шешім қабылдады:
1. Алматы қаласының Әкiмiне Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Алматы қаласын сумен жабдықтау және сумен бөлу жүйелерiн жарақтандыру және қайта жаңарту" жобасын жүзеге асыру мақсатында 27440000 ЕВРО-дан (жиырма жетi миллион төрт жүз қырық мың ЕВРО) аспайтын мөлшерде қаражатты заемға алуды жүзеге асыруға рұқсат етiлсiн.
2. Алматы қаласының 2001 жылға арналған бюджетiнде Алматы қаласын сумен жабдықтау және сумен бөлу жүйелерiн қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 1221600000 (бiр миллиард екi жүз жиырма бiр миллион алты жүз мың) теңге сомасында республикалық бюджеттен несие қаржысын алу жайы қарастырылсын.
3. Алматы қаласының 2000-2016 жылдарға арналған бюджетiнде заимдарды
қайтару және олар бойынша қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi өтеу кестесiне сәйкес (қосымшаға сәйкес) "Алматы суы" жабық акционерлiк қоғамына түскен ақша қаражаттарының есебiнен қаражат жайы қарастырылсын. 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласының орынбасарлары Қ.Е. Жаңбыршин мен М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсiн. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты IХ-сессиясының төрағасы II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2001 жылғы 4 сәуiрдегi IХ-сессиясының шешiмiне қосымша Алматы қаласының сумен жабдықтау және су өткiзу жүйесiн жаңалау және қалпына келтiру жобасы бойынша француз заимын өтеу КЕСТЕСI (ЕВРО мен) --------------------------------------------------------------------------- Мерзiмi !Негiзгi қарызды өтеу!Пайызды өтеу!Төленетiн жалпы ! ! ! сома --------------------------------------------------------------------------- 2001 2002 177000 177000 2003 449000 449000 2004 563000 563000 2005 563000 563000 2006 563000 563000 2007 2744000 563000 3307000 2008 2744000 505000 3249000 2009 2744000 447000 3191000 2010 2744000 389000 3133000 2011 2744000 332000 3076000 2012 2744000 274000 3018000 2013 2744000 216000 2960000 2014 2744000 158000 2902000 2015 2744000 100000 2844000 2016 2744000 42000 2786000 --------------------------------------------------------------------------- Жиыны 27440000 5341000 32781000 --------------------------------------------------------------------------- II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты IХ-шi сессиясының төрағасы II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы