Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).
----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы
20 наурыздағы N 12 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi
...
3. "Оңалту рәсiмi, конкурстық iс жүргiзу және борышкердi соттан тыс тарату мерзiмдерiн ұзарту және аяқтау туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 69 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1942 тiркелген...
-----------------------------------
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Оңалту рәсiмі, конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілде N 69 бұйрығымен
бекітілген
Оңалту рәсiмі, конкурстық іс жүргізу және борышкердi
соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау туралы
нұсқаулық
Осы Оңалту рәсiмі, конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау туралы нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық). "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Заң).
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органының оңалту рәсiмі, конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау сұрақтарын айқындайды.
1. Оңалту рәсiмі мерзімдерін ұзарту және аяқтау
1. Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс.
2. Оңалту рәсiмін тоқтатқан жағдайда оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмi негізінде борышкерге қатысты оңалту рәсiмін аяқтағаны жөнінде сотқа өтiнiш жібереді:
борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзгенде;
егер бұл мақсатқа қол жеткiзу мүмкін болмаған жағдайда. Осындай жағдайда Комитет қорытындысымен немесе оның аумақтық органының қорытындысымен оңалту ісін басқарушы Заңның 36 бабының 1-ші тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
3. Оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң алдында оңалту рәсiмін ұзартуға өтініш жасауға құқығы бар.
4. Кредиторлар комитетiнiң келiсiмi бар болғанда Комитет пен оның аумақтық орган оңалтуды басқарушы тапсырған құжаттарды (1-қосымша), оның ішінде оңалту рәсiмін жүргізу есебін қарайды және оңалту рәсiмін жүргізудің нәтижесі бойынша қорытынды береді.
5. Сот оның жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға қақылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
2. Конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс тарату
мерзімдерін ұзарту және аяқтау
6. Конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс таратуды жүргізу мерзімі алты айдан аспауы тиіс.
7. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмін ұзарту жөніндегі өтініші Комитетке немесе оның аумақтық органына конкурстық іс жүргізу мерзімінің аяқталуына дейін он бес күннен кешіктірмей тапсыруы тиіс (2-қосымша).
8. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, немесе республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, конкурсты басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен Комитет немесе оның аумақтық органы конкурстық іс жүргізуді ұзартуы мүмкін.
9. Комитет немесе оның аумақтық органы конкурсты басқарушының өтінішінің негіздемесін, сондай-ақ Заңның 10-1-бабына сәйкес оның аралық есебін қарап, тиісті құжаттардың түскен күнінен бастап бес күн ішінде конкурстық іс жүргізу (соттан тыс тарату) мерзімін ұзартуы мүмкін (3-қосымша).
10. Конкурстық іс жүргізуді аяқтағанда оның мерзімдерін ұзартылғаны ескеріле отырып, конкурсты басқарушы Комитет немесе оның аумақтық органымен келісіп өзінің қызметі туралы және сотқа тарату балансын, соттан тыс тарату рәсімінде - кредиторлар комитетіне қорытынды есеп тапсырады.
11. Сот Заңның 87-бабының 2-тармағына сәйкес осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс еткен кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
12. Соттан тыс тарату рәсiмiнде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы шешiмді Заңның 99-бабының 3-тармағына сәйкес кредиторлар комитеті қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілде N 69 бұйрығымен
бекітілген, Оңалту рәсiмі,
конкурстық іс жүргізу және
борышкердi соттан тыс тарату
мерзімдерін ұзарту және аяқтау
туралы нұсқаулықтың
1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитетінің ____________________
облысы бойынша басқармасы
Өтініш
____________________ сотының 20__ жылғы "___" ___________ шешімімен
_____________________________________ оңалту рәсiмi енгізілді.
(банкрот-ұйымның атауы)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңның 50-бабына сәйкес оңалту рәсімінің мерзiмін ұзарту туралы уәкілетті органның қорытындысын алу үшін қарауға құжаттарды тапсырамын.
Қосымша:
1. Оңалту рәсімінің мерзiмін ұзарту туралы кредиторлар комитеті отырысының хаттамасы, ___ б.
2. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің мерзiмін ұзартуға
негіздемесі, ___ б.
3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмін жүргізу барысы туралы есебі, ___ б.
4. Өзгелер, ___ б.
Оңалтушы басқарушы
______________________ _________________ _______________
(банкрот-ұйымның атауы) (қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілде N 69 бұйрығымен
бекітілген, Оңалту рәсiмі,
конкурстық іс жүргізу және
борышкердi соттан тыс тарату
мерзімдерін ұзарту және аяқтау
туралы нұсқаулықтың
2-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитетінің ____________________
облысы бойынша басқармасы
Өтініш
____________________ сотының (уәкілетті органның) 20__ жылғы "___" _____________ шешімімен _____________________________________
(банкрот-ұйымның атауы)
банкрот деп танылып конкурстық iс жүргiзу (соттан тыс тарату рәсімі) енгізілді.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңның 10-1-бабының 13-тармағына сәйкес конкурстық iс жүргiзу (соттан тыс тарату рәсімі) мерзiмін ұзарту үшін қарауға құжаттарды тапсырамын.
Қосымша:
1. Конкурстық iс жүргiзу мерзiмін ұзарту туралы кредиторлар комитеті отырысының хаттамасы, ___ б.
2. Оңалтуды басқарушының конкурстық iс жүргiзу мерзiмін ұзартуға негіздемесі, ___ б.
3. Оңалтуды басқарушының аралық есебі, ___ б.
4. Өзгелер, ___ б.
Конкурстық басқарушы
______________________ _________________ _______________
(банкрот-ұйымның атауы) (қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілде N 69 бұйрығымен
бекітілген, Оңалту рәсiмі,
конкурстық іс жүргізу және
борышкердi соттан тыс тарату
мерзімдерін ұзарту және аяқтау
туралы нұсқаулықтың
3-қосымшасы
Ескерту: 3-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 16 бұйрығымен .
БҰЙРЫҚ
Конкурстық iс жүргiзу
(соттан тыс тарату)
мерзiмін ұзарту туралы
____________________ сотының (уәкілетті органның) 20__ жылғы "___" _____________ бұйрығымен _____________________________________
(банкрот-ұйымның атауы) банкрот деп танылып конкурстық iс жүргiзу (соттан тыс тарату рәсімі) енгізілді.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңның 10-1-бабының 13-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы қаулысы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілде N 69 бұйрығымен бекітілген "Оңалту рәсiмі, конкурстық іс жүргізу және борышкердi соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау туралы" Нұсқаулыққа сәйкес _________________________________
(конкурсты басқарушының аты-жөні)
конкурстық басқарушының өтініші негізінде__________________________ (банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитеті:
1. _________________________конкурстық іс жүргізу (борышкердi
(банкрот-ұйымның атауы)
соттан тыс тарату) мерзімін ____________ айға, 200__ жылғы "___"
_____________ дейін ұзартсын деп шешті.
2. Конкурсты басқарушы________________________________________
(аты-жөні)
конкурстық іс жүргізуді заңмен белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау___________________________ (аты-жөні)
комитеті басқармасы бастығының орынбасарына жүктелсін.
Комитет төрағасы
(Басқарманың бастығы) _________________ _______________
(қолы) (аты-жөні)