Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332
V011786_
қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесінде:
1-тармақтың "кепілге қабылдау," деген сөздердің алдынан "сатып алу," деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
4) тармақшадағы "нотариат куәландырған көшірмелері" деген сөздердің алдынан "және құрылтай құжаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
6), 8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген операциялар жүргізудің жалпы шарттары мен ломбардтың ішкі ережелері және осы ереже;";
13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Мұндайда ломбард қызметін жүзеге асыруға арналған үй-жай оның меншігінде болуы не кемінде екі жылға жалға алынған болуы керек.";
19-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Ломбард лицензияны жоғалтқан жағдайда дубликат алуға құқылы. Ұлттық Банк ломбардтың жазбаша өтініші бойынша он күнтізбелік күн ішінде лицензияның дубликатын береді.
Ұлттық Банк ломбардқа лицензияны оның жазбаша өтініші және лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың негізінде, барлық құжаттар алынған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
Лицензияны қайта ресімдеуді бұрынғы берілген лицензияны Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша айырбастау деп түсіну керек.";
25-тармақта "сондай-ақ" деген сөзден кейін "ломбардтың тиісті ережелері негізінде және шеңберінде әзірленген" деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Ломбардтың филиал ашуына келісім беру туралы мәселесі жөніндегі шешімді банктік қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде ломбардтарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы