Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы

Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 3/390 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 8 шілдеде N 460 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы N 1/102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 12.02.2014 № 1/102 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының аталуы жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 21 маусымдағы N 692-XII "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес және Алматы қаласындағы мүгедек балаларды әлеуметтiк қорғау мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мүгедек балаларын үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбi туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қалалық қаржы басқармасы (Тәжiбаев Қ.Қ.) қала бюджетiнде қарастырылған қаржы шегiнде мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақы төлеуге уақытында қаражат бөлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (Нұрланов А.Ж.) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақыны уақытында тағайындау және төлеуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 6 қыркүйектегi N 806 "Нақты әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А. Бижановқа жүктеледi.

      Алматы қаласының Әкімі

      Әкiмшiлiк хатшысы

  Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 17 маусымдағы N 3/390
қаулысына қосымша

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын
отбасыларына  жәрдемақы тағайындау және
төлеу тәртібі жөніндегі
Қағидасы

      Ескерту. Аталуы жаңа редакцияда - Алматы қалалық әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.

1. Жалпы ереже

      1) Мүгедек балаларды үйлерiнде тәрбиелеп және оқытып жатқан отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу (әрi қарай мәтiн бойынша - жәрдемақы), ол балалар 18 жасқа толғанша жүргiзiледi.
      2) Жәрдемақы басқа бiр жәрдемақыларды алғанына қарамастан тағайындалып, төленедi.
      3) Жәрдемақыны Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментi бекiткен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының Комиссиясы тағайындайды.
      4) Комиссия жәрдемақыны тағайындау туралы құжаттары бар өтiнiштi түскен күннен бастап 10 күн iшiнде қарайды.
      5) Комиссия жәрдемақыны тағайындауға келiсiм бермеген жағдайда өтiнiш берушiге қарсылық себептерiн көрсетiп жазбаша түрде хабарландырады.
      6) Жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiш ұсынылған бар құжаттары мен жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiмен қоса Комиссия хаттамасы алушының жеке iсiнде сақталады.
      7) Жәрдемақы төлемдерi Департамент пен Халықтық Банктiң облыстық филиалы арасында Агенттiк Келiсiм негiзiнде Алматы қаласының Халықтық Банк филиалдары арқылы жүргiзiледi.
      8) Жәрдемақы төлемдерi қолданыстағы заңдарға және осы Қағидамен сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 8) тармақша өзгерді - Алматы қалалық әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
      9) Барлық даулық мәселелер қолданыстағы заң бойынша шешiледi.

2. Жәрдемақыны тағайындау

      10) Үйлерiнде мүгедек балаларын тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы, ата-анасының бiреуiнiң немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi бойынша тағайындалады.
      11) Жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiш тұрғылықты жердегi аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына берiледi.
      12) Жәрдемақы Алматы қаласы Бiлiм беру Департаментiнiң Қалалық психолого-дәрiгерлi-ұстаздық комиссиясы берген анықтамада көрсетiлгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттiлiгi танылған сәттен бастап бiр жылға тағайындалады және келесi құжаттардың негiзiнде көрсетiлген мерзiм бойынша әр тоқсан сайын төленедi:
      баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшесi куәландырылған актi тұжырымының көшiрмесi;
      Алматы қаласы Бiлiм беру Департаментiнiң Қалалық психолого-дәрiгерлi-ұстаздық комиссиясы берген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттiлiгi туралы анықтама;
      отбасы құрамын растайтын құжат (N 3 нысаны бойынша анықтама) - әр тоқсан сайын;
      13) Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап төленедi.

3. Жәрдемақыны төлеу тәртiбi

      14) Жәрдемақы өткен тоқсан үшiн 6,5 айлық есеп көрсеткiшiнiң мөлшерiнде берiледi.
      15) Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақы сомалары, төлем тоқтатылған тоқсаннан бастап жаңартылады.
      16) Алушыдан қасақана дұрыс емес мәлiметтердi ұсыну, жәрдемақы төлемiне әсер ететiн жағдайларды жасырып қалу нәтижесiнде артық төленген жәрдемақыны ұстап қалу:
      а) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi Комиссияның шешiмi негiзiнде;
      ә) соттық шешiм, анықтама, қаулы және үкiм негiзiнде жүргiзiледi.
      17) Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi Комиссияның шешiмi негiзiнде ұстап қалатын жәрдемақының артық төленген сома берешегi толық өтелгенше жәрдемақы төлемi тоқтатылған жағдайда, қалған берешек соттық тәртiпте қайтарылады.
      18) Басқаша себептермен артық төленген жәрдемақы сомасы кiнәлi адамдардан қайтарылады.

4. Қорытынды ереже

      19) Халықтық банк филиалдары аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталықтарымен бiрлесiп төленген жәрдемақы сомаларының салыстыру тексермесiн жүргiзiп есеп беру айының алдындағы айдың 5-шi санына Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiне ұсынады.
      20) Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi Халықтық банктiң облыстық филиалымен бiрлесiп ай сайын әр айдың 10-шы санында салыстыру тексеруiн жүргiзедi.
      21) Нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсынылған мәлiметтердiң дұрыс болуына жауапкершiлiк аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына жүктеледi.

