1. "Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашудың және жабудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 241
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашудың және жабудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
1) 2-тармақта:
4) тармақшада:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Депозиттiк шот - мемлекеттiк мекеменiң уақытылы билiк етуiне түсетiн және өзге мақсатқа жұмсау құқығынсыз белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк бюджетке есептеуге немесе салымшыларға немесе үшiншi тұлғаларға қайтаруға жататын мемлекеттiк мекемеге ашылатын шот.";
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы сот әкiмшiлендiру жөнiндегi комитетке және оның әкiмшiлерiне (облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы) депозиттiк шоттар борышкерлерден, үшiншi тұлғалардан түскен, тұтқынға алынған мүлiктерiн сатудан түскен және оларды қуынушыларға беру үшiн атқару құжаттарына ақы төлеу мақсатында сот орындаушыларының ақшалай сомаларды қабылдау үшiн ашылады.
Әділет аумақтық (облыстық, Астана және Алматы қалаларының) органдарына депозиттiк шоттар мемлекеттiк нотариустың атына борышкерден түсетiн, оны несие берушiге беру үшiн, пайдасына салым жасалған тұлғаның жазбаша келiсiмiмен немесе сот шешiмi бойынша оларды депозитке салған тұлғаға ақшаны қайтару үшiн және сот шешiмi бойынша белгіленген сақталу мерзiмi өткеннен кейiн талап етiлмеген ақшаны республикалық бюджетке есепке алу үшiн ашылады.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тәртiптiк әскери бөлiмдерiне депозиттiк шоттар сотталғандардың ақшалай қаражатын есепке алу үшiн, сондай-ақ бiрiншi қажеттiлiк заттары мен тамақ өнiмдерiн сатып алуға қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша осы қаражаттарды жарату және жазаларын өтеуден босатылған сотталғандарға ақшаның қалдығын қайтару үшiн ашылады.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiне депозиттiк шот Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнен түсетiн несиелiк ресурстарды есептеу және оларды мемлекеттiк бiлiм беру несиесi бойынша жоғары бiлiмдi мамандарды дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға аудару үшін, сондай-ақ, заемшылардың қаражатты қайтаруын есепке алу және бақылау үшiн ашылады.";
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) Қолма-қол ақшаның ағымдағы транзиттiк шоты - Қазынашылықтың чектерi бойынша мемлекеттiк мекемелер алатын қолма-қол ақша бойынша есеп айырысу үшiн Қазынашылықтың аумақтық органы ашатын шот.
Қолма-қол ақшаның ағымдағы шоты екiншi деңгейдегi банктерде немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар мекемелерде N 889 "Бiрыңғай қазынашылық шот" баланстық шотында ашылады.
11) инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты (бұдан әрi - жаңғыртылып отыратын шот) - қатысушы қаржы мекемелерiне қосалқы несиелер беруге бұрын бөлiнген қосалқы заемдардың қайтарылатын қаражатын шоғырландыру үшiн, осы қаражаттан көрсетiлген инвестициялық жобаның шеңберiнде қатысушы қаржы мекемелерiн кейiннен несиелендiру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атына ашылатын банктiк валюталық шот.
Жаңғыртылып отыратын шотты ашу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнде жүргiзiледi.
Жаңғыртылып отыратын шот заем туралы келiсiмде және iшкi несие келiсiмiнде айтылған шетел валютасында жүргiзiледi.";
2) 7-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"ереженің (жарғының) нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;".
3) 8-тармақта:
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Демеушілік және қайырымдылық көмек салушылардың жазбаша өтiнiшiн алу мүмкiн болмаған жағдайда, алушы мен демеушілік және қайырымдылық көмектi салушының арасындағы Шартты ұсынуға рұқсат етiледi.";
3) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң - республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне берген рұқсаты (5-1-қосымша);
Қазынашылықтың аумақтық органының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемеге берген рұқсаты (5-1-қосымша).".
4)мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3 тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Қолма-қол ақшаның ағымдағы транзиттiк шотын ашу ушiн Қазынашылықтың аумақтық органы екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға осы Нұсқаулықтың 7-тармағының 2)-5)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың тiзiмдемесiн және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi оның хатының негiзiнде Қазынашылықтың аумақтық органы берген қолма-қол ақшаның ағымдағы транзиттiк шотын ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсатын бередi (7-2-қосымша).
10-2. Жаңғыртылып отыратын шотты ашу үшiн мемлекеттiк мекеме екiншi деңгейдегi банкке осы Нұсқаулықтың 7-тармағының 2)-5)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың тiзбесiн және Заем туралы келiсiм және iшкi несие келiсiмдерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi берген жаңғыртылып отыратын шотты ашуға (әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) арналған рұқсат бередi (7-3-қосымша).
