Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 90 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1339 тіркелген, 2001 жылғы қаңтарда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 1) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:";
мәтін бойынша:
"Компания", "Компанияның", "Компанияларға", "Компания" деген сөздер тиісінше "Ұйым/Қор", "Ұйымның/Қордың", "Ұйымдарға/Қорларға", "Ұйым/Қор" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияға" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ол", "оның" деген сөздер "/олар", "/олардың" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым";
мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) "Қор" - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры";
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Ұлттық комиссия берген және қолданылу мерзiмi кемiнде Лицензия алуға арналған құжаттарды Ұлттық комиссия қабылдаған күннен бастап үш айдан кейiн аяқталатын" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацындағы "өзге де" деген сөздердің алдына "бағалы қағаздармен мәмілелер жасау және" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын.
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыға, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.