Ескерту. Тақырыбында және 1-тармақта «селосы», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылдық» деген сөздерімен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.05.2015 № А-5/221 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 22.05.2015 № 5С-37-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Z934200_ Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандық мәслихаттарының, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары, әкімдерінің бірлескен шешімдерінің негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының келісімі бойынша облыстық мәслихат және облыс әкімі шешім етті:
1. Аршалы ауданының Заря ауылы - Ақжар ауылы;
Еңбекшілдер ауданының Донское ауылы - Андықожа батыр ауылы;
Еңбекшілдер ауданының Жаңаауыл ауылы - Аңғал батыр ауылы;
Целиноград ауданының Рождественка ауылы - Қабанбай батыр ауылы;
Целиноград ауданының Рождественский ауылдық округі - Қабанбай батыр ауылдық округі деп өзгертілсін.
2. Облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу және тіркеу құжаттарына тиісті өзгерістер енгізілсін.
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Сессия төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы