Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда) әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 174, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 599, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 391-І бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2070. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 28 тамыздағы № 301, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 501, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 441 бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.28.08 жылғы № 301, ҚР Қаржы министрінің 2011.10.05 № 501, ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2011.07.18 № 441 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Келісілген:          
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкінің       
2002 жылғы "__"_______ N __ 

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 мамырдағы N 572 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда) әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде бұйрықтың орындалуын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасы М.Т. Таймерденовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының        
          Әділет министрі 

      Қазақстан Республикасының
          Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
             министрі

Қазақстан Республикасы        
Әділет министрінің,         
Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрінің,         
Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникациялар     
министрінің             
2002 жылғы 21 қарашадағы N 174   
2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 599  
2002 жылғы 25 қарашадағы N 391-І  
бірлескен бұйрығымен       
БЕКІТІЛГЕН:            

  БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ (ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОСПАҒАНДА) ӘДІСТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ҚОЛДАНУЫ ЖӨНІНДЕГІ
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық ережелеріне негізделген және жылжымалы мүлiктi бағалау әдістеріне қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) негiзгi ұғымдарды ашады және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес баға белгiлеудің аймақтық факторларын, өзіне тән шарттарын және олардың есеп және есеп берудегі көрінісін ескере отырып, жылжымалы мүлікті бағалауға қойылатын міндетті талаптарды белгiлейдi.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметі субъектілерінің қолдануына арналған.

      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жылжымалы мүлiк (жылжымалы заттар және құндылықтар) -  бұл ақша, бағалы қағаздар және жылжымайтын мүлікке жатпайтын өзге де мүлік;

      2) нарықтық құн -  мәміле жасаушы тараптар бағалау объектісі туралы мүмкін болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестік  жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңында көзделген мәміленің бағасына қандай да болсын төтенше жағдайлар әсер етпейді;

      3) өзге құн:

      дисконтталған құн - бұл дисконтты ескере отырып жылжымалы мүлікті иелену құқығынан туындайтын, келешектегі пайданың негізінен айқындалған құн;

      инвестициялық құн - белгілі бір инвестициялау мақсаттары кезінде объектіні пайдаланудан алынатын ақша ағынының ағымдағы құнымен байланысты нақты инвестордың (инвесторлар тобының) жылжымалы мүлік құны, және пайдаланушының тұтынуы мен сипаттамасымен анықталады;

      тарату құны (ықтиярсыз сатудағы құн) - бұл шектеулі мерзімге ықтиярсыз иеліктен айырған кезде алынуы мүмкін жылжымалы мүлік құны;

      бастапқы құн - жылжымалы мүлікті сатып алу сәтіне жеткен тараптардың келісімдері бойынша белгіленген төленген ақшалай қаражаттардың сомасы немесе оның ағымдағы құны;

      өткізу құны - бұл хабарланған және мәміле жүргізуге дайын тәуелсіз тараптардың арасындағы активтердің айырбасталатын немесе міндеттемелер (сатуды жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды ескере отырып) төленетін жылжымалы мүліктің құндық бағасы;

      ағымдағы құн - бұл объектілердің нарық немесе өзге құнын анықтау әдістерін белгілі бір күнге қолдану негізінде белгіленген және осы нарық қолданылатын бағаларға сәйкес жылжымалы мүліктің құндық бағасы;

      есептік сома (баланс құны) - бұл бухгалтерлік баланста (есеп) есеп беретін күнде көрсетілген жылжымалы мүліктің бастапқы немесе ағымдағы (жинақталған амортизацияның сомасын есептен шығарғанда) құны;

      қолданыстағы заңда көзделген құнның өзге түрлері;

      Жоғарыда тізбеленгендерден басқа қолданып жүрген заңдарда көзделген қарыздық, сақтандыру, пайдаға асыру (материалдардың жиынтығын, қосалқы бөлшектерді, сынықтарды, қалдықтарды және т.б.) тиімді (екі шамадан көп бөлігіне тең: тұтынушы құн немесе өткізу құны) құн ретінде және өзге құнның түрлері бар;

      4) Табыстық амалы - келешекте пайдаланудан күтілетін табыстарды анықтауға негізделген жылжымалы мүлік құнын анықтаудың бір немесе жиынтық әдістерін қолдану;

      5) Шығындық амал - бағаланатын объектінің тозуын ескере отырып, ұдайы өндіру немесе ауыстыру үшін қажетті шығындарды анықтауға негізделген жылжымалы мүлік құнын айқындаудың бір немесе жиынтық әдістерін қолдану;

      6) Салыстырмалы амал - бұл жылжымалы мүлік құнын анықтаудың ұқсас-объектілерді сатуды талдауға және олардың арасындағы айырмашылықты ескеретін тиісті түзетулер енгізу үшін бағалау объектілерімен салыстыруға негізделген бір немесе жиынтық әдісін қолдану;

