Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.11.2014 № 305 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.1. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері:
1) жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне сүйене отырып, мүгедек балалары бар, оларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған ата-аналардың біріне не оларды ауыстырушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында ең кемі айлық 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек белгіленсін. Жәрдемақы тағайындауды тоқсанда жүргізсін және оны психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру анықтамасы болған жағдайда ай сайын төлесін.
Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.2) аталған материалдық көмекті тағайындау 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Ә. Өтемісовке жүктелсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.
Облыс әкімі | Қ.Көшербаев |