-----------Бұйрықтан үзінді-----------
"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
5) тiркелген N 2535, "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйекте N 2019 тiркелген N 4 бұйрығына N 4 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 7 қазандағы N 163...
Министрдің
міндетін атқарушы
-----------------------------
"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі
Заңына
сәйкес және "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі
Заңына
сәйкес Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 2019 тіркелген N 4
бұйрығына
(N 2221 тіркелген 2003 жылғы 12 наурыздағы
N 44
, N 2294 тіркелген 2003 жылғы 4 мамырдағы
N 76
, N 2382 тіркелген 2003 жылғы 5 маусымдағы
N 96
) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
125 "Автокөлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар" ерекшелігі бойынша:
"Атауы" деген бағанда "Автокөлік" деген сөз "Көлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Анықтама" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Автокөлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру қызметтерін сатып алу";
131 "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" ерекшелігі бойынша:
"Анықтама" деген бағанда "Осы ерекшелік бойынша сол сияқты мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін темекі өнімдерін сатып алуға арналған шығындар және темекі өнімдерінің орнына ақшалай өтемақы және" деген сөздер "Асханаларда" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Шығындардың тізімі" деген бағанда төртінші абзац алынып тасталсын;
332 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" ерекшелігі бойынша:
"Шығындардың тізімі" деген баған мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Демалысқа шығар алдындағы мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери арнайы оқу орындарының курсанттарына төленетін азық-түлік паектерінің орнына ақшалай өтемақы";
452 "Материалдық емес активтер сатып алу" ерекшелігі бойынша:
"Анықтама" деген бағанда "гудвилл" деген сөзден кейін "ақпараттық жүйелер үшін бағдарламалық өнімдерді және оларға лицензиялар сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.