Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.
Облыстың медициналық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарының товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды реттеу қажеттiгiне байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi "Облыстың мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарымен товарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыру туралы" N 233 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған шешiмнiң 1-қосымшасындағы:
8-тармақ алынып тасталсын;
аталған шешiмнiң 2-қосымшасының:
4-бөлiмiнiң тақырыбындағы "медициналық қызметтер" сөздерi "денсаулық сақтау" сөздерiмен ауыстырылсын.
Облыс әкімі