Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы
N 296
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
____________________________
Банк қызметін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
Төрағасымен
келісілді
2002 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 16 қарашадағы
"Активтерді, шартты
міндеттемелерді жіктеу және
оларды күмәнді және үмітсіз
санатына жатқыза отырып,
провизиялар (резервтер) құру
ережесін бекіту туралы"
N 465 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу
және оларды күмәнді және үмітсіз санатына
жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту: Барлық мәтін бойынша "депозит", "депозитормен", "депозиторға", "депозитке", "депозиттермен", "депозитті", "депозитте" деген сөздер тиісінше "салым (депозит)", "салымшымен (депозитормен)", "салымшыға (депозиторға)", "салымға (депозитке)", "салымдармен (депозиттермен)", "салымды (депозитті)", "салымда (депозитте)" деген сөздермен ауыстырылды;
барлық мәтін бойынша "банктік қадағалау бөлімшесі", "банктік қадағалау бөлімшелері" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органды" деген сөздермен, "Ұлттық Банк", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116
қаулысымен
.
Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
(бұдан әрі - Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы", "
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі барлық банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) міндетті активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру тәртібін және шарттарын белгілейді.
Ескерту: Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116
қаулысымен
.
1. Осы Ереженің мақсатына мынадай түсініктер мен ұғымдар пайдаланылады:
активтер - барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар;
салым (депозит) - бір тұлғаның (салымшымен (депозитормен) басқа тұлғаға - банкке олар бірінші талап ету бойынша немесе қандай-да бір мерзімде алдын ала ескертілген үстемеақымен не үстемеақысыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей салымшыға (депозиторға) не оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаларға беріп қайтаруы тиіс пе әлде тиіс емес пе оған қарамастан оның номиналды құнымен қайтарылу талабымен беретін ақшасы;
кредит - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-ақ вексельді есепке алуды жүзеге асыруы;
провизиялар (резервтер) - нақты активтің құнын жоғалтқандығын тану, ал шартты міндеттеме жағдайында - банктің өз міндеттемелерін ықтимал орындауы бойынша шығынын немесе активтердің (шартты міндеттемелердің) жиынтығын тану;
қамтамасыз ету құны - ағымдағы сәттегі қамтамасыз ету құнының, бағалау сәтіндегі өткізу (сату) мүмкіншілігі ескерілген нарықтық (әділ) бағасы;
шартты міндеттемелер - бұл:
өткендегі оқиғадан туындайтын және оны тану бір немесе бірнеше белгісіз банктің толық бақылауында болмаған алдағы оқиғалардың орын алуы немесе болмауы кезінде ғана мүмкін болатын міндеттеме немесе
өткен оқиғалардан туындайтын, бірақ міндеттемелер сомасы жеткілікті нақтылықпен бағаланбайтындықтан немесе міндеттемелерді орындау үшін активтерді шығарудың ықтималдылығы жоқтығынан танылмайтын ағымдағы міндеттеме;
инвестициялық заем (кредит) - материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құру, кеңейту және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға бес және одан да көп жылға берілген заем (кредит).
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327
қаулысымен
.
2. Банктер ай сайын, әрбір айдың бірінші күніне баланс ұсынумен бірге Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысандар бойынша қағаз және электронды тасымалдаушыларда, әрбір активтер түрі (салымдармен (депозиттермен), кредиттер, бағалы қағаздар, дебиторлық берешек) және шартты міндеттемелер бойынша кесте түрінде провизиялар (резервтер) құру туралы есептерді ұсынады.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116
қаулысымен
.
3. Банктердің салық салынатын кірісті анықтау кезінде алып тастау құқығы бар провизиялар (резервтер) бойынша күмәнді және үмітсіз активтердің және шартты міндеттемелердің тізбесі Кодексте анықталады.
4. Актив пен шартты міндеттемелерді жіктеу, оларды бухгалтерлік есепте көрсету банк пен оның борышкері (дебиторы) арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді, оның ішінде банктің талаптың (борыштың) негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны, сондай-ақ борышкердің (дебиторды) шарт талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлды толық көлемде алу құқығына ықпал етпейді.
5. Жіктеуге барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын активтер - талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптарды қоспағанда шартты міндеттемелер және салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер бойынша есептер жатады.
Ескерту: 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116
қаулысымен
.
6. Активті жіктеудің негізгі критерийі оның есептелген сыйақысымен толық немесе ішінара қайтарылу мүмкіндігі, ал шартты міндеттеме жағдайында - банктің өз міндеттемелерін орындау ықтималдылығына байланысты болып табылады.
7. Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.
Жіктелген актив ол бойынша талап шарт талаптарына сәйкес орындалмайтын немесе ол бойынша талап толық орындалады немесе мүлдем орындалмайды деп санауға негіз болатын активті білдіреді.
Жіктелген шартты міндеттеме банктің өз міндеттемелерін орындау ықтималдылығы бар шартты міндеттемені білдіреді.
Жіктелгенге жатпайтын актив пен шартты міндеттеме стандартты болып табылады.
8. Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер мынадай санаттарға бөлінеді:
1) күмәнды;
2) үмітсіз.
9. Банктің басқа банктерге орналастырылған кредиттерін, салымдарын (депозиттерін)(оның ішінде банктің корреспонденттік есепшоттарын), бағалы қағаздарын, дебиторлық берешегі мен шартты міндеттемелерін жіктеу осы Ереженің 3-7-тармақтарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Ереженің 2 қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
9-1. Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) және оларға байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу осы Ереженің 3, 6 және 7-тарауларында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327
қаулысымен
.
10. Егер осы Ереженің 2 қосымшасында көрсетілгендер бойынша жіктелетін актив, шартты міндеттеме активтердің, шартты міндеттемелердің екі жіктеу санаттары арасында аралық жағдайда болса, онда осы активті, шартты міндеттемені бұдан гөрі төмен санатқа жатқызған жөн.
11. Егер банктің бір ғана адамға бірнеше талабы (кредитті, дебиторлық берешекті, шартты міндеттемелерді және басқа талаптарды қосқанда) болса, онда мұндай талаптар осы тұлғаға қойылатын талаптардың біреуі бойынша төмен сападағы жіктеу санатына сәйкес бірдей жіктеледі.
12. Банктердің заемшылардың (борышкерлердің) кредит төлеу қабілеттілігін талдауда, оның ішінде заемшының қаржылық жағдайын және алынған кепілдің құнын бағалау кезінде қолданатын критерийлері, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шешімді қабылдау және орындау рәсімдері банктердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген кредиттік, инвестициялық және есеп саясатын анықтайтын ішкі құжаттарымен реттеледі.
13. Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді және провизиялардың қажетті мөлшерін тиісінше өзгертуді банк ай сайын айдың соңғы жұмыс күніне дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен астам емес жағдай бойынша жүргізеді.
14. Кредиттерді жіктеу олардың қамтамасыз етілу сапасына, заемшының қаржылық жағдайына, оның кредиттік тарихына, заемшының бұрын банктерден алған кредиттерінің жіктеу санатына және оның есептелген сыйақысымен бірге толық қайтарылу ықтималдылығына әсер етуші басқа факторларға байланысты жүзеге асырылады.
15. Банкаралық кредит осы Ереженің 4-тарауының талаптарына сай басқа банктерде орналастырылған салым (депозит) ретінде жіктеледі.
16. Егер төлемдерді өтеу талаптары кредиттеудің жалпы мерзімін ұлғайтпастан өзгертілген, талаптар өзгеру сәтінде төлемдер бойынша кешіктіру болмаған және осы өзгерту заемшының қаржылық жағдайының нашарлауымен байланыссыз болған жағдайда кредиттің жіктеу санаты өзгермеуі мүмкін, бірақ бір реттен артық емес. Кейінірек барлық өзгерістер ұзарту ретінде бағаланады.
17. Есептелген сыйақыны төлеу 30 (отыз) күннен астам кешіктірілген жағдайда, банк баланстық есепшотта сыйақы есептеуді тоқтатуы тиіс.
18. А тобы рейтингісінен төмен емес жеке рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі позициясының біреуінен кем емес жеке рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банкінде орналастырылған (ашылған) салым (депозит) (оның ішінде корреспонденттік есепшот) қаражатты салымнан (депозиттен), оның ішінде корреспонденттік есепшоттан аудару бойынша кешіктіру жоқ болған жағдайда стандартты ретінде жіктеледі.
Салым (депозит) орналастырылған, оның ішінде корреспонденттік есепшот ашылған банктердің рейтингі тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің біреуі анықтауы тиіс және салымның (депозиттік) шұғылдығына және валютасына сәйкес болуы тиіс.
Еншілес банктерде орналастырылған салымдарды (депозиттерді), оның ішінде корреспонденттік есепшоттарды жіктеу кезінде олардың кредиттік рейтингі жоқ болған жағдайда, бас банктің кредиттік рейтингі қабылданады.
19. Өз салымын (депозитін) А тобы рейтингісінен төмен емес жеке рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі позициясының біреуінен кем емес жеке рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банкінде орналастырған немесе корреспонденттік есепшотын ашқан жағдайда банк құжатпен расталған деректер негізінде оның қаржылық жағдайының мониторингін жүргізуге міндетті.
Салым (депозит) орналастырылған немесе корреспонденттік есепшот ашылған банктің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті мониторинг болмаған жағдайда осы активтің осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес белгіленген жіктеу санаты бір санатқа төмендейді. Салық салу мақсатында мониторингі жоқ активтің жіктеу санаты төмендемейді.
20. Бағалы қағаздарды жіктеу банк портфеліндегі борыштық бағалы қағаздардың (бұдан әрі - бағалы қағаздар) әділ бағасы бойынша (рыноктық баға белгілеу бойынша немесе бухгалтерлік есеп стандарттарында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа әдіспен) баланста қайта бағаланбайтын түрі бойынша ғана жүргізіледі.
22. А тобы рейтингісінен төмен емес жеке рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі позициясының біреуінен кем емес жеке рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенті-резидентінің бағалы қағаздары, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының "А" санатындағы ресми тізіміне енген бағалы қағаздар берешектері немесе жартылай төленген төлемдер болмаған жағдайда стандартты деп танылады. Эмитенттердің рейтингі тізбесін уәкілетті орган бекіткен негізгі рейтингтік агенттіктердің бірі анықтауы және бағалы қағаздардың мерзіміне және валютасына сәйкес келуі тиіс.
23. Банк А тобы рейтингісінен төмен емес жеке рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі позициясының біреуінен кем емес жеке рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенті-резидентінің бағалы қағаздары бар болған жағдайда, құжатпен расталған деректер негізінде олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті мониторинг болмаған жағдайда осы активтің осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес белгіленген жіктеу санаты бір санатқа төмендейді.
24. Егер бағалы қағаздардың жалпы айналыс мерзімі ұлғайтылмастан төлемдерді өтеу талаптары өзгерсе, талаптардың өзгеру сәтінде төлемдер бойынша кешіктіру болмаған және осы өзгеріс эмитенттің қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаған жағдайда, онда осы активтің жіктеу санаты өзгермеуі мүмкін, бірақ бір реттен артық емес. Кейінгі барлық өзгерістер ұзарту ретінде бағаланады.
25. Барлық дебиторлық берешек жіктеледі. Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша берешектерді қоспағанда өтеу мерзімі үш айдан астам дебиторлық берешек осы Ережеде кредиттерді жіктеу үшін белгіленген критерийлер бойынша жіктеледі.
26. Осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес анықталған бұрын белгіленген өтеу мерзімі жоқ, бірақ алты айдан астам банктің балансында тұрған дебиторлық берешектің жіктеу санаты бір санатқа төмендейді.
27. Дебиторлық берешекті өтеу кешіктірілген жағдайда осы актив осы Ереженің қосымшасына сәйкес жіктеледі.
28. Егер есепте бір дебиторға дебиторлық берешек банктің меншік капиталының 5 (бес) проценттен астамын құраса, онда банк дебиторлық берешек құралған сәттен бастап, құжатпен расталған деректер негізінде дебитордың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Дебитордың қаржылық жағдайына мониторинг болмаған жағдайда осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес анықталған осы активтің жіктеу санаты бір санатқа төмендейді. Салық салу мақсатында мониторингі жоқ активтің жіктеу санаты төмендемейді.
29. Жіктеуге клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және банктің клиент үшін шарт талаптарынан шығатын тәуекелін көтеретін шартты міндеттемелер жатады.
30. Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банк пен оның клиенті арасында шарттар жасалған сәттен бастап жүргізіледі.
31. Шартты міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу кешіктірілмеген және оның тапсырмасы бойынша банк шартты міндеттеме ашқан тұлғаның тұрақты қаржылық жағдайы болған жағдайда, шартты міндеттеме стандартты деп есептеледі. Осы тұлғаның қаржылық жағдайы нашарлаған және/немесе сыйақы төлеу кешіктірілген кезде шартты міндеттеме осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес жіктеледі.
32. Банк шарт талаптарынан шығатын өз міндеттемелерін орындау кезінде туындайтын талаптар, егер шартта оны кредитке қайта ресімдеу көзделмесе, міндеттемелер сомасына дебиторлық берешек қайта ресімделеді. Осындай дебиторлық берешек осы Ережеде кредитті жіктеу үшін белгіленген критерийлер бойынша жіктеледі.
33. Егер шартты міндеттемелердің жалпы мерзімі ұлғайтылмастан төлемдерді өтеу талаптары өзгерсе, талаптардың өзгеру сәтінде төлемдер бойынша кешіктіру болмаған және осы өзгеріс оның тапсырмасы бойынша банкте шартты міндеттеме ашылған тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаған жағдайда, онда осы активтің жіктеу санаты өзгермеуі мүмкін, бірақ бір реттен артық емес. Кейінгі барлық өзгерістер ұзарту ретінде бағаланады.
34. Банктер бухгалтерлік есепте осы Ережеге сәйкес есептелген барлық қажетті провизиялар мөлшерін есепке алуға және оны толық көлемде шығыстарда және провизиялардың тиісті есепшоттарында көрсетуге міндетті.
35. Жіктелген активтер мен банктің шартты міндеттемелері бойынша провизиялардың қажетті мөлшері осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес есептеледі.
36. Осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес жоғары өтімді қамтамасыз етуі анықталатын активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар есептелмейді, активтің немесе шартты міндеттемелердің және олар бойынша есептелген сыйақының барлық сомасын жабады.
37. Заемшының (дебитордың) қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның әкімшілік-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдерді және ол алған міндеттемелердің орындалу перспективаларын талдау нәтижелері бойынша банк стандартты активтер және шартты міндеттемелер бойынша 2 (екі) процентке дейін провизиялар қалыптастыра алады.
38. Уәкілетті орган банктер ұсынған активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есептерін түзетуді талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда уәкілетті орган банкті тиісті есепті түзету қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді. Банк хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есептерді қосқанда түзету талап етілетін есептерді түзетуі тиіс немесе банктерді қадағалау бөлімшесінің талаптарымен келіспеген жағдайда банк жазбаша түсініктеме ұсынады, уәкілетті орган осыларды қарау нәтижелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің белгіленген мерзімде орындауы міндетті есептерге түзетудің қажеттілігіне қатысты түпкілікті шешім қабылдайды.
39. Егер уәкілетті орган клиенттердің кредитке алған қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағандығын байқаса және ол құжатпен расталса, онда банк осы активті қайта жіктеуі және осы Ереженің 2 қосымшасының талаптарына сай ол бойынша провизиялар (резервтер) құруы тиіс.
40. Банктің мына тұлғалардың пайдасына берілген немесе осы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкпен ерекше қатынаста байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаның зайыбы/жұбайы;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тұлға ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылған заңды тұлға;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тұлға ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, жақын туыс, жұбай/зайыбы болып табылған тұлға үшін берілген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша шеккен зияны өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс есебінен өтеледі.
41. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешіледі.
Активтерді, шартты міндеттемелерді
жіктеу және оларды күмәнді және
үмітсіз санатына жатқыза отырып,
провизиялар (резервтер) құру ережесіне
N 1 қосымша
N 1 кесте
Банкаралық кредиттерді (банктерге және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға ұсынылған) жіктеу және Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша
200_жылғы "___" __________ провизиялар құруы
Банк ______________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Жіктемеге |Негіз.|оның |Ережеге|Нақты |оның |Қамта.
сай кредиттер |гі |ішінде |сай |құрыл.|ішінде |масыз
тобы |борыш |кредиттер|негізгі|ған |2-баған. |ету
|сома. |бойынша |борыш |прови.|да көр. |құны
|сының |негізгі |сома. |зиялар|сетілген |
|бар. |борыш |сынан |сома. |кредиттер|
|лығы |сомасы |прови. |сының |бойынша |
| |(қаржы. |зиялар.|бар. |құрылған |
| |лық |дың |лығы |провизия.|
| |лизингті |мөлшері| | лар |
| |қоспа. |(%-те) | |сомасы |
| |ғанда) | | | |
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнді:
1) күмәнді 1 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 5
2) күмәнді 2 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 20
4) күмәнді 4 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. үмітсіз 100
барлығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
N 2 кесте
Басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген кредиттерді
(осы қосымшаның N 1 кестесінде көрсетілгеннен басқа)
жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің олар бойынша
200_жылғы "___" _____________ провизиялар құруы
Банк _________________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Жіктемеге |Негіз.|оның |Ережеге|Нақты |оның |Қамта.
сай кредиттер |гі |ішінде |сай |құрыл.|ішінде |масыз
тобы |борыш |кредиттер|негізгі|ған |2-баған. |ету
|сома. |бойынша |борыш |прови.|да көр. |құны
|сының |негізгі |сома. |зиялар|сетілген |
|бар. |борыш |сынан |сома. |кредиттер|
|лығы |сомасы |прови. |сының |бойынша |
| |(қаржы. |зиялар.|бар. |құрылған |
| |лық |дың |лығы |провизия.|
| |лизингті |мөлше. | | лар |
| |қоспа. |рі | |сомасы |
| |ғанда) |(%-те) | | |
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнді:
1) күмәнді 1 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 5
2) күмәнді 2 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 20
4) күмәнді 4 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. үмітсіз 100
барлығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
N 3 кесте
Бағалы қағаздарды жіктеу және Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша
200__жылғы "____" ______________ провизиялар құруы
Банк _________________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Жіктемеге сай |Номиналды| Ережеге сай | Нақты
бағалы қағаздар тобы | құны |номиналды құннан|құрылған
| | провизиялардың |провизия.
| | мөлшері | лар
| | (%-те) |
-------------------------------------------------------------------
1 2 3
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнді:
1) күмәнді 1 санат - төлемдерді
уақтылы және толық төлеген кезде 5
2) күмәнді 2 санат - төлемдерді
кешіктірген немесе төлемдерді
толық төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат - төлемдерді
уақтылы және толық төлеген кезде 20
4) күмәнді 4 санат - төлемдерді
кешіктірген немесе төлемдерді
толық төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. Үмітсіз 100
Барлығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
N 4 кесте
Салымдарды (депозиттерді) жіктеу және Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар
бойынша 200__жылғы "_"__________ провизиялар құруы
Банк _________________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Жіктемеге сай |Негіз.|оның ішін.|Ережеге |Нақты |оның
салымдар (депозиттер)|гі |де салық |сай |құрыл.|ішінде
тобы |борыш |салу |негізгі |ған |2-баған.
| |мақсатында|борыш |прови.|да көр.
| |негізгі |сомасы. |зиялар|сетілген
| |борыш |нан про.| |борыш
| |сомасы |визия. | |бойынша
| | |лардың | |құрылған
| | |мөлшері | |провизия.
| | |(%-те) | |лар сомасы
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнді:
1) күмәнді 1 санат -
төлемдерді уақтылы
және толық төлеген
кезде 5
2) күмәнді 2 санат -
төлемдерді кешіктірген
немесе төлемдерді
толық төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат -
төлемдерді уақтылы
және толық төлеген
кезде 20
4) күмәнді 4 санат -
төлемдерді кешіктірген
немесе төлемдерді
толық төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. үмітсіз 100
барлығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
N 5 кесте
Дебиторлық берешектерді жіктеу және Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша
200_жылғы "___" ____________ провизиялар құруы
Банк _________________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Дебиторлық |Сомасы|оның |Прови. |Нақты |оның |Қамта.
берешек | |ішінде |зиялар.|құрыл.|ішінде |масыз
| |салық са.|дың |ған |2-баған. |ету
| |лу мақса.|мөлшері|прови.|да көр. |құны
| |тында ке.|(Ереже.|зиялар|сетілген |
| |пілдікті |ге сай |сома. |дебитор. |
| |құжаттық |негізгі|сы |лық бере.|
| |есеп айы.|борыш | |шек бой. |
| |рысу бой.| со. | |ынша құ. |
| |ынша де. |масынан| |рылған |
| |биторлық |%-те) | |провизия.|
| |берешек | | |лар сома.|
| |сомасы | | |сы |
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнді:
1) күмәнді 1 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 5
2) күмәнді 2 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 20
4) күмәнді 4 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. үмітсіз 100
жиынтығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
N 6 кесте
Шартты міндеттемелерді жіктеу және
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің олар бойынша
200_жылғы "___" __________ провизиялар құруы
Банк _________________
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Шартты |Сомасы|оның ішін.|Прови. |Нақты |оның |Қамта.
