Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.
----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Нормативтік
құқ
ы
қ
ты
қ
актілер туралы"
Қ
аза
қ
стан Республикасы Заңыны
ң
27-бабыны
ң
1-1 тарма
ғ
ына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қ
осымша
ғ
а с
ә
йкес
Қ
аза
қ
стан Республикасы Білім ж
ә
не
ғ
ылым министрлігіні
ң
кейбір б
ұ
йры
қ
тарыны
ң
к
ү
ші жойылды деп танылсын.
2. За
ң
департаменті (Р.
Ә
лім
құ
лов) осы б
ұ
йры
қ
ты
ң
к
ө
шірмесін
Қазақ
стан Республикасы
Ә
ділет министрлігіне жіберсін.
3.
Осы б
ұ
йры
қ
қ
ол
қ
ойыл
ғ
ан к
ү
нінен бастап к
ү
шіне енеді.
Министр Ж. Т ү ймебаев
Қ
аза
қ
стан Республикасы
Білім және
ғ
ылым министіріні
ң
2008 жыл
ғ
ы 21 мамырдағы
N 297 б
ұ
йры
ғ
ына
қ
осымша
Қ
аза
қ
стан Республикасы Білім және
ғ
ылым министрлігіні
ң
к
ү
ші жойыл
ғ
ан кейбір б
ұ
йры
қ
тарыны
ң
тізбесі
1. ...
2. "
Қ
аза
қ
стан Республикасы Президентіні
ң
жанында
ғ
ы Мемлекеттік
қ
ызмет академиясы
қ
ызметкерлеріні
ң
маманды
ғ
ы бойынша ж
ұ
мыс стажын есептеуді
ң
ережесін бекіту туралы"
Қ
аза
қ
стан Республикасы Білім және
ғ
ылым министріні
ң
2002 жыл
ғ
ы 22 с
ә
уірдегі N 325 б
ұ
йры
ғ
ы (
Қ
аза
қ
стан Республикасыны
ң
Нормативтік
құқ
ы
қ
ты
қ
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1850 тіркелген).
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
8. ...
9. ...
Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 760 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).
"Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысын
іске асыру мақсатында
бұйырамын
:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 760
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
).
2. Құқықтық қамтамасыз ету, бақылау және аудит басқармасы (М.М.Күзембаев) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік Білім және ғылым
қорғау министрлігімен министрлігінің
2002 жылғы 2 сәуірде 2002 жылғы 22 сәуірдегі
N 325 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігімен
Келісілген ________
2002 жылғы _______
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінің
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің
ережесі
Ескерту: Ереженің атауы мен мәтінінде "мемлекеттік қызмет" деген сөздер "мемлекеттік басқару" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 760 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік басқару академиясы) ғылыми-педагогтік және ғылыми қызметкерлерінің, сонымен бірге Әдістемелік, ғылыми, техникалық қызмет көрсетуді іске асырушы және мемлекеттік басқару академиясының қызметін қамтамасыз етуші қызметкерлердің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шартын реттейді.
2. Осы Ережеге сәйкес анықталатын мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеу бойынша есепке алынады.
3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық жалақы осындай құқық пайда болған күннен бастап еңбек стажы ескеріле отырып есептеледі.
4. Мамандығы бойынша жұмыс стажын және мамандықтардың сәйкестігін мемлекеттік басқару академиясының еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссиясы айқындайды, оның құрамын ректор бекітеді. Комиссия өз отырысын қажеттілік туған жағдайда өткізеді.
5. Комиссияның мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің көшірмесі екі данада жасалады, бір нұсқасы - бақылау және қызметшілер құрамын басқару қызметіне, екіншісі бухгалтерияға беріледі.
6. Еңбек кітапшасы (ол болған ретте) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар болып табылады.
