Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурстық iрiктеу өткiзу кезiнде тестiлеу рәсiмiн бұдан әрi жетiлдiру және конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу Нұсқауын, Программасын және тестiлеу Нәтижелерiнiң шекаралық мәндерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67
бұйрығына
келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1 тармақтың:
5) тармақшасы келесi мазмұнда оқылсын:
"С-5 (облыстық аумақтық органның бөлiм бастығы, аудандық аумақтық органның жетекшiсi), С-6 (аудандық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары), С-8 (облыстық аумақтық органның аға приставы, облыстық аумақтық органның аға сот орындаушысы), С-9 (облыстық аумақтық органның бас маманы), С-10 (облыстық аумақтық органның жетекшi маманы, облыстық аумақтық органның приставы, облыстық аумақтық органның сот орындаушысы, аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлiмше жетекшiсi), С-11 (аудандық аумақтық органның бас маманы), С-12 (облыстық аумақтық органның маманы, аудандық аумақтық органның жетекшi маманы), С-13 (аудандық аумақтық органның маманы), D-3 (облыстық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi; көмекшi, кеңесшi, облыс әкiмiнiң бас инспекторы; аудандық аппаратының жетекшiсi), D-4 (поселке,ауыл (село) әкiмiнiң орынбасары; облыстық аппаратының бас маманы; аудандық аппаратының бөлiм бастығы; аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi); D-5 (облыстық аппаратының жетекшi маманы, аудандық аппаратының бас маманы), D-6 (облыстық аппаратының маманы; аудандық аппаратының жетекшi маманы; поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының бас маманы; облыстық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-7 (аудандық аппаратының маманы, аудандық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-8 (поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының маманы), E-3 (облыстық органның бөлiм бастығы, аудандық органның жетекшiсi), E-4 (аудандық орган жетекшiсiнiң орынбасары), Е-5 (облыстық органның бас маманы), E-6 (облыстық органның жетекшi маманы, аудандық органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi), E-7 (аудандық органның бас маманы), E-8 (облыстық органның маманы, аудандық органның жетекшi маманы), E-9 (аудандық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы (5 Қосымша)";
6)-шы тармақшасы алынып тасталынсын;
2) аталған бұйрықтың 1 Қосымшасында:
4.1. тармақтың екiншi сөйлемi келесi мазмұнда оқылсын:
"Логикалық тесттi орындауға берiлген жалпы уақыт - 25 минут, заңдарды бiлуге арналған тесттi орындауға - 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ) немесе 55 минут (70 сұрақ)";
3) аталған бұйрықтың 2 Қосымшасында:
1)-шi тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы:
"120 сұрақ" сөздерiн "130 сұрақ" сөздерiмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын" сөздерiнен кейiн ", 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн" сөздерiмен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "20 сұрақ" сөздерiнен кейiн "және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа" сөздерiмен толықтырылсын;
4) аталған бұйрықтың 3 Қосымшасында:
1)-шi тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы:
"60 сұрақ" сөздерiн "70 сұрақ" сөздерiмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын" сөздерiнен кейiн ", 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн" сөздерiмен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "20 сұрақ" сөздерiнен кейiн "және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа" сөздерiмен толықтырылсын;
5) аталған бұйрықтың 4 Қосымшасында:
екiншi абзацтағы:
"100 сұрақ" сөздерi "110 сұрақ" сөздерiмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын" сөздерiнен кейiн ", 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн" сөздерiмен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "20 сұрақ" сөздерiнен кейiн "және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа" сөздерiмен толықтырылсын;
6) 5 Қосымша осы бұйрықтың 1 Қосымшасына сәйкес оқылсын;
7) аталған бұйрықтың 6 Қосымшасы алып тасталынсын;
8) аталған бұйрықтың 8 Қосымшасында:
1)-шi тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы:
"120 сұрақ" сөздерiн "130 сұрақ" сөздерiмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"
заңын
" сөздерiнен кейiн ", 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн" сөздерiмен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "20 сұрақ" сөздерiнен кейiн "және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа" сөздерiмен толықтырылсын.
3. Осы бұйрық тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет
iстерi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының
2002 жылғы 16 қыркүйектегi
N 02-2-4/128 бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет
iстерi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 17 сәуiрдегi
N 02-2-4/67 бұйрығына
5 қосымша
С-5 (облыстық аумақтық органның бөлiм бастығы, аудандық аумақтық органның жетекшiсi), С-6 (аудандық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары), С-8 (облыстық аумақтық органның аға приставы, облыстық аумақтық органның аға сот орындаушысы), С-9 (облыстық аумақтық органның бас маманы), С-10 (облыстық аумақтық органның жетекшi маманы, облыстық аумақтық органның приставы, облыстық аумақтық органның сот орындаушысы, аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлiмше жетекшiсi), С-11 (аудандық аумақтық органның бас маманы), С-12 (облыстық аумақтық органның маманы, аудандық аумақтық органның жетекшi маманы), С-13 (аудандық аумақтық органның маманы), D-3 (облыстық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi; көмекшi, кеңесшi, облыс әкiмiнің бас инспекторы; аудандық аппаратының жетекшiсi), D-4 (поселке, ауыл (село) әкiмiнiң орынбасары; облыстық аппаратының бас маманы;
аудандық аппаратының бөлiм бастығы; аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi); D-5 (облыстық аппаратының жетекшi маманы, аудандық аппаратының бас маманы), D-6 (облыстық аппаратының маманы; аудандық аппаратының жетекшi маманы; поселкелiк,
ауылдық (селолық) аппаратының бас маманы; облыстық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-7 (аудандық аппаратының маманы, аудандық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-8 (поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының маманы), E-3 (облыстық
органның бөлiм бастығы, аудандық органның жетекшiсi), E-4 (аудандық орган жетекшiсiнiң орынбасары), E-5 (облыстық органның бас маманы), Е-6 (облыстық органның жетекшi маманы, аудандық органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi),
E-7 (аудандық органның бас маманы), Е-8 (облыстық органның маманы, аудандық органның жетекшi маманы), Е-9 (аудандық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы
санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Осы программа Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тecткe Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы"
заңын
, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге арналған 70 сұрақ енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiнен 10 сұраққа жауап беруi қажет.