Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 27 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Z939000_ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi N 688 U010688_ "Әскери қызметiнiң белгiленген мерзiмiн өткерген әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ шығарды:
1. 2001 жылғы қазан-желтоқсанында шақыру күнiне дейiн жасы 18-ге толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарын, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айрылған азаматтарын Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Екiншi қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне:
1) аудандар мен қалалардың жергiлiктi өкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз еткiзiлсiн;
2) дербес құрамы және шақыру өткiзудiң кестесi бекiтiле отырып, шақыру комиссиялар құрылсын;
3) әскери комиссариаттардың шақыру комиссияларының жұмысы үшiн үй-жаймен қамтамасыз етiлсiн;
4) шақыру комиссиясынан өту және әскери қызметтi өткеруге жөнелту үшiн азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуi қамтамасыз етiлсiн;
5) қажеттi санда техникалық қызметкерлер мен көлiк бөлiнсiн;
6) көрсетiлген iс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетiлген iс-шараларға бөлiнген ассигнация аясында жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары есебiнен iске асырылсын.
4. Денсаулық сақтау департаментiне:
1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пункттерiндегi медициналық комиссиялардың жұмысы қамтамасыз етiлсiн;
2) шақырылушыларды медициналық куәлендiру жөнiндегi комиссиялар дәрiгер мамандармен, әсiресе тар шеңберде маманданған дәрiгерлермен толықтырылсын;
3) шақыру комиссиялармен медициналық зерттеуге жiберiлген азаматтар үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындар көзделсiн.
5. Облыстық iшкi iстер басқармасына:
1) шақыру комиссияларының құрамына Петропавл қаласы мен аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң басшылық құрамының қатарынан лауазымдық тұлғалары енгiзiлсiн;
2) азаматтарды шақыру кезеңiнде әскери комиссариатпен бiрлескен iс-қимылдар ұйымдастырылсын, шақыру пункттерiнде тәртiп пен тәртiптiлiк қамтамасыз етiлсiн;
3) 10 қазаннан шақырылу кезеңінiң соңына дейiн облыстық жинау пункттерiнде тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн полиция наряды бөлiнсiн;
4) әскери комиссариаттармен келiсiм бойынша темiржол стансаларында жас толықтырушыларды жинау және әскерге аттандыру орындарына күшейтiлген нарядтар бөлу қамтамасыз етiлсiн;
5) шақыру пункттерiне азаматтардың келулерiне бақылау жүргiзiлсiн, шақырудан бас тартуға жол берiлмесiн.
6. Петропавл қаласының әкiмiне облыстық жинау пункттерiнде азық-түлiктiк және өнеркәсiптiк тауарларды сату ұйымдастырылсын.
7. Мәдениет департаментiне шақыру пункттерiнде көркемөнерпаздар
ұжымдарының өнері көрсетiлсiн және әскери-патриоттық тақырыптарға арналған
кинофильмдер көрсету ұйымдастырылсын.
8. Туризм және спорт басқармасына облыстық жинау пункттерiнде
спорттық-бұқаралық iс-шаралары шақырылушылардың дене шынықтыру
дайындықтарын тексеру ұйымдастырылсын.
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
А.Ф.Вербнякке жүктелсiн.
Облыс әкiмi Облыстық мәслихаттың
ХIII сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат пен
облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 12 қазандағы
N 13/11-72 бiрлескен
шешiмiне қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Вербняк Александр Федорович - комиссия төрағасы, әкiмнiң орынбасары
Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы - комиссия төрағасының орынбасары,
облыстық әскери комиссар
Комиссия мүшелерi:
Әкімханов Халел Қайроллаұлы - облыс әкiмiнiң аппарат басшысы
Кривошеева Зоя Ивановна - облыстық аурухананың медбибiсi,
комиссия хатшысы
Мағзұмов Азамат Белгiбайұлы - облыстық денсаулық сақтау департаментi
бастығының орынбасары
Рудный Петр Васильевич - облыстық әскери комиссариаттың
дәрiгер-терапевтi, медициналық
комиссияның төрағасы
Сұлтанов Талғат Дүйсенбайұлы - облыстық IIБ-сы бастығының орынбасары
(Маман: Ысқақова Д.Қ.)