Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 29.07.2013 N 276/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, тарих пен бүгiнгi күн үшiн аса маңызды бiрегей белгiсi бар және құндылығы өшпейтiн объектiлердi бұдан әрi қорғау, оларды адамдардың бойында жоғары ұлттық сезiмiн тәрбиелеу үшiн пайдалану мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени ескерткiштердi қорғау және пайдалану жөнiндегi қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен келiсiлген мемлекеттiк қорғауға жататын жергiлiктi маңызы бар, сәулет және монументалды өнер ескерткiштерiнiң (бұдан әрi - Ескерткiштер) қосымша тiзiмi бекiтiлсiн.
2. Павлодар және Екiбастұз қалаларының әкiмдерi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Заңына сәйкес Ескерткiштердi қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн;
осы қаулыдан туындайтын басқа да қажеттi шараларды қолдансын.
3. Сәулет және қала құрылысы департаментi облыс мәдениет департаментiмен бiрлесiп, қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес екi ай мерзiмiнде Ескерткiштердi қорғау аймақтарын анықтасын.
4. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) Ескерткiштердi қорғау аймақтарының шекарасын жердi пайдалану картасына енгiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 7 қазандағы
N 220/10 қаулысына 1 қосымша
Мемлекеттiк қорғауға жататын жергiлiктi
маңызы бар сәулет және монументалды өнер
ескерткiштерiнiң қосымша тiзiмi
----------------------------------------------------------------
|Р/с| Атауы | Енгiзiлген жылы| Орналасқан жерi
----------------------------------------------------------------
| 1 | 2 | 3 | 4
----------------------------------------------------------------
| 1 |Благовещенск | 1999 | Павлодар қаласы,
| |ғибадатханасы | | Конституция алаңы
----------------------------------------------------------------
| 2 |Римск-католик | 1999 | Павлодар қаласы,
| |костелі | | Суворов және
| | | | Украинск
| | | | көшелерінің
| | | | қиылысы
----------------------------------------------------------------
| 3 |С.Торайғыров | 2000 | Павлодар қаласы,
| |ескерткіші | | Дзержинский және
| | | | Торайғыров
| | | | көшелерінің
| | | | қиылысы
----------------------------------------------------------------
| 4 |М.Ж.Көпеев | 2001 | Павлодар қаласы,
| |мешіті | | Қайырбаев және
| | | | Кутузов көшелері.
| | | | нің қиылысы
----------------------------------------------------------------
| 5 |Мешіт | 1998 | Екібастұз қаласы,
| | | | Беркімбаев көшесі,
| | | | 165/56
----------------------------------------------------------------
| 6 |Православиелік | 1998 | Екібастұз қаласы,
| |шіркеу | | Әуезов көшесі,160
----------------------------------------------------------------