Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2171. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.04.2013 № 125 бұйрығымен

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын орындау үшiн  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
      3. Ғылым Министрi - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы президентiнiң 1997 жылғы 19 желтоқсандағы N 241  бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 сәуiрде N 506 тiркелген "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туралы уақытша ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
      4. "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 29 маусымдағы N 522 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С.Бектұрғановқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрінің    
2002 жылғы 27 желтоқсандағы    
N 911 бұйрығымен бекітілген    
"Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың  
Ғылыми және инженерлік      
техникалық қызметкерлерін    
аттестациялау ережесін      
бекіту туралы"          

  Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін
Аттестациялау ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңына сәйкес жасалған.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарының қызметкерлерін (бұдан - әрі қызметкерлер) аттестациялауды өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      3. Аттестациялаудың мақсаты қызметкердің өз лауазымына сәйкестілігін анықтау болып табылады.

      4. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) аттестация - қызметкердің өз лауазымына сәйкестілігін анықтау;
      2) уәкілетті мемлекеттік орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) ғылыми қызметкер - жоғары білімі, қажетті біліктілігі бар және ұйымда белгілі бір лауазым иесі болып табылатын, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарды кәсіби орындай алатын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
      4) инженерлік-техникалық қызметкер - орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін және оның жүзеге асуына жәрдемдесуші, жеке тұлға.

      5. Аттестаттаудан жүкті әйелдер босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күту демалысындағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

      6. Аттестацияның негізгі принциптері жариялылық, алқалылық, жүйелілік болып табылады.

  2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы

      7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда, оның ішінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындарда, аттестаттауды өткізу үшін 7 адамнан тұратын аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттаудың нысаны мен рәсімдерін, аттестаттауды өткізудің нақты мерзімдерін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жасайды, аттестаттаудың қорытындылары бойынша шешімдер шығарады.
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

      8. Мемлекеттік ғылыми ұйымның аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша ғылыми ұйымның басшысымен құрылады. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясы негізгі және еншілес кәсіпорындардың кадр қызметтерінің ұсынысы бойынша негізгі кәсіпорынның басшысымен құрылады.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

      9. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің қызметкерлері және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Ғылыми ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің   қызметкерлері, негізгі кәсіпорынның және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Негізгі кәсіпорынның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

      10. Аттестаттау комиссиясының жеке құрамы мен өкілеттік мерзімі ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен анықталады.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

  3. Аттестацияны өткізу тәртібі

      11. Аттестация лауазымдық нұсқаулық, қызметкердің кәсіби біліктілік деңгейіне, қызметінің нәтижесі мен сапасына сараптау және ұжымда жайлы ахуал тудыра білуі негізінде өткізіледі.
      Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау кезінде, олардың жарияланымдық белсенділігін және ғалымның цитаталық индексін (белгілі бір уақыт аралығындағы отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың осы ғалымның еңбектеріне сілтеме жасауларының саны) есептеу қажет. Ғалымның цитаталық индексін Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының басым проблемалары жөніндегі ғалымдар мен мамандардың жарияланымдары бойынша құрылған ақпараттық ресурстар базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы анықтайды және аттестаттау комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылады. Цитаталық индекс жүргізіліп отырған зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып қолданылады (қызмет бабында пайдалану үшін, құпия, өте құпия, аса маңызды).
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .

      12. Ғылыми ұйымдардың қызметкерлері үш жылда бір рет аттестатталады.
      Осыған байланысты аттестаттау көрсетiлген мерзiмнiң басталу күнiнен бастап алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311   бұйрығымен .

      13. Аттестацияны өткізу кестесі ұйым басшысымен бекітіледі және аттестатталушы қызметкерге аттестацияның басталуына бір ай бұрын ескертіледі.

      14. Кестеде келесі мәліметтер көрсетіледі:
      - аттестацияға қатысатын қызметкер жұмыс істейтін бөлімшенің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестацияның өткізу күні, және ұсыныстың аттестациялау комиссиясына берілетін мерзімі, сондай-ақ олардың дайындығына жауапты жұмыскерлердің лауазымдары мен тектері.

      15. Аттестациялауға қатысатын әр қызметкерге екі апта бұрын бөлімшенің тікелей жетекшісі осы Ереженің 5 тармағына сәйкес ұсыныстама дайындайды.

      16. Аттестатталушы қызметкер ұсыныспен аттестациядан екі апта бұрын танысуы тиіс.

      17. Ұйымның басшылық құрамын аттестаттау, оларға бағынатын қызметкерлерді аттестациялаудың алдында өткізілуі керек.

      18. Аттестациялау комиссиясы жасалған ұсынысты қарайды, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды. Қызметкерге қойылатын біліктілік бағасы мен комиссияның ұсынысы аттестатталушы қызметкердің қатысуынсыз ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәртібі аттестациялық комиссияның және міндетті түрде сырт өкілдің қатысуымен комиссия мүшелерінің 3/2 кворумымен өткізіледі. Комиссия аттестаттау нәтижесі бойынша қызметкерге лауазымына сәйкес баға береді:
      лауазымына сәйкес;
      лауазымына сәйкес емес.

      19. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің дауыс беру көпшілігімен айқындайды. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      20. Белгіленген сәйкес біліктілік бағасы келесі аттестаттау өткенге дейін сақталады.

      21. Аттестациялау комиссиясының мүшесі аттестацияны жалпы негізде өтеді, бірақ өзінің кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды.

      22. Аттестациялау комиссияның біліктілік бағасы және ұсынысы қызметкердің аттестациялау парағына жазылады (қосымшаға сәйкес), дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, хатшысы, мүшелері, қолдарын қояды. Қызметкердің аттестациялау парағы, аттестацияланған қызметкер қолын қойып танысқаннан кейін, ұсыныс пен бірге оның жеке ісінде сақталады.
      Өзiндiк пiкiрi бар аттестаттау комиссиясының мүшелерi комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда оны жазбаша түрде аттестаттау парағына қосып беруi мүмкiн.
      Аттестатталушының аттестаттауға келмеген жағдайында бiр айдан кейiн қайтадан аттестаттау тағайындалады. Қызметкер қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттаудан өтпеген деп есептейдi.
       Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311   бұйрығымен .

      23. Қызметкерлердiң аттестаттау қорытындыларын бақылау тәртiбiнде ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесiнiң отырыстарында қарастырылады.
       Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311   бұйрығымен .

      24. Аттестациялауды өткізу кезіндегі ақыл-кеңес жұмыстарын аттестацияны жүргізу құзыры берілген ұйым іске асырады.

      25. Аттестациялауға қатысты еңбек даулары осындай дауларды қарау тәртібі белгіленген қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.

                                                             Пішін

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы  N 468 бұйрығымен .  

              Қызметкердің аттестациялау парағы

1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
2. Туған күні _____________________________________________________
3. Оқу және біліктілігін арттыру жөніндегі
мәліметтер ________________________________________________________
___________________________________________________________________
3-1. Ғылыми қызметкердің жарияланымдарының саны, соның ішінде соңғы бес жылда__________________________________________________________
3-2. Ғалымның цитаталық индексі____________________________________
___________________________________________________________________
4. Аттестацияға дейінгі қызметі және сол қызметке тағайындалған
күні ______________________________________________________________
___________________________________________________________________

5. Жалпы еңбек стажы_______________________________________________
6. Аттестациялық комиссия мүшелерінің ескертулері мен
ұсыныстары_________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Аттестатталушы қызметкердің ескертулері мен ұсыныстары
___________________________________________________________________
8. Қызметкердің біліктілік бағасы: Бағаны қолдап дауыс бергендердің
саны______, қарсы дауыс бергендердің саны______баға_______
9. Аттестациялық комиссияның ұсынысы
___________________________________________________________________

Аттестациялық комиссияның төрағасы _________________________________
Аттестациялық комиссияның хатшысы _________________________________
Аттестациялық комиссияның мүшелері _______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестацияның күні ________________________________________________
Аттестациялық парақпен таныстым ___________________________________
                                     жұмыскердің қолы және күні

Об утверждении Правил аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 911. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2003 года N 2171. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 апреля 2013 года № 125

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 05.04.2013 № 125.

      Во исполнение  Закона Республики Казахстан "О науке" приказываю:

     1. Утвердить прилагаемые Правила аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций.

     2. Департаменту науки (В.В. Могильный) в установленном порядке зарегистрировать приказ в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Признать утратившим силу  приказ Министра науки - президента Академии наук Республики Казахстан от 19 декабря 1997 года N 241 "Временное положение об аттестации работников государственных научных организаций", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 1998 года N 506.   

     4. Отменить приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июня 2002 года N 522 "Об утверждении Правил аттестации научных и научно-технических работников государственных научных организаций". 

     5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра Н.С Бектурганова. 

     6. Настоящий Приказ вступает в силу с момента государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 
 
        Министр

Утверждены               
Приказом Министра образования и науки 
Республики Казахстан        
от 27 декабря 2002 года N 911     
"Об утверждении Правил аттестации   
научных и инженерно-технических    
работников государственных       
научных организаций"          

Правила
аттестации научных и инженерно-технических
работников государственных научных
организаций
 

        1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аттестации научных и инженерно-
технических работников государственных научных организаций (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом Республики Казахстан "О науке" от 9 июля 2001 года.  
     2. Настоящие Правила устанавливают порядок проведения аттестации научных и инженерно-технических работников (далее - работников) государственных научных организаций Республики Казахстан.
     3. Целью аттестации является определение соответствия работника занимаемой должности. 
     4. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
     1) аттестация - определение соответствия работника занимаемой должности;
     2) уполномоченный государственный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области науки и научно-технической деятельности;   
     3) научный работник - физическое лицо, имеющее высшее образование, обладающее необходимой квалификацией и профессионально выполняющее научную и научно-техническую работу и занимающее соответствующую должность в организации, осуществляющей научную и научно-техническую деятельность;
     4) инженерно-технический работник - физическое лицо имеющее среднее профессиональное или высшее профессиональное образование, содействующее получению научного и (или) научно-технического результата и его реализации и работающее в научной организации.
     5. От аттестации освобождаются беременные женщины. Лица, находящиеся в трудовом отпуске, женщины, находящиеся в отпуске по уходу за ребенком, а также лица, отсутствующие по уважительной причине, проходят аттестацию после выхода на работу.
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     6. Основными принципами аттестации являются гласность, коллегиальность, системность.

  2. Аттестационная комиссия и ее состав

       7. Для проведения аттестации в государственных научных организациях, в том числе в дочерних государственных предприятиях, создаются аттестационные комиссии в количестве 7 человек, которые определяют формы и процедуры, конкретные сроки проведения аттестации, проводят анализ работы аттестуемого, выносят решения по итогам аттестации.
     Сноска. В пункт 7 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     8. Аттестационная комиссия государственной научной организации создается руководителем научной организации по представлению кадровой службы. Аттестационная комиссия дочернего государственного предприятия создается руководителем основного предприятия по представлению кадровых служб основного и дочернего предприятий.
     Сноска. В пункт 8 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     9. В состав аттестационной комиссии государственных научных организаций включаются руководители, работники кадровой и юридической служб научной организации, в которой проводится аттестация, и представители других организаций, осуществляющих научную и (или) научно-техническую деятельность в определенной области знаний. Руководителем научной организации из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель и секретарь комиссии.
      В состав аттестационной комиссии дочерних государственных предприятий включаются руководители, работники кадровой и юридической служб научной организации, в которой проводится аттестация, представители основного предприятия и других организаций, осуществляющих научную и (или) научно-техническую деятельность в определенной области знаний. Руководителем основного предприятия из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель и секретарь комиссии.
     Сноска. В пункт 9 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 19 мая 2005 года N  311 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     10. Персональный состав и сроки полномочий аттестационной комиссии определяются приказом руководителя научной организации.
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).