      7) Тозу - бұл жылжымалы мүлік объектілерінің табиғи, функционалдық және басқа да сипаттамаларының уақыт бойынша жойылу процесі;

      табиғи тозу - объектіні пайдалану, күту жағдайларымен байланысты тозу мен бұзылудан, табиғи-климаттық және басқа да факторлардың әсерінен туындаған зақымданулардың (ақаулардың) салдарынан объектінің құнын жоғалтуы;

      функционалдық тозу - жетілдірілген көтерме, жылдамдатылған, есептегіш немесе басқа да параметрлі қазіргі заманғы құрал-жабдықтардың, көліктік құралдардың және өзге техникалардың түрлеріне тән функцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігі нәтижесінде бағалау объектісінің құнын жоғалтуы;

      экономикалық ескіру - рынокта қоршаған ортаның әсер ету салдарынан өзгерістердің (экономиканың, демографиялық жағдайларға, тұтынушылардың төлем қабілеттігіне және басқа да жергілікті жағдайларға шарттастырылған, нарық аумағында қалыптасқан сұраным мен ұсынымдар көлемінің қатынасы) нәтижесінде объектінің құнын жоғалтуы.

  2. Бағалау әдістері

      4. Нарықтық немесе өзге де құнды белгілеу табыстық, шығындық және салыстырмалы амалдарға топталған бағалау әдістерін қолдану жолымен жүргізіледі.

      5. Табыстық амал әдістері - келешекте пайдаланудан күтілетін табыстарды анықтауға негізделген жылжымалы мүлік құнын айқындау әдісі:

      1) тікелей капиталға айналдыру әдісі (капиталға айналған кіріс әдісі) - жылжымалы мүлік объектісін тұрлаулы пайдалануды сақтау жағдайларына сүйене отырып, кірістің шамасы тұрақты, бастапқы инвестициялар болмаған, қайтарылатын капитал мен капитал кірісі бір уақытта есепке алынған кезде құнды есептеу;

      2) ақша ағындарын дисконттау әдісі (дисконтталған қолма-қол ақша ағындары әдісі) - ақша ағындарының өзгеру және әр шамада түсу жағдайларына сүйене отырып, жылжымалы мүлікті пайдаланумен байланысты тәуекел дәрежесіне орай құнды айқындау;

      3) осы заңда көзделген өзге де әдістер.

      6. Шығындық амал әдістері - бұл барлық тозу түрлерін есептен шығара отырып, жылжымалы мүлікті толық ұдайы өндірісінің немесе оны ауыстырудың құнын айқындау әдістері:

      1) элемент бойынша есептеу әдісі - бірыңғай аудандық бірліктік бағаламалар жинақтарын, басқа да нормативтерді пайдалану негізінде, тозуды ескере отырып, ұдайы өндіріс немесе ауыстыру құнын айқындау;

      2) іріленген жалпыланған құн көрсеткіштері әдісі - тозуды есептен шығара отырып, ұқсас жылжымалы мүлікті сату туралы ұсыныстарды қорыту жолымен немесе іріленген сметалық нормативтердің қалпына келтіру құнының іріленген көрсеткіштерінің, құрылыс құнының іріленген көрсеткіштерінің жинақтарын және басқа да нормативтерді қолдану негізінде ұдайы өндіріс немесе ауыстыру құнын айқындау;

      3) осы заңда көзделген өзге де әдістер.

      7. Салыстырмалы амал әдістері - ұқсас объектілерді сату мәмілелері мен тиісті түзетулерді жүргізу үшін бағалау объектісімен салыстыруды талдауға негізделген әдістер:

      1) сатуды салыстырма талдау әдісі - жақында сатылған, салыстырылатын объектілерді бағаланатын объектілермен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықтарды ескеретін тиісті түзетулер орындалғаннан кейін жылжымалы мүлік құнын айқындау;

      2) нарықтық ақпарат әдісі - бағаланатын объектінің орналасқан орнын ескере отырып, қалыптасқан жылжымалы мүлік рыногындағы ұсыныстар мен сұраным туралы ақпаратты талдау жолымен жылжымалы мүлік объектісінің құнын айқындау;

      3) осы заңда көзделген өзге де әдістер.

  3. Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар

      8. Бағалау әдістерін таңдау және қолдану кезінде бағалаушы мынадай негізгі талаптарды сақтауға:

      1) бағалау мақсаты мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіруге;

      2) жылжымалы мүлікке бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етуге;

      3) құқықтық талдау жүргізуге және мүліктік құқықтар мен кәсіпорын ауыртпалықтарын сәйкестендіруге;

      4) бағалау әдістерін таңдауға негіздеуге;

      5) бағалау туралы есепте шынайы деректерді, есептік көрсеткіштерді және олардың екі мағынада түсіндірілуіне жол бермейтін негізделген нәтижелерді толық және түсінікті жазылуын қамтамасыз етуге тиіс.

