БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомалары мен сақтандыру өтеулерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Ақылы қызмет көрсетудi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердің депозиттiк сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы қағидада:
1) 29-тармақта:
оныншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Сондай-ақ, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жеке ақшалары мынадай мақсаттарға жұмсалады:
хаттар мен жеделхаттар жiберуге;
теледидар қабылдағыштары мен радиоқабылдағыштарды сатып алуға;
бас бостандығынан айыру орындарынан тыс жерлерге шығуға арналған шығыстарды төлеуге;
медициналық көрсеткiш бойынша қажеттi диеталық тағамдарды алуға;
түзету мекемелерiнде пайдалануға рұқсат етiлген аяқ киiм мен киiмдердi, оның iшiнде спорт киiмiн сатып алуға;
қосымша емдеу-алдын алу қызметтерiне және нормативтiк құқықтық актiлермен анықталған олардың қалауымен қосымша көрсетiлетiн қызметтерге;
мемлекетке, түзету мекемесiне келтiрген шығынды өтеуге;
оның қашуының алдын алуға байланысты қосымша шығынды өтеуге;
өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда, оны емдеуге байланысты шығындарды өтеуге;
алименттердi, салықтарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және өзге мiндеттi аударымдарды аударуға;
орындау парақтары немесе басқа орындау парақтары бойынша ұстауларды аударуға;
тамақтану, заттық мүлiктің және коммуналдық-тұрмыстық қызметтердiң құнын өтеуге пайдалана алады.
Колонияларда - елдi мекендерде жазасын өтеп жүрген, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар ақшаны шектеусiз пайдаланады.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ, заттай мүлiк, коммуналдық-тұрмыстық және емдеу-алдын алу қызметтерiн алуына байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрiлген залалды, қашуға жол бермеуге байланысты қосымша шығындарды өтеу сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.";
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақыл-есi кемiс балаларға арналған интернат үйлерiне, психоневрологиялық интернаттарға, ата-аналарының қарауынсыз қалған жетiм балалар мен балаларға арналған бiлiм мекемелерiне депозиттiк шоттар аталған мекемелерде тұратын және оларды аталған мекеменiң әкiмшiлiгi қамқорлыққа алу белгiленген қамқорлыққа алынғандардың табыстарын есептеу үшiн, осы қаражатты қамқорлыққа алынғандардың жеке мақсаттарына пайдалану құқығымен ашылады:";
он жетiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiне депозиттiк шот жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауды несиелендiру мақсатында мынадай операцияларды жүргiзу үшiн:
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнен және Қазақстан Республикасының Денсаулық iстерi жөнiндегi агенттiгiнен түсетiн несие ресурстарын есепке алу үшiн;
мемлекеттiк бiлiм беру несиесi бойынша жоғары бiлiмдi мамандарды дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға несие ресурстарын аудару үшiн;
несиелер бойынша өтеу қаражатын есепке алу үшiн;
мемлекеттiк бiлiм беру несиесi бойынша жоғары бiлiмдi мамандарды дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың игерілмеген несие қаражаттарын қайтаруы үшін;
несиелердi өтеу есебiне түскен қаражатты және республикалық бюджеттiң кiрiсiне игерiлмеген несие қаражатын қайтару үшiн Астана қаласы Қазынашылық басқармасында ашылады.";
2) көрсетілген Ереженiң 1 қосымшасында:
ақылы қызметтердiң 1-9, 24, 25 және 29-34 кодтары бойынша:
6-бағанның бесiншi жолында "31" деген санның алдында "30" деген санмен толықтырылсын;
ақылы қызметтердiң 26 және 27-кодтары бойынша:
2, 3, 4, 5, 6-бағандарда тиiсiнше "3 2 221 32 30" деген сандар алынып тасталсын;
10-бағандағы "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486 қаулысы" деген сөздер алынып тасталсын;
ақылы қызметтердiң 35-коды бойынша:
9-бағандағы "қосымша қызметтердi көрсету үшiн ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдарды сатып алуға (139)" деген сөздерден кейiн ", көлiк қызметтерiне ақы төлеу (143), банктiк қызметтерге ақы төлеу (149)" деген сөздермен толықтырылсын;
қосымшаға сәйкес "Ақылы қызметтердiң 36 және 37-коды" деген жолдармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық 2001 жылғы 2 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 2-тармақшасын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелердің ақылы қызметтерінің тізбесі
|
___________________________________________________________________________
Бюджет түрі
Функционалдық топ Ақылы қызметтер. Пайдалану Негіздеме
Ішкі функциясы дің атауы бағыттары
Бағд. әкім.
Бағдарлама
Кіші бағ.
дарлама Ақылы қызмет.
тердің коды
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
___________________________________________________________________________
РБ 3 2 221 32 30 36 Сот сараптамасы Орталықтың "Сот сараптамасы
органы оның өн. экспертизаны туралы"
дірісімен байла. өндірумен Қазақстан Рес.
нысты шеккен байланысты публикасының
шығыстарды өтеу шеккен шығыс. Заңы, "Қазақстан
үшін сот сарап. тарын өтеу Республикасы
тамасы органы бөлігінде Әділет министрлі.
алатын қаражат Орталықтың гінің Сот сарап.
алған сомала. тамасы орталығы
ры шығыстарды ұсынатын ақылы
өтеу үшін сот қызмет көрсету.
сарапшылары. лерді іске асыру.
ның кәсіби дан түсетін қара.
дайындығына жатты пайдалану
және білікті. жөніндегі нұсқау.
лігін артты. лықты бекіту
руға, сот- туралы" ҚРҮ 2000
сараптау қыз. жылғы 31 наурыз.
метін мате. дағы N 486
риалдық-техни. қаулысы
калық қамтама.
сыз етуді же.
тілдіру үшін
ағымдағы шот.
тарға аудары.
лады, (136,
137, 139, 141,
142, 143, 144,
146, 149, 159,
411, 412)
___________________________________________________________________________
РБ 3 2 221 32 30 37 Қазақстан Респу. Ғылыми және Бұл да
бликасының Білім ғылыми-әдісте.
және ғылым мелік зерттеу.
министрлігі лерді жүргізу.
бекіткен бағдар. ге (136, 137,
ламаларға кір. 139, 142, 149)
меген ғылыми
және ғылыми-
әдістемелік зерт.
теулерді жүргізу
бойынша сот
сараптамасы
органдары ұсына.
тын тауарларды
және қызметтерді
сатудан түсетін
қаражат
___________________________________________________________________________