10-3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне инвестициялық жобалардың арнайы шоттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.03.2001 ж. N 149 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылатын мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебiнен қаржы инвестициялық жобалардың арнайы шоттары жөнiндегi нұсқаулықтың негiзiнде ашылады.
5) қосымшалардағы "Банктiк операциялар жөнiндегi бухгалтерлiк есеп және есептілік басқармасының бастығы" деген сөздер "Төлем операциялары басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Нұсқаулыққа 5-қосымша 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 6 және 7-қосымшалар 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5, 6-қосымшаларға сәйкес 7-2, 7-3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
1-қосымша
5-қосымша
____________________________ (ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi, Қазынашылықтың аумақтық органы
(жергiлiктi қаржы органы)
_____ж. "____"___________ N ___
______________________________
(екінші деңгейдегі банктің,
Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Депозиттiк шот ашуға
(әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) арналған
РҰҚСАТ
____________________________________________ бюджетте ұсталатын
(бюджеттiң атауы)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
___________________________________________________________________
________________________________________________ аударуға жататын
(бағыты)
___________________________________________________________________
(валютаның атауы (теңге немесе шет.валютаның түрi)
____________________________________________________есепке алу үшiн
(қаражат түсiмi түрiнiң атауы)
депозиттiк шот ашуға (депозиттiк шоттың әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етіледi.
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң Төрағасы
(Қазынашылықтың аумақтық органының, (жергiлiктi қаржы
органының) басшысы)________________________
(қолы)
Төлем операциялары басқармасының бастығы
(қаржы және жиынтық баланстар бөлiмiнiң бастығы
(бас бухгалтер) ________________________
(қолы)
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI
Шот ашылды N ___ _____ ж. "___" ___
Операциялық бөлiмнiң бастығы ___________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
2-қосымша
5-1-қосымша
____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi,
Қазынашылықтың аумақтық органы
(жергiлiктi қаржы органы)
____ ж. "____"___________ N ___
________________________________
(екінші деңгейдегі банктің,
Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Депозиттiк шот ашуға
(әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) арналған
РҰҚСАТ
_______________________________________________ бюджетте ұсталатын
(бюджеттiң атауы)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
___________________________________________________________________
_________________________________________________ аударуға жататын
(бағыты)
___________________________________________________________________
(валютаның атауы (теңге немесе шет.валютаның түрi)
___________________________________________________есепке алу үшiн
(қаражат түсiмi түрiнiң атауы)
депозиттiк шот ашуға (депозиттiк шоттың әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етіледi.
Рұқсат Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң (облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң)___ ж. "___" N ___ шешiмiнiң негiзiнде берiлдi және ___________________________________________дейiн
жарамды (мерзiмi көрсетiледi)
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң Төрағасы
(Қазынашылықтың аумақтық органының (жергiлiктi қаржы
органының) басшысы) ________________________
(қолы)
Төлем операциялары басқармасының бастығы
(қаржы және жиынтық баланстар бөлiмiнiң бастығы
(бас бухгалтер) ________________________
(қолы)
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI
Шот ашылды N ___ _____ ж. "___" ____
Операциялық бөлiмнiң бастығы ________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
3-қосымша
6-қосымша
____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi,
облыстық (Астана қ., Алматы қ.,
қалалық) қаржы органдары)
____ ж. "___"_________ N ___
________________________________
(екінші деңгейдегі банктің,
Қазынашылықтың облыстық басқармасының
атауы)
РҰҚСАТ
_______________________________________________ бюджетте ұсталатын
(бюджеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
____________________________________________________________________
______________________________________________________ қоса
(қаражаттың түсу көзі)
қаржыландырудың және мынадай ____________________ мақсатқа
(пайдалану бағыты)
жат жұмсаудың ағымдағы (арнайы) шотын ашуға (есептеу үшін бірлесіп қаржыландыру шотының әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі Көрсетілген қаражаттың түсуі және жұмсалуы
___________________________________________________________________
(Заем/грант туралы келісімнің немесе осындай қаражатты алу мүмкіндігін негіздейтін басқа нормативтік құқықтық кесімдердің нөмірі және күні)
Рұқсат________________________ дейін жарамды (мерзімі көрсетіледі)
М.О. ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң
(облыстық (қалалық (Астана қ., Алматы қ.)
