Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2014 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ішкі істер органдарының көші-қон қызметі жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға рұқсаттар беру рәсімі туралы қоса берілген нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары, шетелге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсаттар беру рәсіміне қатысы бар жеке құрам, осы нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын міндетті түрде орындалуын қамсыздандырсын.
3. Берілген Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Көші-қон полиция басқармасына (У.К. Мусаевқа) жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2000 жылғы 14 маусымдағы N 335 "Ішкі істер органдарының шетелге шығатын рұқсат жазбаны ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
5. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-майор
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 655 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерге шығуға рұқсаттар беру рәсімі туралы
НҰСҚАУ
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Мемлекеттік құпиялар жөніндегі" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртібі туралы" (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысына сәйкес әзірленді және елімізден тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін рұқсаттар беру рәсімін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасынан тысқара жерлерге, уақытша қызмет бабымен, жеке жұмыстарымен, туристер ретінде, жұмысқа, оқуға, емделуге немесе демалуға шығу кезінде ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша шығатын 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналарының (қорғаншысының, қамқоршысының) паспорттарына жазылуы мүмкін. Жазба латын әріпі үлгісімен жасалады. Бұл ретте, паспортқа үш жастан асқан балалардың фотосуреттері жапсырылады.
Фотосуреттерін жапсыру және балалар туралы деректерді жазу паспорттың 2-бетінде жүргізіледі, ал ол парақ бос болмаған жағдайда келесі бос парақтарын пайдалануға болады. Фотосуреттер мен балалар туралы деректер бұрыштама мөрмен расталады.
Ата-анасыз (қорғаншыларынсыз, қамқоршыларынсыз) жолға шыққан, еріп жүретін адамдары бар балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты беріледі.
3. Қазақстан Республикасының азаматына, егер де ол:
1) мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді білетін болса, бұл мән-жайлардың қолданысы тоқтатылғанға дейін;
2) қылмыс жасауда сезікті ретінде ұсталса немесе айыпталушы ретінде тартылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
3) қылмыс жасағаны үшін сотталса - жазасын өтегенге немесе жаза өтеуден босатылғанға дейін;
4) сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтарса - міндеттемелерін орындағанға дейін немесе тараптар келісімге келгенге дейін;
5) мерзімді әскери қызметін өткеріп жатса - бұл қызметті өткеру аяқталғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан босатылғанға дейін;
6) Қазақстан Республикасынан шығу үшін құжаттар ресімдеу кезінде өзі туралы жалған мәліметтер берген болса - мұндай құжаттарды ресімдейтін орган бір айдан аспайтын мерзімде бұл мәселені шешкенге дейін;
7) азаматтық сот өндірісінде жауап беруші болып табылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтінішті 18 жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар 16 жастан бере алады. Балалардың және сот әрекет қабілеті жоқ деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді. Бұл ретте, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың шығуы тек қана олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар шыққан кезде, баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, міндетті түрде оның пікірі ескерілуі тиіс.
5. Өтініштер өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) ішкі істер органдарының немесе Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің көші-қон полициясы бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ішкіісминіне беріледі.
Өтініш шығатын адам (оның ішінде олармен бірге шығатын кәмелетке толмаған балаларға) жеке куәлігін және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын көрсеткен жағдайда қабылданады.
Егер де өтініш берушіде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған жағдайда, оған бір мезгілде паспорт алуға өтініш ресімдеу ұсынылады.
6. Шетелге шығуға рұқсат алу туралы өтініш-сауалнама (1-қосымша) Тәртібінің 8-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін қарауға қабылданады. Бұл ретте, ішкі істер органдарының қызметкері құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді және оларды қабылдау датасын қояды.
Делдал заңды және жеке тұлғалардан құжаттар қабылдауға тыйым салынады. Азаматтардан басқа да құжаттар талап етуге жол берілмейді.
7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу рұқсатын беру туралы шешім барлық құжаттар берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік баж салығы төленгеннен кейін қабылданады.
