Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1750 тiркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналының 2002 жылғы сәуiрдегi N 4 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауындағы "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу ережесiнiң:
атауындағы "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспесiндегi:
"инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бұл өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ;
1-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұйымның атқару органының бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары;"
3) тармақшадағы "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақтың:
1) тармақшасындағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "Ұйымның" деген сөзден кейiн "атқару органының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшасындағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "Ұйымның" деген сөзден кейiн "атқару органы" деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "Ұйымның" деген сөзден кейiн "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бiлiктiлiк комиссиясы Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына кандидаттың сәйкестiгi туралы мәселенi қарайды және осы Ереженiң 11-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың пакетi тапсырылған күннен бастап отыз күннiң iшiнде оны сайлауға (тағайындауға) Уәкiлеттi органға келiсiм беру немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Уәкiлеттi орган Ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер болған жағдайда, Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi Ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн қаралатын мәселеге қатысы бар құжаттармен қоса жазбаша түсiнiктеменi ұсынуы қажет екендiгiн Ұйымға жазбаша хабарлайды.
Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi басшы қызметкердi сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау туралы жазбаша қорытынды жасайды және оны Бiлiктiлiк комиссиясына қарауға ұсынады. Басшы қызметкердi сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау туралы Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсi Ұйымның осы басшы қызметкерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi осы Ереженiң 20-тармағында белгiленген талаптар сақтала отырып хаттамамен ресiмделедi.";
көрсетiлген Ережеге Қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қосымшаның атауындағы "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қосымшаның мәтiнiндегi "инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi" деген сөздер "инвестициялық басқаруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы:
мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "бөлiмшесiнiң" деген сөзден кейiн "пошталық" деген сөзбен толықтырылсын;
"пейджерiнiң нөмiрi" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы "пейджерiнiң нөмiрi" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кандидаттың бұрын басшылық еткен уақытында банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болғаны туралы мәлiметтер.".
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi Басқарушылардың қауымдастығы" қауымдастық нысандағы заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.