қаржы органының басшысы) ________________________
(қолы)
Төлем операциялары басқармасының бастығы
(бас бухгалтер) ________________________
(қолы)
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI
___ ж. "___" _________ рұқсат алынды N _______ шот
Операциялық бөлiмнiң бастығы ________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
4-қосымша
7-қосымша
____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi,
облыстық (қалалық-Астана қ.,
Алматы қ., Қазынашылық басқармасы)
қаржы органдары)
____ ж. "___"_________ N ___
________________________________
Қазынашылықтың облыстық басқармасы
РҰҚСАТ
________________________________________________________________
(шетел валютасында шот ашуға немесе шетел валютасында шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға рұқсат етілетін мемлекеттік мекеменің атауы)
мынадай ________________________________________________________
___________________________________ мақсатқа арналған валюталық
(пайдалану бағыты)
________________________________________________________________
(түсетін қаражаттың көзі көрсетіледі)
___________ қаражатты есептеу және жұмсау үшін _________________
(шетел валютасының атауы)
шот ашуға (_________ шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат
(шетел валютасының атауы)
етіледі.
Көрсетілген қаражаттың түсуі және жұмсалуы _____________________
(Үкімет шешімдерінің немесе осындай
________________________________________________________________
қаражатты алу мүмкіндігін шарттайтын басқа нормативтік құқықтық кесімдердің нөмірі және күні)
Рұқсат ______________________________ дейін жарамды
(мерзімі көрсетіледі)
М.О. ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң басшысы
(Қазынашылықтың аумақтық органының, (облыстық,
қалалық-Астана қ., Алматы қ.) Қазынашылық басқармасының,
қаржы органының басшысы)) ________________________
(қолы)
Төлем операциялары басқармасының
бастығы ________________________
(қолы)
(Қаржылық және жиынтық баланстар бөлімінің бастығы,
бас бухгалтер)
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГIЛЕРI
____ ж. "___" _________ рұқсат алынды N __________ шот
Операциялық бөлiмнiң бастығы ___________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
5-қосымша
7-2-қосымша
_____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi)
____ ж. "___"_________ N ___
_________________________________
(екінші деңгейдегі банктің немесе банктік
операциялардың тиісті түрлеріне арналған
ҚР ХБ-нің лицензиясы бар ұйымның атауы)
N 889 "Бірыңғай қазынашылық шот" баланстық шотын ашуға (әрекет ету
мерзімін ұзартуға)
РҰҚСАТ
______________________________________________ бюджетте ұсталатын
(бюджеттің атауы)
__________________________________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің атауы)
___________________________________________________ 889-баланстық
(қаражаттың түсу көзi)
шотында теңгеде ағымдағы транзиттiк шот ашуға (шоттың әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етіледi.
__________________________________________________________________
(Заем/грант туралы келiсiмнiң немесе осындай қаражатты алу мүмкіндігін шарттайтын басқа нормативтiк құқықтық кесiмдердiң нөмiрi және күнi)
Рұқсат 200__ ж. "___"________ ____________________________________
(құжаттың атауы)
________________________________ дейiн жарамды.
(мерзімі көрсетіледi)
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң төрағасы ______________
(қолы)
Төлем операциялары басқармасының бастығы ____________
(қолы)
ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТIҢ БЕЛГIЛЕРI
___ ж."___" ___________ рұқсат алынды
N ____________________ шот ашылды
Операциялық басқарманың бастығы ___________________ (қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
14 тамыз 2001 ж.
N 377 бұйрығына
6-қосымша
7-3-қосымша
_____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi,)
______________________________________
(екінші деңгейдегі банктің атауы)
Инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шотын
ашуға әрекет ету мерзімін ұзартуға) арналған
РҰҚСАТ
______________________________________________ бюджетте ұсталатын
(бюджеттің атауы)
_________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
_________________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның атауы)
қайта несиелендiруге жататын ____________________________________
(түскен қаражат түрiнiң атауы)
қайтарымды қаражатты шоғырландыру үшiн
_________________________________________________________________
(валютаның атауы (теңге немесе шет.валют. түрi)
инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шотын ашуға (инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шотының әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етiледi. Көрсетiлген қаражатты шоғырландыру және қайта несиелендiру
_________________________________________________________________
(осы қаражатты алу мүмкiндiгін шарттайтын Заем туралы келісімнің немесе басқа да құқықтық кесiмдердiң нөмiрi және күнi)
Рұқсат_____________________________________________ дейін әрекет
(мерзiмi көрсетiледi)
етедi.
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң төрағасы _______________
(қолы)
М.О. Түсiмдердi есепке алу және бөлу
басқармасының бастығы ________________________________
(қолы)
ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТIҢ БЕЛГIЛЕРI
Рұқсат 200__ ж. "___ __________ алынды
Шот ашылды N _______
Операциялық басқарманың бастығы_________________________
(қолы)