8. Рұқсат қағаз визалар үшін көзделген паспорт парақтарында қай уақытқа дейін шығуға болатын датасы мен шығатын ел көрсетіле отырып, белгіленген үлгідегі мастикалық мөртаңба түрінде ресімделеді (2 қосымша) және бұрыштама мөрмен және Көші-қон полициясы басқармасы (бөлімі) бастығының немесе оның орынбасарының қолымен бекітіледі.
9. 16 жасқа дейінгі балалар тұрақты тұруға ата-аналарымен (қамқоршыларымен, қорғаншыларымен) бірге еріп шыққан кезде еріп жүруші адамның паспортына бірге баратын балалар туралы жазба жасалады, мысалы: "өзімен бірге екі бала барады - N _______ және N _____ паспорттар бойынша, ол тиісті түрде лауазымды адамның қолымен және бұрыштама мөрмен расталады.
10. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрғылықты тұру үшін шығуға уақытша бас тартылған адамдардың шығуын болдырмау мақсатында 14 жастан асқан өтініш берушілерді тексеру жүзеге асырылады, ол:
1) қалалық, аудандық ішкі істер органдарының есептері бойынша;
2) Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ Көші-қон басқармаларының (бөлімдерінің) есептері бойынша;
3) іздеудегі, тергеудегі немесе ісі сотта қаралып жатқан адамдардың мемлекеттік есебін жүргізетін аумақтық органдар бойынша жүргізіледі.
Тексеру өтініш-сауалнамаларды немесе талапхаттарды жіберу арқылы жүзеге асырылады.
11. Шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат қағаз беру өтініш-сауалнамаларды жіберу арқылы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілуі тиіс, ол өтініш-сауалнамалар ұлттық қауіпсіздік органдарының шығу мүмкіндігі туралы пікірі қоса беріле отырып, ішкі істер органына қайтарылады.
12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Көші-қон полициясы басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары немесе олардың орынбасарлары рұқсат қағазды ресімдеу немесе өтініш иесінің өтінішін орындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер ұлттық қауіпсіздік органының жауабы белгіленген мерзімде келіп түспесе, шешім оны ескерусіз қабылданады.
13. Шығуға рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ жауапты белгіленген мерзімінен кешіктіру жөнінде жоғары тұрған органға, прокуратураға немесе сотқа шағымдануға болады.
14. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатындар шығуға рұқсат қағаз ресімделген паспортты алу кезінде Көші-қон полициясы басқармасына (бөліміне) жеке куәлігін тапсырады. Бұл ретте, оларға тұрғылықты жеріндегі тіркеуден шығарылғандығы туралы белгісі бар кету парағы ресімделеді.
15. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын азаматтарға олар шетелдегі тұрақты тұратын жеріне келгеннен кейін сол елдегі таяу жерде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде консулдық есепке тұруға міндетті екендігі түсіндіріледі.
16. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша жұмыстарымен шығып, сол жерде тұрақты тұруға қалу ниетін білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына тиісті рұқсат беруді Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасында соңғы тұрған жеріндегі аумақтық ішкі істер органдарының келісімі бойынша жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген сұрау салу келіп түскеннен кейін, Көші-қон полициясы басқармалары (бөлімдері) шетелге шыққан адамдармен бірге тұратын жақын туысқандарынан және олар жұмыс істеген кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшіліктерінен азаматтарды шетелде тұрақты тұруға қалдыруға қатысты олардың пікірі туралы жазбаша өтініштер алады, сондай-ақ мәселе бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
Қарау қорытындысы бойынша, Ішкі істер басқармасы сұрау салу бастамашысына өтініш білдірушіге шетелде тұрақты тұруға қалдыруға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту жөнінде хабарлайды.
