Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.26 № 146 бұйрығымен.
"Келісілген" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-Министрі 30 сәуір 2002 жыл
"Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын іске асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы П.Н. Посмаковқа,
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы"
Мемлекеттік мекемесінің директоры С.Ж. Абдоллаевқа жүктелсін.
3. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарда
қолданылады.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2002 жылғы 1 сәуір
N 177 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
мекемелерінің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шартын реттейді.
2. Осы Ережеге сәйкес мамандығы бойынша жұмыс стажын есепке алу күнтізбелік есебімен алынады.
3. Күнтізбелік ай мерзімінде стажы ескеріліп лауазымдық ақысын жоғарылату құқығына ие болған қызметкерлерге лауазымдық ақыны есептеу осындай құқыққа ие болған күннен бастап іске асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс стажы құрамын мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссиямен белгіленеді.
5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің үзінділері екі данада жасалады және: бір данасы кадр қызметіне, бір данасы бухгалтерияға тапсырылады.
6. Жұмыс стажын анықтау үшін қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы (ол бар болса) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі, қызмет тізімі болып табылады.
2. Мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
7. Мамандығы бойынша жұмыс стажына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелеріндегі барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ мына:
1) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы Күштерде, Ішкі шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы басқару органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген уақыттар;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының ішкі істер органдары жүйесінің басшы құрамында қызмет еткен адамдардың қызметті өткеруі, прокуратура органдары қызметтерінде, судья жұмысында және соттар аппаратындағы жауапты қызметтерде, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, Қаржы (салық) полициясының басшы құрамында, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерінде қызмет еткен адамдар;
3) Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының соттары, прокуратура, ішкі істер органдарында, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік органдарында және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде, КСРО Мемлекеттік банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінде көп жылдық сіңірген еңбек жылдары үшін үстемақы алу құқығын беретін лауазымдағы жұмыстар;
4) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болу;
5) жүктілік және туу жөніндегі демалыс, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес берілетін баланы күту жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
6) егер шет елге жіберілгенге дейін жұмыскер мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істесе, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ұйымдардың жолдауы бойынша шет елдегі жұмыстар және шет елден қайтып келген күннен бастап екі айдың ішінде келу уақытын есептемей, мемлекеттік ұйымға жұмысқа түсіп кетсе;
7) мамандығы бойынша меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелердегі және басқа ұйымдардағы жұмыстар;
8) басшы лауазымдарындағы, мамандығы бойынша лауазымдардағы, мемлекеттік ұйымдарда бірдей мамандықтардағы соңғы жұмыс орны;
9) кадрларды жұмыстан үзе отырып дайындау, қайта дайындау және
біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік мекемелердің жолдауы бойынша
оқыту, сондай-ақ егер жұмыскер курстар мен оқуға жіберілгенге дейін
мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істесе және оны аяқтаған соң бұрыңғы жұмыс
орнына қайтып келсе, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жолдамасы
бойынша шет елдегі оқу;
10) бірдей мамандықтар бойынша педагогикалық, ғылыми-педагогикалық
және ғылыми жұмыстар;
11) заңсыз жұмыстан шығару кезіндегі амалсыз жұмыстан қалу;
12) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мәслихат
депутатының уәкілеттіктерін жүзеге асыру уақыты кіреді.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Жұманазарова А.Б.