міндеттемелер | |де шыға. |зиялар.|құрыл.|ішінде |масыз
| |рылған |дың |ған |2-баған. |ету
| |немесе ке.|мөлшері|прови.|да көр. |құны
| |пілдікпен |(Ереже.|зиялар|сетілген |
| |расталған |ге сай |сома. |шартты |
| |жабылмаған|негізгі|сы |міндетте.|
| |аккредитв.|борыш | |мелер |
| |тер бойын.| со. | |бойынша |
| |ша шартты |масынан| |құрылған |
| |міндетте. |%-те) | |провизия.|
| |мелер | | |лар сома.|
| |сомасы | | |сы |
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
-------------------------------------------------------------------
1. стандартты 0
2. күмәнды:
1) күмәнді 1 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 5
2) күмәнді 2 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 10
3) күмәнді 3 санат
- төлемдерді уақты.
лы және толық
төлеген кезде 20
4) күмәнді 4 санат
- төлемдерді кешік.
тірген немесе
төлемдерді толық
төлемеген кезде 25
5) күмәнді 5 санат 50
3. үмітсіз 100
жиынтығы (1+2+3)
-------------------------------------------------------------------
Төраға
Бас бухгалтер Мөр орны
Орындаушы
телефон:
Активтерді, шартты міндеттемелерді
жіктеу және оларды күмәнді және
үмітсіз санатына жатқыза отырып,
провизиялар (резервтер) құру ережесіне
N 2 қосымша
Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу
N 1 кесте
--------------------------------------------------------------------
N Критерийлер Балл
--------------------------------------------------------------------
1. Қаржылық жағдай
1) Тұрақты 0
2) Қанағаттанарлық +1
3) Тұрақсыз +2
4) Қиын +4
--------------------------------------------------------------------
2. Жіктелетін активтер бойынша өтеу кешіктірілген кез келген
төлемдер
1) кредит салымдар (депозиттер) дебиторлық
бойынша бағалы қағаздар және берешек бойынша
шартты міндеттемелер
бойынша
жіктелетін активтер бойынша кешіктірілген төлемдердің
болмауы 0
2) 1 - 30 күн 7 күнге дейін 14 күнге дейін +1.5
3) 31 - 60 күн 7 күннен 15 күнге дейін 14 күннен 30 күнге
дейін +2.5
4) 61 - 90 күн 15 күннен 30 күнге дейін 30 күннен 60 күнге
дейін +3.5
5) 90 күннен 30 күннен астам 60 күннен астам +4.5
астам
--------------------------------------------------------------------
3. Қамтамасыз ету сапасы
1) Сенімді -3
2) Жақсы -2
3) Қанағаттанарлық 0
4) Қанағаттанғысыз +1
5) Қамтамасыз етілмейді +2
--------------------------------------------------------------------
4. Ұзарту
1) ұзартудың болмауы 0
2) ұзартудың болуы ұзартулар саны +1 балға көбейтіледі
--------------------------------------------------------------------
5. Басқа кешіктірілген міндеттемелердің болуы (басқа
кешіктірілген міндеттемелердің болмауы - 0 балл) +1
--------------------------------------------------------------------
6. Активті мақсатқа сай пайдаланбау үлесі % (25%-тен -
0 баллға дейін)
1) 25%-тен астам 1
2) 50%-тен астам 2
3) 75%-тен астам 3
4) 100% 4
--------------------------------------------------------------------
7. Басқа кредиторлардың алдында есептен шығарылған
берешектің болуы (есептен шығарылған берешектің
болмауы - 0 балл) +2
--------------------------------------------------------------------
8. Заемшыда (борышкерде) рейтингтің болуы
1) "А" және жоғары -3
2) Қазақстан Республикасының рейтингісінен жоғары -
"А"-ға дейін -2
3) Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейінде -1
4) Қазақстан Республикасының рейтингісінен төмен және
рейтингі жоқ 0
Жиынтығы:
--------------------------------------------------------------------
Кестені толтыру бойынша ереже:
1. Кредиттерді жіктеу кезінде осы кестенің 1-8 тармақтарында көзделген барлық критерийлер пайдаланылады.
2. Салымдарды (депозиттерді) жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 5, 7 және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
3. Бағалы қағаздарды, дебиторлық берешекті жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 4, 5, 7 және 8-тармақтары пайдаланылады. Осы Кестенің 1-тармағында көзделген дебиторлық берешекке қатысты критерий, егер есептегі берешек бір дебиторға банктің меншік капиталының 5%-нен астамын құраған жағдайда пайдаланылады.
4. Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 3, 5, 7, және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
5. Егер заемшы (борышкер) оффшорлы аймақта тіркелген немесе оффшорлы аймақта тіркелген тұлғаға қатысы бойынша тәуелді не еншілес тұлға болып табылса, 8-тармақ қолданылмайды.
Активтің жіктеу санаты осы активті осы қосымшаның N 1 кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша осы активті бағалау нәтижесі бойынша анықталады. Актив бойынша жиналған баллдардың санына қарай оның жіктеу санаты және осы қосымшаның N 2 кестесіне сай қажетті провизиялар (резервтер) мөлшері белгіленеді.