17. Ішкі істер органдарында шетелде тұрақты тұруға қалдыру туралы материалдарды қарау мерзімі шетелге шығуды ресімдеу үшін белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
18. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу мәселелері бойынша іс жүргізу, қызметтік хат-хабар алмасу, өтініш-сауалнамалар және басқа да құжаттар толтыру мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жүргізіледі.
19. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға шығуы немесе қалуы жөніндегі материалдар шығу ісіне ресімделеді, олар шығу істерін есепке алу кітабы бойынша тіркелуі тиіс (3 қосымша). Оларда өтініш берушілердің өтініштеріне қатысты барлық құжаттар мен материалдар болуы керек. Қайталама өтініштер бойынша материалдар, сондай-ақ бір отбасы мүшелеріне арналған материалдар бір шығу ісінде жинақталады.
20. Шетелге тұрақты тұруға шығу туралы өтініштер бойынша істер оң шешім қабылданған күннен бастап 10 жыл ішінде немесе соңғы өтініш бойынша теріс шешім қабылданған күннен бастап 5 жыл ішінде Көші-қон полициясы басқармасында (бөлімінде) сақталуы тиіс.
21. Сақтау мерзімдері өткеннен кейін материалдар мен құжаттар белгіленген тәртіппен акт бойынша жойылады.
1 қосымша
Ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерге шығуға рұқсаттар
беру рәсімі туралы Нұсқаулыққа
САУАЛНАМА-АРЫЗ
___________________________________________________ _________ тегі, аты, әкесінің аты ! ! ___________________________________________________ ! ! егер басқа тегі, аты, әкесінің аты болса оларды !Фотосурет! ___________________________________________________ ! ! көрсету керек күні, айы, жылы және ! ! ___________________________________________________ ! ! туған жері, тұрғылықты жері ! ! үй ________________, қызмет ___________ телефондары !_________! Маған ________ тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын Мемлекет Соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі (әскери қызметін қоса алғанда) ___________________________________________________________________________ түскен және босаған ! кәсіпорын, мекеменің !Кәсіпорын мекен-жайы жылы ! атауы мен лауазымы ! _____________________!__________________________!__________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Паспорт N ________ 200 ____ жылғы "____" ________ берілген Жеке бас куәлігі N ___ 200 ___ жылғы "___" _______ берілген Сонымен бірге менің 18 жасқа дейінгі балаларыма да рұқсат беруіңізді сұраймын ___________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты ! Туған күні, айы ! Паспорт N ! жылы ! _________________________!________________________!________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Сауалнамаға біле тұра жалған деректер бергені үшін жауап беретіні туралы ескертілді. 200 ж. ___________ ______________________________ арызданушының қолы сауалнама 200 ___ ж.________ ______________________________ қабылданып алынды сауалнаманы қабылдап алған адамның лауазымы, тегі мен қолы
2 қосымша
Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға рұқсаттар беру рәсімі туралы Нұсқаулыққа
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРГЕ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ
ТҰРУҒА ШЫҒУ МӨРТАҢБАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ _____________________________ ! Тұрғылықты тұру орынға шығу ! ! _____________________ дейін ! ! _____________________ еліне ! ! ! ! М.О. Қолы _______________ ! !_____________________________! Мөртаңбаның көлемі 70 мм х 30 мм.
3 қосымша
Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға рұқсаттар беру рәсімі туралы Нұсқаулыққа
ШЫҒУ ІСТЕРІНІҢ ЕСЕП КІТАБІ
___________________________________________________________________________ N !Тегі, аты, !күні, айы !Паспорт !Шығу !Ұлттық !Ішкі істер !Ескер. !әкесінің аты !және !және жеке !елі !Қауіпсіз. !Органдары. !ту ! !туған !куәлігінің ! !дік орган.!ның рұқсат ! ! !жылы ! N ! !дарының !Берген ! ! ! ! ! !шешімінің !күні, айы, ! ! ! ! ! !күні, айы,!жылы мен ! ! ! ! ! !жылы мен !ісінің N ! ! ! ! ! ! N ! ! __!_____________!__________!___________!_____!__________!___________!______ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________