Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 58 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің:
1) "Барлауды, өндiрудi немесе бiрлескен барлауды және өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2002 жылғы 13 қыркүйектегі N 199 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2881 болып тіркелген, 2002 жылғы 24 қыркүйекте N 206 (23855) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған)... бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
-----------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеге сәйкес және өтiнушiлердiң жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудiң тәртiбiн ретке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Барлауды, өндiрудi немесе бiрлескен барлауды және өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi қоса берiлiп отырған нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламаларға конкурс өткiзу кезiнде осы Бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нұсқаулық тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
Министрдің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрiнiң
2002 жылғы 13 қыркүйектегi
N 199 бұйрығымен бекiтiлген
Барлауға, Өндiруге және бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу
және конкурстық ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулығы
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi конкурсқа қатысушылардың осы Нұсқаулығы (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 P000108_ қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерiне сәйкес әзiрлендi.
1. Нұсқаулық Барлауды, Өндiрудi немесе бiрлескен Барлауды және Өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға өтiнiмге талапты, сондай-ақ конкурстық ұсыныста мiндеттi тәртiппен берiлетiн құжаттардың тiзбесiн қамтиды.
1. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына
қатысуға өтiнiм
2. Өтiнiм Жарлықтың 41-3-бабына сәйкес келуi, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында оның хабарландырылуы кезiндегi Конкурс ережелерiнде көрiнiс тапқан ақпараты болуы тиiс. Бұл ретте конкурстың ережелерi туралы ақпараттың конкурсқа қойылған жеке объектiлерге де (мұндай жағдайда объектiнiң атауы көрсетiледi), конкурсқа тұтастай қойылған барлық учаскелерге де қатысы болуы мүмкiн.
3. Барлауға (өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтiнiмде ол берiлетiн кен орыны (жер қойнауы участогы), сондай-ақ мынадай деректер көрсетiледi:
1) өтiнiм берушiнің атауы;
2) заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, негiзгi қызмет орнының адресi;
3) мемлекеттiк бағыныстылығы (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
4) заңды тұлғаның және өтiнiм берушiнi бiлдiретiн тұлғалардың басшылары, иелерi туралы деректер;
5) кәсiпорынның қаржылық жағдайы, жұмыстарды қаржыландыру көздерi;
6) өтiнiш берушi - кәсiпорынның немесе болжамды мердiгердің (жұмыстарды жүргiзу ниеттерi туралы шартты қоса берумен) техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi.
Өтінiмге қоса берiлетiн құжаттар тiзiмi:
1) конкурсқа қатысу үшiн жарна төлегендігi туралы құжаттың көшiрмесi;
2) шаруашылық етушi субъектiнi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) өтiнушiнің техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерiн растайтын құжаттар.
4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қоса берiлетiн өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер көрсетiлген нысан осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтiрiлген.
2. Конкурстық ұсыныс
5. Конкурстық ұсыныс конкурсқа қатысушылар Құзыреттi орган көрсеткен мерзiмдерде геологиялық ақпарат алғаннан кейiн берiледi және мiндеттi түрде мыналарды қамтуы тиiс:
1) соңғы 5 жылда өз қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, өтiнушiнiң бұрынғы қызметi туралы ақпарат;
2) өтiнушiнің қаржылық мүмкiндiктерi туралы банктiк анықтама;
3) өтiнушiнiң жұмыс бағдарламасы мен оларды жүзеге асыруға арналған шығындарын қоса алғанда, барлауды жүргiзу шарттары туралы ниеттерi;
4) өтiнушінің келiсiм-шарттық аумақтағы жерлердi шұрайландыру және қалпына келтiрудi қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ниеттерi;
5) барлауды қаржыландыру көздерi (меншiктi немесе несиелiк қаржылары);
6) геологиялық ақпаратты сатып алу шарттары;
7) өтiнушiнiң жер қойнауын пайдалану құқығын iске асыруда ұлттық компаниялармен үлестiк ынтымақтастығы туралы ниеттерi.
6. Өндiруге арналған конкурстық ұсыныс қосымша мыналарды қамтуы тиiс:
1) өндiруi болжанып отырған пайдалы қазбалардың көлемiн қамтитын кен орындарын әзiрлеу жоспары;
2) өндiрудi бастаудың күтiлетiн мерзiмi және оның мүмкiн экономикалық және техникалық деңгейiне қол жеткiзу;
3) өндiруге байланысты шығыстар және пайдалы қазбаларды сатудан түсетiн кiрiстер жөнiндегi болжамдардың есебi;
4) Қазақстан Республикасының күтiлетiн ақшалай түсiмдерi және келiсiм-шарттық аумақтың өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға күрделi қаржы жұмсалымдары.
7. Бiрлескен барлау мен өндiруге арналған конкурстық ұсынымда барлауға да, өндiруге де арналған конкурстық ұсыныстарда белгiленген барлық тармақтар болуы тиiс.
Мұнан басқа конкурстық ұсыныс өтiнiм берушi, Конкурс өткiзу тәртiбiне және өтiнiм берушiнiң мiндеттемелерiне қатысты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерiмен танысқандығын бiлдiретiн нұсқауды қамтуы тиiс.
Барлауға, Өндiруге және бiрлескен
Барлау мен Өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығын алуға арналған
конкурсқа қатысу және конкурстық
ұсыныстарды әзiрлеу жөніндегi
нұсқаулыққа
1-қосымша
Өтiнушiнiң техникалық, басқарушылық,
ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы
анықтамалар беру нысаны
1. Өтiнушiнің техникалық мүмкiндiктерi туралы деректер бiрлiктердiң саны, кәсіпорын басшысының растауымен және мөрiмен бекiтiлген немесе осындай техникаға ие болушы ұйыммен жұмыстарды жүргiзу ниеттерi туралы шарты көрсетілумен геологиялық барлау немесе өндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн техниканың бар екендiгi туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
____________________________________________________________________
N | Жабдықтың атауы, шығарылған | Бiрлiктер саны
р/с | жылы, техникалық жай-күйi |
____________________________________________________________________
1 2 3
____________________________________________________________________
2. Басқарушылық мүмкiндiктерi туралы деректер кәсіпорын - конкурсқа қатысушы басшылары туралы, олардың білiмi мен жұмыс стажы туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
____________________________________________________________________
N | Аты-жөнi | Лауазымы | Жұмыс стажы
р/с | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4
____________________________________________________________________
3. Ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректер алған бiлiмiн және мамандығы бойынша жұмыс стажын, зертханалық базаны немесе зертханалық жұмыстарды жүргiзу туралы шарттың барлығын көрсетумен геологиялық барлау немесе өндiру жұмыстары үшiн мамандардың бар екендігi туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
____________________________________________________________________
N | Аты-жөнi | Лауазымы | Жұмыс стажы
р/с | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4
____________________________________________________________________
4. Қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
1) өтiнушiнiң бухгалтерлiк балансы;
2) пайдалар мен шығындар туралы есеп беру;
3) кредиторлық берешектердiң бары не жоқтығын және өтiнiм берушiнiң салық органдарынан бюджетке төлем бойынша берешектерiн растайтын құжаттар;
4) банк алдындағы мерзiмi өткен берешектердiң бары не жоқтығы туралы анықтама;
5) өтiнiм берушінің соңғы есептiк жылдағы қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытындысын ұсынуы.