    3. Порядок проведения аттестации

     11. Аттестация проводится на основе должностных инструкций, анализа уровня квалификации, профессиональной компетентности, результативности и качества деятельности работника, способности выполнять возложенные на него обязанности и создавать творческую атмосферу в коллективе.
     При аттестации научных сотрудников необходимо учитывать их публикационную активность и индекс цитируемости ученого (количество ссылок на труды данного ученого за определенный промежуток времени в научных публикациях отечественных и зарубежных ученых и специалистов). Индекс цитируемости ученого определяется Национальным центром научно-технической информации Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан на базе информационных ресурсов, сформированных по публикациям ученых и специалистов по приоритетным направлениям научно-технологического развития Казахстана, и представляется по запросу аттестационной комиссии. Индекс цитируемости применяется с учетом специфики проводимых исследований (для служебного пользования, секретно, совершенно секретно, особой важности).
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     12. Работники научных организаций проходят аттестацию один раз в 3 года. При этом аттестация проводится не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока.  <*>
     Сноска. В пункт 12 внесены изменения - приказом Министра образования и науки РК от 19 мая 2005 года N  311 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     13. График проведения аттестации утверждается руководителем организации и доводится до сведения аттестуемых работников не менее чем за месяц до начала аттестации. 
     14. В графике проведения аттестации приводятся:
     1) наименование подразделения, в котором работает аттестуемый работник;
     2) фамилия, имя, отчество, должность аттестуемого работника;
     3) дата проведения аттестации;
     4) срок подачи представления в аттестационную комиссию;
     5) фамилии и должности работников, ответственных за подготовку аттестуемых работников. 
     15. На каждого работника, подлежащего аттестации непосредственный руководитель подразделения не позднее, чем за две недели до начала ее проведения готовит представление. 
     16. Аттестуемый работник должен быть ознакомлен с представлением за две недели до начала аттестации.
     17. Аттестация руководящего состава организации должна предшествовать аттестации работников, починенных им. 
     18. Аттестационная комиссия рассматривает внесенное представление, заслушивает аттестуемого работника. Квалификационная оценка работника и рекомендация комиссии принимаются открытым голосованием в отсутствие аттестуемого работника. Процедура голосования проводится при наличии кворума в 2/3 всех членов аттестационной комиссии и обязательном участии стороннего представителя. По результатам рассмотрения комиссия дает квалификационную оценку соответствия работника определенной должности:
     соответствует занимаемой должности;
     не соответствует занимаемой должности.
     19. Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим. 
     20. Установленная квалификационная оценка соответствия сохраняется до прохождения очередной аттестации. 
     21. Член аттестационной комиссии проходит аттестацию на общих основаниях, но в голосовании по своей кандидатуре не участвует. 
     22. Квалификационная оценка и рекомендация аттестационной комиссии записывается в аттестационный лист работника (согласно приложению), который подписывается председателем, секретарем и членами комиссии, участвовавшими в голосовании. Аттестационный лист работника, после ознакомления аттестованного под роспись, хранится вместе с представлением в его личном деле. 
     Члены аттестационной комиссии, имеющие мнение, не совпадающее с выводами комиссии, могут изложить его в письменной форме, приложив к аттестационному листу.
     В случае отсутствия аттестуемого через месяц назначается повторная аттестация. При повторной неявке по неуважительной причине работник считается неаттестованным.  <*>
     Сноска. В пункт 22 внесены изменения - приказом Министра образования и науки РК от 19 мая 2005 года N  311 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     23. В порядке контроля итоги аттестации работников рассматриваются на заседаниях научного (научно-технического) совета организации.  <*>
     Сноска. Пункт 23 в редакции - приказом Министра образования и науки РК от 19 мая 2005 года N  311 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     24. Консультационную работу при проведении аттестации осуществляет организация, в чью компетенцию входят вопросы аттестации. 
     25. Трудовые споры, относящиеся к аттестации, рассматриваются в соответствии с действующим законодательством, определяющим порядок рассмотрения таких споров. 

Приложение                  
к Правилам аттестации научных       
и инженерно-технических работников    
государственных научных          
организаций                 

      Сноска. В приложение внесены изменения приказом Министра образования и науки РК от 31 августа 2006 года N  468 (вводится в действие со дня официального опубликования).

                         Аттестационный лист работника 

1. Фамилия, Имя, Отчество _______________________________________
 
  2. Дата рождения ________________________________________________ 
 
  3. Сведения об образовании и повышении
  квалификации _________________________________________________  
                     (что окончил и когда, специальность и
  ______________________________________________________________
    квалификация по образованию, ученая степень, ученое звание)
3-1. Количество публикаций научного сотрудника, в том числе за
     последние пять лет
3-2. Индекс цитируемости ученого
4. Занимаемая должность на момент аттестации и дата назначения на  
  эту должность_________________________________________________ 
 
  5. Общий трудовой стаж___________________________________________
6. Замечания и предложения, высказанные членами аттестационной
  комиссии _____________________________________________________
7. Замечания и предложения, высказанные аттестуемым работником
  _______________________________________________________________
8. Квалификационная оценка работника: 
  Количество голосов за _____ против этой оценки                  
  ______оценка___________________________________________________
9. Рекомендация аттестационной комиссии
  _______________________________________________________________
  Председатель аттестационной комиссии __________________________
  Секретарь аттестационной комиссии _____________________________
  Члены аттестационной комиссии  ________________________________
  Дата аттестации _______________________________________________
  С аттестационным листом ознакомился ___________________________                                          подпись работника и дата