6. Қаржылық жағдай былайша:
1) тұрақты - заемшының қаржылық жағдайы тұрақты; компания шығынсыз жұмыс істейді, төлем қабілеті бар, рынокта жақсы бәсеке позициясы бар; заемшының актив бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржылық жағдайын едәуір нашарлататын сыртқы немесе ішкі факторлар анықталған жоқ; клиенттің банкпен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән тудырмайды; заемшының активтері мен міндеттемелерінің мерзімі шамалас;
2) қанағаттанарлық - заемшының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауын көрсететін белгілер бар; кірістердің, төлем қабілеттілігі деңгейінің, рыноктық позициясының төмендеуі - немесе заемшының актив бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржылық жағдайын едәуір нашарлататын сыртқы немесе ішкі факторлар анықталды; клиенттің банкпен өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмау ықтималдылығы бар, бірақ ол жоғары емес; сонымен бірге заемшы уақытша қиындықтарды жеңуге және банк алдындағы өз міндеттемелерімен есеп айырысуға қабілетті;
3) тұрақсыз - заемшының тұрақты және елеулі қаржылық жағдайының нашарлау белгілері бар; шығынмен жұмыс істеу, төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі, рыноктық үлесінің тұрақты түрде азаюы; сонымен бірге заемшының өз қаржылық жағдайын тұрақтандыруына және жақсартуына сенім жоқ; заемшының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмау ықтималдылығы жоғары; заемшыға 1 жылдан астам емес мерзімге санация жарияланған; заемшыға материалдық зиян шектірген, бірақ оның қызметін тоқтатпаған төтенше жағдай, сондай-ақ басқа жағдай орын алған; заемшының кредиттік досьесі немесе заемшының қаржылық жағдайын бағалауға қажетті мәліметтер жоқ;
4) қиын - заемшының қаржылық жағдайының тұрақты нашарлауы шиеленісті деңгейге жеткен; залалдың, төлем қабілетсіздігінің елеулі деңгейінің болуы, рыноктық позициясын жоғалту; заемшының теріс меншік капиталының болуы; заемшыға 1 жылдан астам мерзімге санация жариялануы; заемшының банкрот деп танылуы; заемшыға материалдық зиян шектірген және/немесе оның өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайдың орын алуы ретінде жіктеледі. Заемшының (борышкердің) қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмаған жағдайда оның қаржылық жағдайы қиын ретінде бағаланады.
7. Қамтамасыз ету сапасы былайша:
1) сенімді (жоғары өтімді қамтамасыз ету) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тізбесін уәкілетті орган бекітетін рейтингтік агенттіктердің бірінің АА тобы рейтингісінен төмен емес жеке рейтингі бар банктердің салымдағы (депозиттегі) ақша кепілі, мемлекеттік бағалы қағаз, тізбесін уәкілетті орган бекітетін кез келген рейтингтік агенттіктің А рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттердің үкіметтері шығарған бағалы қағаздар түріндегі кепілдігі (кепілдеме беру) түрінде және құны заемшының активі бойынша (негізгі борыш пен сыйақы бойынша) міндеттемелерін кем дегенде 100% жабатын монетарлық қымбат металдар түрінде;
2) жақсы - құны заемшының активі бойынша (негізгі борыш пен сыйақы бойынша) міндеттемелерін кем дегенде 90% жабатын осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жоғары өтімді қамтамасыз ету;
3) қанағаттанарлық - құны заемшының активі бойынша (негізгі борыш пен сыйақы бойынша) міндеттемелерін кем дегенде 100% жабатын қамтамасыз ету немесе құны активтің кем дегенде 75% жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету;
4) қанағаттанғысыз - құны заемшының активі бойынша (негізгі борыш пен сыйақы бойынша) міндеттемелерін 50% кем жабатын толық емес қамтамасыз ету;
5) қамтамасыз етілмейді - қамтамасыз ету құны заемшының активі бойынша (негізгі борыш пен сыйақы бойынша) міндеттемелерін 50% кем жабатын бланктік кредит не ішінара қамтамасыз ету ретінде жіктеледі.
Қамтамасыз ету талап ету құқығы (қолданыстағы жоғары өтімді қамтамасыз етуді қоспағанда) және алдағы уақытта түсетін тауарлар түріндегі актив қамтамасыз етілмеген ретінде бағаланады. Егер актив бойынша қамтамасыз ету айналымдағы тауарлар кепілі бойынша қолданылған жағдайда, онда мұндай қамтамасыз ету қанағаттанғысыздан жоғары емес ретінде бағаланады. Мұндай талап ету халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттік желісі шеңберінде бес миллион теңгеден астам емес сомада (немесе көрсетілген соманың кепілдік берілетін күнгі орташа биржалық бағам бойынша есептелген шетел валютасындағы ақшалай баламасы) кредиттелетін Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталатын шағын бизнес субъектілеріне қолданылмайды.
Банктің қамтамасыз ету сапасы бағалау сәтінде оны өткізудің (сатудың) мүмкін болу талабымен ағымдағы сәттегі қамтамасыз ету құнының әділ (рыноктық) бағасы негізінде анықталады.
