-----------Бұйрықтан үзінді-----------
"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мынадай бүйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
2) тiркелген N 2221, "N 2019 тiркелген "Бюджет шығыстарының
экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 4 бұйрығына N 1 өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 12 наурыздағы N 44...
Министрдің
міндетін атқарушы
-----------------------------
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына және "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. N 2019 тіркелген "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 4 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
110 "Жалақы" кіші сыныбында:
113 "Өтем төлемдері" ерекшелігі бойынша:
"Шығындар тізбесі" бағанында жетінші және он екінші абзацтар алынып тасталсын;
130 "Тауарлар сатып алу" кіші сыныбында:
136 ерекшелігі бойынша
"Атау" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Ел ішіндегі қызметтік іссапарлар";
"Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы шегінде қызметтік іссапарларға арналған шығындар";
"Шығындар тізбесі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Іссапарда болған кезеңге берілетін тәулікақы:
белгіленген орынға жетуге және кері қайтуға жұмсалатын шығындар;
тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстар;
заңнамамен белгіленген басқа да шығындар;"
137 ерекшелігі бойынша:
"Атауы" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттен тыс жерлерге қызметтік іссапарлар";
"Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға арналған шығындар";
"Шығындар тізбесі" бағаны мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Іссапарда болған кезеңге берілетін тәулікақы:
белгіленген орынға жетуге және кері қайтуға жұмсалатын шығындар;
тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстар;
заңнамамен белгіленген басқа да шығындар";
140 "Қызметтер мен жұмысты сатып алу" кіші сыныбында:
146 "Ғимарат, үй-жай, жабдықтарды күтіп ұстау, қызмет көрсету, ағымды жөндеу және басқа да шығындар" ерекшелігі бойынша:
"Анықтама" бағанында он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимаратты және оның аумағындағы жақын маңды күзетпен, дабылдамамен және басқа да қорғау жөніндегі қондырғылармен қамтамасыз ету".
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Сұлтанов Б.Т) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Исаев.Е.Е) бірлесе отырып Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр |