Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгiлерiн ретке келтiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы үлгiдегi металл ақша (теңге) (бұдан әрi - 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаның (теңгенiң)) 1993 жылғы үлгiдегi ескерткiш және мерейтойлық металл ақшадан басқасы ақша айналымынан алынсын.
2. 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алудың мынадай тәртiбi белгiленсiн:
1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) филиалдары, екiншi деңгейдегi банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктер) қабылдайды және айырбастайды;
2) екiншi деңгейдегi банктер осы қаулының 1-тармағында белгiленген күннен бастап 2 (екi) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастайды. Осы мерзiм өткеннен кейiн екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдауға құқығы жоқ;
3) Ұлттық Банктiң филиалдары осы тармақтың 2-тармақшасында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгiлерiнiң басқа түрлерiне айырбастайды.
3. Осы қаулының 2-тармағының 3-тармақшасында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) қабылдау мен айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп белгiленген тәртiппен
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн Халықаралық қатынастар және
жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бiрлесiп осы қаулыны
республикалық газеттерде (мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде) жарияласын.
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.