1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының Z934200_ 2, 3 баптары негізінде үнемі тұрғындардың аз санына, сондай-ақ ауылдардан барлық тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс ауданының мына елді мекендері есеп мәліметтерден алып тасталсын :
- Селеті селолық округінің аумағындағы Бұланбай селосы;
- Қызылқақ селолық округінің аумағындағы Жетіпшен селосы;
- Панфилов селолық округінің аумағындағы 143 мекен;
- Абай селолық округіндегі Степное селосы;
- Солтүстік селолық округінің аумағындағы Жарбұлақ селосы;
- Қызылжар селолық округінің аумағындағы Целинное селосы.
2. Тиісті селолық округтердің шекарасын өзгертіп, әкімшілік немесе аумақтық байланысы бар елді мекендердің құрамына мына мекендер енгізілсін:
- Селеті селолық округінің құрамында болған Бұланбай елді мекені Селеті селолық округіндегі Сладководск селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Қызылқақ селолық округінің құрамында болған Жетіпшен елді мекені Қызылқақ селолық округіндегі Қызылқақ селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Панфилов селолық округінің құрамында болған 143 мекен Панфилов
селолық округіндегі Панфилов селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын; - Абай селолық округінің құрамында болған Степное елді мекені Абай селолық округіндегі Голубовка селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын; - Солтүстік селолық округінің құрамында болған Жарбұлақ елді мекені Солтүстік селолық округіндегі Северное селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын; - Қызылжар селолық округінің құрамында болған Целинное елді мекені Қызылжар селолық округіндегі Қызылжар селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын. 3. Дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс ауданындағы: - Қосағаш селолық округіндегі Роте-Фане, Тихоновка елді мекендері; - Ағашорын селолық округіндегі N 1 бөлімше; - Ұзынсу селолық округіндегі Алғабас, Молодежное, Соколиновка елді мекендері есеп мәліметтерден жойылсын. II сайланған облыстық Облыс әкімі Мәслихаттың міндетін атқарушы ХІІІ сессиясының төрағасы Облыстық Мәслихаттың хатшысы оқығандар: А.Татарков В.Подолян