Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң (Салық Кодексi) 153-бабын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Төлем көзiнен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу Есебiн құрастыру Ережесi бекiтiлсiн.
2. Әдiстеме департаментi (Үсенова Н.Д.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу өтуге жiберсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
Бекiтілдi
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
N 125 бұйрығымен
Төлем көзiнен салық салынатын
қызметкерлердiң табысы бойынша жеке табыс
салығын есептеу Есебiн құрастыру Ережесi
1. Осы Ереже Салық Кодексiнiң 153-бабына сәйкес әзiрленiп, төлем көзiнен салық салынатын қызметкерлердiң табысы бойынша жеке табыс салығын бiркелкi есептеу тәртiбiн және төлем көзiнен салық салынатын қызметкерлердiң табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу, енгiзiлген формаға сәйкес Есебiн айқындайды.
2. Есепте салықтөлеушiмен мынадай мәліметтер көрсетiледi:
1) 1 бағанда салық кезеңiнiң тиiстi айлары;
2) 2 бағанда салық кезеңiнiң тиiстi айы үшiн есептелген табыстардың сомасы;
3) 3 бағанда салық кезеңiнiң басынан бастап үдемелi жиынмен есептелген табыстардың сомасы;
4) 4 бағанда Салық Кодексiнiң 144-бабына сәйкес салық кезеңiнiң тиiстi айы үшiн салық салуға тиiс емес табыстардың сомасы;
5) 5 бағанда салық кезеңiнiң басынан бастап үдемелi жиынмен салық салуға тиiс емес есептелген табыстардың сомасы;
6) 6 бағанда Салық Кодексiнiң 152 бабының 1 тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық кезеңiнiң тиiстi айы үшiн салық шегерiмiнiң сомасы;
7) 7 бағанда Салық кезеңiнiң басынан бастап үдемелi жиынмен салық шегерiмiнiң сомасы;
8) 8 бағанда салық кезеңiнiң тиiстi айы үшiн зейнетақы заңдарына сәйкес белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
9) 9 бағанда салық кезеңiнiң басынан бастап үдемелi жиынмен мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
10) 10 бағанда салық кезеңi басынан бастап 3, 5, 7 және 9-бағандардың арасындағы айырма ретiнде айқындалатын салық салынатын табыстардың сомасы;
11) 11 бағанда салық кезеңiнiң айлардың жалпы санының салық салынатын табысы айқындалатын айлардың санына қатынасты ретте айқындалатын қайта есептеу коэффициентi;
12) 12 бағанда салық кезеңінің басынан бастап салық салынатын табысының сомасы (10 баған) мен қайта есептеу коэффициентiне (11 баған) көбейту жолымен айқындалатын салық салынатын табыс сомасы;
13) 13 бағанда салық салынатын табыстың есептi сомасына Салық Кодексiнiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;
14) 14 бағанда салық кезеңi үшiн есептелген 13 бағанының 11 бағанға қатысы ретiнде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;
15) 15 бағанда салық кезеңiнiң өткен айлары үшiн есептелген жеке табыс салығының сомасы;
16) 16 бағанда салық кезеңiнiң тиiстi айы үшiн ұстап қалуға тиiстi, 14 және 15 бағандардың қатысы айырма ретiнде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы.
Төлем көзінен салық
салынатын қызметкерлердің
табысы бойынша жеке табыс
салығын есептеу Есебін
Ережеге қосымша
Төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша
жеке табыс салығын есептеу
__________________________________________________________________________
Салық !Табыс есептелген! Салық салуға тиіс! Салық шегерімдері!Міндетті зей.
кезең.! ! емес табыстар ! !нетақы жарна.
інің ! ! ! !ларының
айлары! ! ! !сомасы
!________________!__________________!__________________!_____________
!Салық ! Салық ! Салық ! Салық ! Салық ! Салық !Салық !Салық
!кезеңі!кезеңінің! кезеңі !кезеңінің! кезеңі !кезеңі. !кезеңі!кезең.
! үшін !басынан ! үшін !басынан ! үшін !нің ! үшін !інің
! !бастап ! !бастап ! !басынан ! !басы.
! ! ! ! ! !бастап ! !нан
! ! ! ! ! ! ! !бастап
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Барлығы:
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
Салық !Қайта ! Салық ! Салық ! Жеке табыс салығының сомасы
кезеңінен !есепте !салынатын !салынатын!________________________________
бастап !коэффи.!табыстар. !табыстар.! салық ! салық ! ұстап қалуға
салық салы. !циенті !дың есепті!дың есеп.!кезеңі !кезеңі.! тиісті
натын табыс.! !сомасы !ті салық ! үшін !нің өт.!(14 бағ.-
тардың сома.! !(10*бағ. !сомасы !(13 бағ.:!кен ай.! 15 бағ.)
сы ! !11 бағ.) ! !11 бағ.) !лары !
! ! ! ! !үшін !
___________________________________________________________________________
10 11 12 13 14 15 16
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________