  4. Бағалау жүргізу тәртібі

      9. Бағалау жүргізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) бағалаушы мен тапсырысшының арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау жұмыстарын жүргізу үшін негіздеме болып табылатын бағалау жүргізу шартын жасасу;

      2) орналасқан жерге шығып жылжымалы мүлікті зерттеу; объекті туралы құжаттарды, өзге де мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау;

      3) жылжымалы мүліктің нарықтық және өзге құнын белгілеу бойынша бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау, есеп айырысуларды орындау;

      4) бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді қорыту және жылжымалы мүліктің жиынтық құнын айқындау;

      5) бағалау туралы есепті ресімдеу және тапсырысшыға беру.

Об утверждении Правил по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки движимого имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности)

Совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 ноября 2002 года № 174, Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2002 года № 599 и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 ноября 2002 года № 391-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 декабря 2002 года № 2070. Утратил силу совместным приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 26 августа 2011 года № 301, Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 441, Министра финансов Республики Казахстан от 5 октября 2011 года № 501

 

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра юстиции РК от 26.08.2011 № 301, Министра транспорта и коммуникаций РК от 18.07.2011 № 441, Министра финансов РК от 05.10.2011 № 501.

       Согласовано     
Национальный Банк 
Республики Казахстан

      В соответствии с  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 27 мая 2002 года N 572 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан" приказываем:

      1. Утвердить прилагаемые Правила по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки движимого имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности).

      2. Комитету регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан в течение месячного срока со дня введения в действие настоящего Приказа принять меры по организации его исполнения.

      3. Контроль за исполнением настоящего Приказа возложить на Председателя Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан Таймерденова М.Т.

      4. Настоящий Приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

             Министр юстиции               Министр финансов
          Республики Казахстан           Республики Казахстан

                   Министр транспорта и коммуникаций
                        Республики Казахстан

Утверждены:         
Совместным Приказом Министра 
юстиции Республики Казахстан,
Министра финансов Республики 
Казахстан, Министра     
транспорта и коммуникаций  
Республики Казахстан    
от 21 ноября 2002 г. N 174 
от 2 декабря 2002 г. N 599 
от 25 ноября 2002 г. N 391-I

Правила
по применению субъектами оценочной деятельности
требований к методам оценки движимого имущества
(за исключением объектов интеллектуальной собственности)

       Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", основаны на положениях иных нормативных правовых актов Республики Казахстан и устанавливают основные требования к методам оценки движимого имущества.

  1. Общие положения

      1. Правила по применению субъектами оценочной деятельности требований к методам оценки движимого имущества (далее - Правила), раскрывают основные понятия и устанавливают обязательные требования к оценке движимого имущества с учетом региональных факторов, специфических условий ценообразования и отражения их в учете и отчетности, в соответствии с положениями нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Настоящие Правила предназначены для применения субъектами оценочной деятельности на территории Республики Казахстан.
      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и определения:
      1) Движимое имущество (движимые вещи и ценности) - это деньги, ценные бумаги и иное имущество, не относящееся к недвижимости.
      2) Рыночная стоимость - это наиболее вероятная цена, по которой данный объект может быть отчужден на основании сделки в условиях конкуренции, когда стороны сделки действуют, располагая всей доступной информацией об объекте оценки, а на цене сделки не отражаются какие-либо чрезвычайные обстоятельства, предусмотренные  Законом "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан".
      3) Иная стоимость:
      дисконтированная стоимость - это стоимость, определенная исходя из будущих выгод, вытекающих из прав владения движимым имуществом, с учетом дисконта;
      инвестиционная стоимость - это стоимость движимого имущества для конкретного инвестора (группы инвесторов), которая связана с текущей стоимостью денежных потоков, получаемых от использования объекта при определенных целях инвестирования, и определяется потребностями и характеристиками пользователя;
      ликвидационная стоимость (стоимость при вынужденной продаже) - это стоимость движимого имущества, которая может быть получена при вынужденном его отчуждении в ограниченные сроки;
      первоначальная стоимость - это сумма выплаченных денежных средств или их текущая стоимость, установленная по соглашению сторон, достигнутому в момент приобретения движимого имущества;
      стоимость реализации - это стоимостная оценка движимого имущества (с учетом затрат, необходимых для осуществления продажи), по которой производится обмен активов или оплачивается обязательство между осведомленными и готовыми к проведению сделки независимыми сторонами;
      текущая стоимость - это стоимостная оценка движимого имущества, установленная на основе применения методов определения рыночной или иной стоимости объектов на определенную дату, и соответствующая действующим ценам на данном рынке;
      учетная сумма (балансовая стоимость) - это первоначальная или текущая стоимость движимого имущества (за вычетом суммы накопленной амортизации), по которой они отражены в бухгалтерском балансе (учете) на отчетную дату;
      иные виды стоимости, предусмотренные действующим законодательством.
      4) Доходный подход - это применение одного или совокупности методов определения стоимости движимого имущества, основанных на определении ожидаемых доходов от его использования в будущем.
      5) Затратный подход - это применение одного или совокупности методов определения стоимости движимого имущества, основанных на определении затрат, необходимых для воспроизводства или замещения оцениваемого объекта с учетом износа.
      6) Сравнительный подход - это применение одного или совокупности методов оценки определения стоимости движимого имущества, основанных на анализе продаж объектов-аналогов и сопоставления с объектом оценки для внесения соответствующих корректировок, учитывающих различия между ними.
      7) Износ - это процесс потери физических, функциональных и других характеристик объектов движимого имущества во времени:
      физический износ - потеря стоимости объекта вследствие повреждений (дефектов), вызванных изнашиванием и разрушениями, связанных с условиями эксплуатации, ухода, под воздействием природно-климатических и других факторов;
      функциональный износ - потеря стоимости объекта оценки в результате невозможности осуществления функций, присущих современным типам оборудования, транспортных средств и иной техники с усовершенствованными подъемными, скоростными, вычислительными или другими параметрами;
      экономическое устаревание - потеря стоимости объекта в результате изменений на рынке вследствие воздействия окружающей среды (соотношение спроса и предложений на сложившемся в регионе рынке, обусловленного состоянием экономики, демографической ситуацией, платежеспособностью потребителей и другими местными условиями).

