленген тәртіппен көтермеленуге жатады.
13. Емтихан нәтижелері бойынша комиссия отырысының хаттамасы және
емтихан парағы жасалады, оларға комиссия мүшелері қол қояды және олармен
оқушылар мен олардың басшыларын таныстырғаннан кейін әділет органының кадр
қызметіне беріледі.
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2001 жылғы 24 тамыздағы
N 105 бұйрығымен бекiтiлген
Мемлекеттiк тiлдi үйренiп жүрген қызметкерлер арасында
конкурс өткiзу қағидалары
1. Мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсы (бұдан әрi - конкурс) әдiлет органдарының мемлекеттiк тiлдi үйренiп жүрген қызметкерлерi арасында өткiзiледi.
2. Конкурс мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, қызметкерлердiң оқу процесiнде алған бiлiмдерiн бекiту, мемлекеттiң тiл саясатын насихаттау мақсаттарында өткiзiледi.
3. Конкурс бағдарламасында тiл туралы заңдарды, қазақ тiлiнiң грамматикасы мен лексикасын бiлуiне, ауызша сөйлесе алуына, заң терминдерiн бiлуiне және дұрыс қолдана бiлуiне конкурстық тапсырмалар болуы тиiс.
4. Конкурс жыл сайын, оқу жылы аяқталған соң, кезең-кезеңмен
маусымнан қыркүйекке дейiн өткiзiледi:
1) конкурстың бiрiншi кезеңi әрбiр әдiлет органында мемлекеттiк тiлдi
оқып жүрген қызметкерлер арасында өткiзiледi;
2) конкурстың екiншi кезеңi сол облыстың, қаланың аумағында
орналасқан әдiлет органдары арасында өткiзiледi;
3) үшiншi соңғы кезеңi - қыркүйек айында, Қазақстан Республикасы
халықтарының тiлдерi күнi қарсаңында министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi,
аумақтық әдiлет органдары қызметкерлерiнiң командалары арасында өткiзiледi.
5. Конкурс өткiзу үшiн комиссия құрылады, ол:
1) конкурс өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
2) конкурс өткiзу тәртiбiн бекiтедi;
3) конкурс тапсырмаларын бағалау критерийлерiн белгiлейдi;
4) конкурстың қорытындысын шығарады, жеңiмпаздарды марапаттайды;
5) белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк тiлдi бiлудiң белгiлi бiр
деңгейiн көрсеткен қызметкерлердi көтермелеуге ұсыныс енгiзедi.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.