N 2 кесте
-------------------------------------------------------------------
Баллдардың саны |Активтің жіктеу |Провизия мөлшері (негізгі
| санаты | борыш сомасының %)
-------------------------------------------------------------------
1 дейін (қоса алғанда) Стандартты 0
Күмәнді:
1-ден 2-ге дейін 1 санат 5% - төлемдерді уақтылы
(қоса алғанда) және толық төлеген кезде
2 санат 10% - төлемдерді кешіктір.
ген және толық төлемеген
кезде
2-ден 3-ке дейін 3 санат 20% - төлемдерді уақтылы
(қоса алғанда) және толық төлеген кезде
4 санат 25% - төлемдерді кешіктір.
ген және толық төлемеген
кезде
3-тен 4-ке дейін 5 санат 50% - барлық жағдайда
(қоса алғанда)
4-тен және одан астам Үмітсіз 100% - барлық жағдайда
-------------------------------------------------------------------
Активтерді, шартты міндеттемелерді
жіктеу және оларды күмәнді және
үмітсіз санатына жатқыза отырып,
провизиялар (резервтер) құру ережесіне
N 3 қосымша
Ескерту: 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327
қаулысымен
.
Инвестициялық заемдарды (кредиттерді) және
оларға байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу
N 1 кесте
___________________________________________________________________
N | Критерийлер | Баллдар
___________________________________________________________________
1. Қаржы жағдайы
1) Тұрақты 0
2) Қанағаттанарлық +1
3) Тұрақсыз +2
4) Өте қиын +4
2. Жіктелетін актив бойынша кез келген төлемнің өтеу
мерзімін өткізіп алу
1) кредит бойынша салымдар дебиторлық
(депозиттер) берешек
бағалы қағаздар бойынша
және шартты
міндеттемелер
бойынша
Жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімін
өткізіп алудың болмауы 0
2) 1-30 күн 7 күнге дейін 14 күнге дейін +1,5
3) 31-60 күн 7 күннен 14 күннен
15 күнге дейін 30 күнге дейін +2,5
4) 61-90 күн 15 күннен 30 күннен
30 күнге дейін 60 күнге дейін +3,5
5) 90 күннен астам 30 күннен астам 60 күннен астам +4,5
3. Қамтамасыз ету сапасы
1) Сенімді -3
2) Жақсы -2
3) Қанағаттанарлық -1
4) Қанағаттанарлықсыз +1
5) Қамтамасыз етусіз +2
4. Мерзімді ұзарту
1) Мерзімді ұзартудың болмауы 0
2) Мерзімді ұзартудың болуы мерзімді
ұзарту.
лардың
санын
+1 балға
көбейтеді
5. Басқа мерзімі өткен міндеттемелердің болуы (басқа
мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы - 0 балл) +1
6. Процентпен активтерді мақсатсыз пайдалану үлесі
(25 процентке дейін - 0 балл)
1) 25 проценттен астам 1
2) 50 проценттен астам 2
3) 75 проценттен астам 3
4) 100 процент 4
7. Басқа кредиторлар алдындағы есептен шығарылған
берешектің болуы (есептен шығарылған берешектің
болмауы - 0 балл) +2
8. Заемшыда (борышкерде) рейтинг болуы
1) "А" және жоғары -3
2) Қазақстан Республикасының рейтингінен
жоғары - "А"-ға дейін -2
3) Қазақстан Республикасының рейтингі деңгейінде -1
4) Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен және
рейтингісіз 0
Жиынтығы
___________________________________________________________________
Кестені толтыру бойынша ереже:
1. Кредиттерді жіктеу кезінде осы кестенің 1-8 тармақтарымен көзделген барлық критерийлер пайдаланылады.
2. Дебиторлық берешекті жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 4, 5, 7 және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады. Осы кестенің 1-тармағында көзделген критерий берешек бір дебиторға есептегенде банктің меншікті капиталының 5 проценттен астамын құраған жағдайда пайдаланылады.
3. Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы кестенің 1, 2, 3, 5, 7 және 8-тармақтарында көзделген критерийлер пайдаланылады.
4. Егер заемшы (борышкер) оффшорлық аймақтарда тіркелген не оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға қатысы бойынша тәуелді немесе еншілес тұлға болып табылса, 8-тармақ қолданылмайды.
Активтің жіктеу санаты осы қосымшаның N 1 кестесінде көрсетілген критерийлер бойынша осы активті бағалау нәтижелері бойынша айқындалады. Актив бойынша жиналған балл санын негізге ала отырып, оның жіктеу санаты және осы қосымшаның N 2 кестесіне сәйкес қажетті провизиялардың (резервтердің) мөлшері белгіленеді.
