Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
Облыста туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалы күрделі жағдайда қалып отыр. 2001 жылдың аяғында туберкулездiң асқынған түрiмен 2477 науқас, ал соның iшiнде 329 бацилла тасымалдаушы созылмалы туберкулез түрiмен есепте тұрады.
Облыс әкiмiнiң 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 30 "Тұрғындарды туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткiзудi ұйымдастыру туралы" шешiмiн орындау мақсатында 2001 жылы ересек тұрғындарды флюорографиялық жаппай тексеру жүзеге асырылды. Бұл облыс бойынша ересек тұрғындардың 86,8 пайызы (Атырау қаласы тұрғындарының 99,7 пайызы), туберкулездi анықтауға арналған препарат арқылы балалардың 96,8 пайызы (оның iшiнде Атырау қаласында - 98,5 пайыз) тексерумен қамтылды.
2001 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен бiрiншi рет ауырған 1200 науқастар (2000 жылдың осы мерзiмiнде - 788) есепке алынған.
100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткiшi 2001 жылы - 268,3 (2000 жылдың осы мерзiмінде - 177,8). Сырқаттану көрсеткiшiнiң өсуi облыс тұрғындарын туберкулез ауруынан жаппай тексеру өткiзумен байланысты.
100 мың адамға шаққандағы туберкулезден қайтыс толу көрсеткiшi - 28,6 (2000 жылдың осы мерзiмiнде - 26,0).
Облыс тұрғындарын туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткiзудi толық көлемде ұйымдастыруды жалғастыру мақсатында шешiм етемiн:
1. Облыстық денсаулық сақтау департаментi (Нұрғазиев Қ.Ш.):
1) ересек тұрғындарды 15 жастан бастап 100 пайыздық алдын ала флюорографиялық қамтумен және балаларды (1-15 жас аралығы) туберкулездi анықтауға арналған препарат арқылы тексеру жұмыстарын жалғастырсын.
2) туберкулез ауруынан жаппай тексерудi өткiзуде денсаулық сақтау мекемелерiнiң емдеу - алдын-алу қызметiн бақылау мен үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
2. Облыстық экономика және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы (Ким Г.З.) ересектердi флюорографиялық жолмен, балаларды туберкулездi анықтауға арналған препарат арқылы тексеруге қажеттi жабдықтар мен реактивтердi сатып алуға тендер өткiзсiн.
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.Т.) осы шараларды қаржыландыруды бюджетте қаралған қаражат есебiнен жүзеге асырсын (есеп қоса берiледi).
4. Аудан және қала әкiмдерi, тұрғындарды туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткiзу және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау мекемелерiне алыс, шалғайдағы елдi мекендерге бару үшiн автокөлiк бөлу, жанар-жағар маймен iркiлiссiз қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетсiн.
5. Қоғамдық қатынастар мен iшкi саясатты талдау департаментi (Сарымов А.) тұрғындарды туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткiзудi бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен насихаттауды қамтамасыз етсiн. 6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ. Мұрсалиеваға жүктелсiн. Облыс әкімі Облыс әкімінің 2002 жылғы 2002 жылғы 5 ақпандағы N 377 шешіміне қосымша 15 жасқа дейінгі балаларды Манту реакциясына тексеру және ересек тұрғындарды флюоротексерулерiне байланысты шығындарының 1 жылға шаққандағы есебi 148 347 бала (1 ден 15 жасқа дейін) 298 753 ересек тұрғын (15 жастан бастап) -------------------------------------------------------------------
Шығын материалдары Саны Құны (теңге) Сомасы (мың теңге) ------------------------------------------------------------------------- Флюоропленка 70х30,5 (Германия) 1300 орам 3300 4290,0 R-пленка 30х40 (Германия) 100 8000 800,0 R-пленка 24х30 (Германия) 100 4700 470,0 R-пленка 18х24 (Германия) 100 2800 280,0 Кескінді айқындаушы 400 пакет 364 145,6 Бекітуші ерітінді 400 пакет 340 136,0 Шприцтер 148500 7 1 039,5 Жиыны 7 161,1 ---------------------------------------------------------------------