Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 26.11.2014 № 552 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық , Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесін бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 болып тіркелген).
Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесінде:
1) тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 9-тармақтағы:
1) тармақшадағы "-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім беру департаменті" деген сөздер "- кадр органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті;" деген сөздер "- ұйымдастыру-жұмылдыру органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы," деген сөздер "- әскери полиция органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. "ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы және" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасы." деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-тармақтың 6) тармақшасындағы "Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын. "Республикасының" деген сөз "Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-тармақтың 2) тармақшасындағы "немесе ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің баспасөз қызметімен бірлесіп" деген сөздер алынып тасталсын;
6) 35-тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе белгіленген міндеттерді орындау жүктелсе" деген сөздер алынып тасталсын;
7) 36-тармақта:
1) тармақшадағы "және оған сот жүктеген" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "егер олар сотталушыға сотпен жүктелген басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
8) 40-тармақта:
2) тармақшадағы "сондай-ақ, егер ол өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "сот жүктеген міндеттерді орындамау сол сияқты," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшаның екінші абзацы алынып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші абзацындағы "сәтінен бастап он тәулік" деген сөздер "заңнамада белгіленген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 44-тармақтың 1) тармақшасындағы "нұсқаулар" деген сөз "көрсетілген" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
3. Бұйрық жекелеген Әскери бөлімдерге жеткізілсін.
Армия генералы