2. Ғылыми-педагогтік және ғылыми қызметкерлердің
стажын есептеу
7. Мамандығы бойынша жұмыс стажына қызметі өткен қызмет саласына қарамастан мамандығына ұқсас лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді, сондай-ақ:
1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыт;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы Күштерде, Ішкі шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшінің тұтқында болған уақыты;
3) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы күту жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
4) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асырған уақыты;
5) жұмыстан заңсыз босатылып, кейіннен жұмысқа қайта орналастырылғанда еріксіз жұмыста болмаған уақыты, егер жұмысы мамандығына сәйкес келсе;
6) мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өндірістен қол үзіп оқыған уақыты, егер ол мамандығына сәйкес келсе;
7) аспирантурада және докторантурада оқыған уақыты;
8) шетелдерде ғылыми ұйымдарда және білім ұйымдарында ғылыми-педагогтік жұмыс атқарған уақыты;
9) ректор (директор), бірінші проректор (директор орынбасары, вице-ректор), оқу жұмыстары жөніндегі проректор (директор орынбасары, вице-ректор), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (директор орынбасары, вице-ректор), сырттай және кешкі оқыту жөніндегі проректор (директор орынбасары, вице-ректор), халықаралық байланыстар жөніндегі проректор (директор орынбасары, вице-ректор), тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор (директор орынбасары, вице-ректор), ғалым-хатшы, факультет деканы, институттың, филиалдың, орталықтың директоры, институт, филиал, орталық директорының орынбасары, бағдарламаның, курстың жетекшісі, кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер, стажер-зерттеуші, ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар лектор-әдіскер лауазымдарында ғылыми-педагогтік және басқарушы жұмыстар атқарған уақыты;
10) Қазақ КСР Ғылым академиясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында, мамандандырылған, қоғамдық академияларда (әрі қарай - Академия) және басқа да ғылыми ұйымдарда, егер олардың ғылыми қызметі негізгі болып табылса, президент, вице-президент, Академия төралқасының бас ғалым-хатшысы, Академия төралқасының төрағасы, Академия төралқасы төрағасының орынбасары, Академия төралқасының мүшесі, Академияның ғылыми бөлімшесінің академик-хатшысы, ғылыми бөлімшенің немесе Академия төралқасының ғалым-хатшысы, Академия төралқасы бас ғалым хатшысының орынбасары, филиал жетекшісі, орынбасары, институт директоры, орынбасары, ғалым хатшы, ғылыми құрылымның жетекшісі, бас ғылыми маман, жетекші ғылыми маман, аға ғылыми маман, ғылыми маман, кіші ғылыми маман лауазымдарында атқарған ғылыми және басқарушы жұмыс уақыты;
11) жоғары оқу орындарының жанындағы даярлау бөлімшелеріндегі педагогтік жұмысы, КСРО Ғылым академиясының, Қазақ КСР Ғылым академиясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының тілдер және философия кафедрасында атқарған педагогтік жұмыс уақыты;
12) жоғары оқу орындарында, олардың жанындағы даярлау бөлімшелерінде, қосымша кәсіби білім беру оқу орындарында (біліктілікті арттыру және қайта даярлау) оқу жылындағы жүктеме мөлшері 225 сағаттан кем болмаған жағдайда сағаттық төлем бойынша атқарған іс жүзіндегі педагогтік жұмыс уақыты. Бұл жағдайда сағаттық төлем жағдайында жұмыс істеген және оқу жылында 225 сағаттан кем емес педагогтік жүктеме мөлшерін орындаған оқытушының ғылыми-педагогтік стажына әр айда орындалған педагогтік жүктеменің мөлшеріне қарамастан, тек педагогтік жұмыс орындалған айлар ғана есептеледі;
13) жоғары оқу орындарында белгіленген еңбекақы төлеу шарттары тарайтын мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында және кафедраларда ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар ректор, проректор (директор, директор орынбасары, вице-ректор), ғалым-хатшы, орталықтың директоры, орынбасары, бағдарламаның жетекшісі лауазымдарындағы жұмыс уақыты енеді.
3. Ғылыми-педагогтік және ғылыми қызметкерлер болып
табылмайтын қызметкерлердің мамандығы бойынша
жұмыс стажын есептеу
8. Мамандығы бойынша жұмыс стажына қызметі өткен қызмет саласына қарамастан мамандығына ұқсас лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді, сондай-ақ:
1) мемлекеттік қызметте болған уақыты;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асырған уақыты;
3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы Күштерде, Ішкі шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшінің тұтқында болған уақыты;
4) егер мемлекеттік қызметкер шетелге кетер алдында мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе және жолға кеткен уақытын есептемегенде шетелден қайтып келген күнінен бастап екі ай ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасса, шетелде жұмыс істеген уақыты;
5) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы күту жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
6) жұмыстан заңсыз босатылып, кейіннен жұмысқа қайта орналастырылғанда еріксіз жұмыста болмаған уақыты, егер жұмысы мамандығына сәйкес келсе;
7) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өндірістен қол үзіп оқыған уақыты;
8) ұйымдарда мамандық бейіні бойынша ғылыми жұмыс істеген уақыты енеді.