Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1232 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 234 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2457. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөніндегі оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына , Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйекте жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1671 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгерісті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 5-18 қарашадағы N 376 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйекте жарияланған өзгерісімен бірге, мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Екінші деңгейдегі банктер Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқығы жоқ.
      Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері белгілеген талаптарға сәйкес оларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.".
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде:
      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны республикалық газеттерде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жариялайтын болсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года N 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1232

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 234. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2003 года N 2457. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 228

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 228 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях достижения оптимальной работы по изъятию денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы) Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года N 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы), зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1232, опубликованное 28 августа - 10 сентября 2000 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана", с изменением, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2001 года N 376 "Об утверждении изменения в Правила замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы), утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года N 301", зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1671, опубликованным 5-18 ноября 2001 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана", внести следующее изменение:
      в Правилах замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы), утвержденных указанным постановлением:
      первый абзац пункта 14 изложить в следующей редакции:
      "14. По истечении срока, установленного пунктом 13 Правил, банки второго уровня не вправе принимать от юридических и физических лиц денежные знаки старого образца к обмену на денежные знаки нового образца.
      Банки второго уровня принимают банкноты старого образца для дальнейшей их передачи в филиалы Национального Банка на экспертизу в соответствии с требованиями, установленными нормативными правовыми актами Национального Банка.".

      2. Управлению по работе с наличными деньгами (Мажитов Д.М.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      довести настоящее постановление до сведения подразделений центрального аппарата, филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня Республики Казахстан;
      совместно с Управлением по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Мартюшев Ю.А.) опубликовать настоящее постановление в республиканских газетах (на государственном и русском языках).

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жамишева Б.Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель
  Национального Банка