  2. Методы оценки

      4. Установление рыночной или иной стоимости производится путем применения методов оценки, сгруппированных в доходный, затратный и сравнительный подходы.
      5. Методы доходного подхода - методы определения стоимости движимого имущества, основанные на определении ожидаемых доходов от его использования в будущем:
      1) метод прямой капитализации (метод капитализированного дохода) - определение стоимости исходя из условий сохранения стабильного использования движимого имущества, при постоянной величине дохода, отсутствии первоначальных инвестиций и одновременном учете возврата капитала и дохода на капитал;
      2) метод дисконтирования денежных потоков (метод дисконтированного наличного потока) - определение стоимости исходя из условий изменения и неравномерного поступления денежных потоков в зависимости от степени риска, связанного с использованием движимого имущества;
      3) иные методы, предусмотренные действующим законодательством.
      6. Методы затратного подхода - это методы определения стоимости полного воспроизводства или замещения движимого имущества за вычетом всех видов износа:
      1) метод поэлементного расчета - определение стоимости воспроизводства или замещения на основе использования сборников цен, установленных показателей и других нормативов, с учетом износа;
      2) метод укрупненных обобщенных показателей стоимости - определение стоимости воспроизводства или замещения по ценам предложений о продаже аналогичных объектов движимого имущества или других укрупненных показателей стоимости за вычетом износа;
      3) иные методы, предусмотренные действующим законодательством.
      7. Методы сравнительного подхода - методы, основанные на анализе сделок продаж объектов-аналогов и сопоставления с объектом оценки для проведения соответствующих корректировок:
      1) метод сравнительного анализа продаж - определение стоимости движимого имущества путем сравнения недавних продаж сопоставимых объектов с оцениваемым, после выполнения соответствующих корректировок, учитывающих различие между ними;
      2) метод рыночной информации - определение стоимости движимого имущества путем анализа информации о предложениях и спросе на сложившемся рынке с учетом месторасположения оцениваемого объекта;
      3) иные методы, предусмотренные действующим законодательством.

  3. Требования к методам оценки

      8. При выборе и применении методов оценки оценщик должен соблюдать следующие основные требования:
      1) идентифицировать цель оценки и вид определяемой стоимости;
      2) обеспечить достоверность информации, используемой при проведении оценки движимого имущества;
      3) провести правовой анализ, идентифицировать имущественные права и обременения;
      4) обосновать выбор методов оценки;
      5) обеспечить исчерпывающее и доступное изложение в отчете об оценке достоверных данных, расчетных показателей и обоснованных результатов, не допускающее двусмысленного их толкования.

  4. Порядок проведения оценки

      9. Проведение оценки осуществляется в следующем порядке:
      1) заключение договора на проведение оценки между оценщиком и заказчиком, являющееся основанием для проведения оценочных работ, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) обследование движимого имущества с выездом на место расположения; сбор, обработка и анализ документов, иных сведений об объекте;
      3) выбор подходов и методов оценки, выполнение расчетов по установлению рыночной или иной стоимости движимого имущества;
      4) обобщение результатов, полученных на основе применения методов оценки и определение итоговой стоимости движимого имущества;
      5) оформление и передача заказчику отчета об оценке.