5. Қаржы жағдайы былайша жіктеледі:
тұрақты - заемшының қаржы жағдайы тұрақты; компания зиянсыз, төлем жасауға қабілетті, актив бойынша шарттың қолдану мерзімі ішінде заемшының қаржы жағдайын едәуір төмендетуге ықпал жасайтын ішкі немесе сыртқы факторлар анықталмаған; клиенттің өз міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысу мүмкіндігі күдік туғызбайды; заемшының активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас;
қанағаттанарлық - заемшының қаржы жағдайының уақытша төмендеуін көрсететін белгілер бар: кредиттеу басталғаннан бері үш жыл ішіндегі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден аспайтын жыл сайынғы зияны, кірісінің, төлем қабілеті деңгейінің, рыноктық позициясының төмендеуі немесе актив бойынша шарттың қолдану мерзімі ішінде заемшының қаржы жағдайын төмендетуге ықпал жасайтын ішкі және сыртқы факторлардың анықталуы; клиенттің өз міндеттемелері бойынша банкпен есеп айырыса алмау ықтималдығы бар, бірақ ол жоғары емес; сонымен бірге заемшы уақытша қиындықтарды жеңуге қабілетті және банк алдындағы өзінің міндеттемелерімен есеп айырыса алады деген сенімділік бар;
тұрақсыз - заемшының қаржы жағдайында тұрақты және елеулі төмендеу белгілері бар: кредиттеу басталғаннан бері үш жылдан астам уақыт ішіндегі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден аспайтын жыл сайынғы зияны; төлем қабілетінің төменгі деңгейі, рыноктық үлесінің тұрақты төмендеуі; сонымен бірге заемшы өзінің қаржы жағдайын тұрақтандырады және жақсартады деген сенімнің болмауы; заемшының өзінің міндеттемелері бойынша банкпен мерзімінде есеп айырыса алмауының жоғары ықтималдығы бар; заемшыға бір жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланған; төтенше жағдайлар, сондай-ақ заемшыға материалдық залал келтіретін, бірақ оның қызметін тоқтатпайтын өзге де жағдайлар бар; заемшының кредиттік досьесі жоқ;
өте қиын - заемшының қаржы жағдайының тұрақты төмендеуі өте қиын деңгейге жетті: төлем қабілетсіздік, рыноктық позицияны жоғалту; заемшыға бір жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланған; заемшыда материалдық залал келтіретін және/немесе оның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар. Заемшының (борышкердің) қаржы жағдайы туралы ақпарат болмаған кезде оның қаржы жағдайы өте қиын ретінде бағаланады.
6. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
1) сенімді (өтімділігі жоғары қамтамасыз ету) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты екі сатыдан аспайтын шетел валютасындағы рейтинг агенттіктерінің біреуінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепіл болуы), салымдағы (депозиттегі), мемлекеттік бағалы қағаздардағы, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен емес рейтинг агенттіктерінің біреуінің шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар шетел мемлекеттерінің Үкіметтері шығарған бағалы қағаздардағы ақша кепілі, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 100 процентін жабатын монетарлық қымбат металдар түрінде қамтамасыз ету;
2) жақсы - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісінен төмен рейтинг санатының екі деңгейінен аспайтын бір рейтинг агенттігінің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі бар банктердің резервтік аккредитивтер түріндегі, тиісті қаржы жылына республикалық немесе жергілікті бюджеттегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету үшін қарастырылған мүлік, ақша, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы) заемшының міндеттерінің кемінде 70 процентін жабатын төлем қабілетті (қаржы жағдайы тұрақты) заемшылардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түскен ақша түріндегі, ал қалғаны - болашақта бизнес-жоспарға, талап ету құқығына, айналыстағы тауарлар түрінде түсетін борышкердің мүлкі және басқа да заңмен көзделген қамтамасыз ету тәсілдері;
3) қанағаттанарлық:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банктердің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты үш сатыдан аспайтын шетел валютасындағы бизнес-жоспарға сәйкес болашақта түсетін, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 60 процентін жабатын, тиісті қаржы жылына мемлекеттік бюджеттердегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеуге көзделген ақша, ал қалғаны - борышкердің мүлкі түріндегі, талап ету құқығы, айналыстағы тауарлар және заңмен белгіленген басқа қамтамасыз ету тәсілдері;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген банктердің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінен төмен рейтинг санаты төрт сатыдан аспайтын шетел валютасындағы бизнес-жоспарға сәйкес болашақта түсетін, құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) заемшы міндеттемелерінің кемінде 100 процентін жабатын, тиісті қаржы жылына мемлекеттік бюджеттердегі инвестициялық кредиттер бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеуге көзделген ақша;
4) қанағаттанарлықсыз - құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) борышкер міндеттемесінің кемінде 50 процентін жабатын толық емес қамтамасыз ету;
5) қамтамасыз етусіз - бланкілік кредит не ішінара қамтамасыз етілген, мұндайда қамтамасыз ету құны актив бойынша (негізгі борыш және сыйақы бойынша) борышкер міндеттемесінің 50 процентінен азын жабады.
Банктің қамтамасыз ету сапасы бағалау сәтінде оны өткізу (сату) ықтималдығы жағдайында, ағымдағы сәтте қамтамасыз ету құнының әділ (рыноктық) бағалауы негізінде айқындалады.
N 2 кесте
___________________________________________________________________
Балл саны | Активтің жіктеу | Провизия мөлшері (негізгі
| санаты | борыштың сомасынан процентпен)
___________________________________________________________________
1-ге дейін Стандарттық 0
(қоса алғанда)
Күмәнді
1-санат 5 процент - төлемді уақтылы
және толық төлеген кезде
2-санат 10 процент - төлемді
кешіктірген немесе толық
төлемеген кезде
2-ден 3-ке дейін 3-санат 20 процент - төлемді уақтылы
(қоса алғанда) және толық төлеген кезде
4-санат 25 процент - төлемді
кешіктірген немесе толық
төлемеген кезде
3-тен 4-ке дейін 5-санат 50 процент - барлық жағдайларда
(қоса алғанда)
4 және одан Үмітсіз 100 процент - барлық жағдайларда
да көп
___________________________________________________________________