      Әкiмшiлiк хатшысы

Об утверждении Правил назначения и выплаты пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов

Постановление акимата города Алматы от 17 июня 2002 года N 3/390. Зарегистрировано Управлением юстиции города Алматы 8 июля 2002 года за N 460. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 12 февраля 2014 № 1/102

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 12.02.2014 № 1/102.
      Заголовок в редакции постановления акимата города Алматы от 02.06.2004 N 3/470.

      В целях социальной защиты детей-инвалидов г.Алматы и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июня 1991 года N 692-XII "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан", Акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила назначения и выплаты пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов.
       Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата города Алматы от 02.06.2004 N 3/470.
       2. Городскому финансовому управлению (Тажибаев К.К.) обеспечить своевременное выделение денежных средств на выплату пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов в пределах сумм, предусмотренных бюджетом города. 
      3. Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения (Нурланов А.Ж.) обеспечить своевременное назначение и выплату пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов.
      4. Признать утратившим силу решение Акима г. Алматы от 6 сентября 1999 года N 806 "Об оказании адресной социальной помощи".
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима г.Алматы Бижанова А.Х. 

         Аким города Алматы                        В. Храпунов

        Секретарь акимата                         К. Тажиева

      Приложение к         
постановлению Акимата г.Алматы
от 17 июня 2002 г. N 3/390

  Правила
назначения и выплаты пособия семьям, воспитывающим
и обучающим на дому детей-инвалидов г.Алматы

      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата города Алматы от 02.06.2004 N 3/470.

1. Общие положения

      1) Назначение и выплата пособия семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов (далее по тексту - пособия) производится до достижении ими 18 лет.
      2) Пособие назначается и выплачивается независимо от получения других видов пособий.
      3) Пособие назначается Комиссией районного центра труда и социальной защиты населения, утвержденной Департаментом труда, занятости и социальной защиты населения г.Алматы.
      4) Заявление со всеми необходимыми документами о назначении пособия рассматривается Комиссией в 10-дневный срок со дня его поступления.
      5) В случае отказа в назначении пособия Комиссия письменно уведомляет заявителя с указанием причин отказа.
      6) Заявление о назначении пособия со всеми представленными документами, а также протокол Комиссии с решением о назначении пособия хранятся в личном деле получателя.
      7) Выплата пособия осуществляется путем перечисления суммы на лицевой счет получателя филиала Народного банка на основании Агентского Соглашения между Департаментом и Алматинским Областным филиалом Народного банка.
      8) Выплата пособия осуществляется в соответствии с действующим законодательством и настоящими Правилами.
       Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением акимата города алматы от 02.06.2004 N 3/470.
       9) Все спорные вопросы решаются в порядке, установленном действующим законодательством.

2. Назначение пособия

        10) Пособие семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов, назначается по заявлению одного из родителей или лица, его заменяющего. 
      11) Заявление о назначении пособия подается в районный центр труда и социальной защиты населения по месту жительства. 
      12) Пособие назначается на один год с момента признания необходимости воспитания и обучения ребенка-инвалида на дому, указанного в справке, выданной Городской психолого-медико-педагогической комиссией Департамента образования г.Алматы и выплачивается ежеквартально за весь указанный период на основании следующих документов:
      копия свидетельства о рождении ребенка;
      копия выписки из акта о свидетельствовании в территориальном подразделении центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения;
      справка о необходимости воспитания или обучения ребенка-инвалида на дому, выданная Городской психолого-медико-педагогической комиссией Департамента образования г.Алматы;
      документ, подтверждающий состав семьи (справка "форма-N 3") - ежеквартально.
      13) В случае первоначального назначения пособие выплачивается со дня обращения.

3. Порядок выплаты пособия

      14) Выплата пособия производится за истекший квартал в размере 6,5 месячного расчетного показателя. 
      15) Суммы пособий, невостребованные получателем своевременно, возобновляются с квартала, в котором была приостановлена выплата. 
      16) Возмещение сумм излишне выплаченных вследствие представления получателями документов с заведомо неправильными сведениями, сокрытия обстоятельств, влияющих на выплату пособия взыскиваются с получателя: 
      а) на основании решений Комиссий по назначению пособия; 
      б) на основании судебных решений, определений, постановлений и приговоров. 
      17) В случае прекращения выплаты пособия до полного погашения задолженности по излишне выплаченным суммам, удерживаемым на основании решений комиссий по назначению пособий, оставшаяся задолженность взыскивается в судебном порядке. 
      18) Суммы пособий излишне выплаченные по другим причинам, взыскиваются с виновных лиц.

4. Заключительные положения

      19) Филиалы Народного банка совместно с районными центрами труда и социальной защиты населения составляют акт-сверки о выплаченных суммах пособия и предоставляют Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения г.Алматы к 5 числу следующего за отчетным месяцем.
      20) Департамент труда, занятости и социальной защиты населения г.Алматы совместно с Областным филиалом Народного банка ежемесячно до 10 числа каждого месяца производит акт сверки.
      21) Ответственность за достоверность представленных сведений по адресной социальной помощи возлагается на районные центры труда, занятости и социальной защиты населения.

       Секретарь акимата                         К.Тажиева