Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20
қаулысымен
.
_____________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1906 тiркелген, 2002 жылғы 15-28 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, N 15 (237)) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесiнде:
Ереженiң мәтiнiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегі" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Заңды немесе жеке тұлғаның аффилиирленген тұлғалары:
сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың; немесе
сақтандыру ұйымының акционерi болып табылатын және сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бестен көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн тiкелей немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi бар) тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесiнiң) отыз бес немесе одан көп процентiн иеленген (дауыс беру мүмкiндiгi болған) жағдайда заңды немесе жеке тұлға сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен көбiн иеленген болып танылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтiнiш еркiн нысанда жазылады және мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:
1) жеке тұлға - осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушi туралы деректер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) заңды тұлға:
осы Ереженiң N 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушi туралы деректер;
өтiнiш берушiнiң нотариат куәландырған және заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттары;
түсiндiрме жазбасын қоса бере отырып соңғы аяқталған екi жылдың (не заңды тұлға құрылған сәттен бастап бiр аяқталған жылдың, eгep бұл мерзiм екi жылдан кем болса), сондай-ақ рұқсат беру туралы өтiнiш беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебi. Бұл ретте соңғы қаржылық есеп аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiмен расталуы тиiс;
өтiнiш берушiнiң сақтандыру ұйымы алдында мерзiмi өткен және (немесе) баланстан тыс жатқызылған берешегiнiң болмауын растайтын құжаттар.
Аталған құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ғана ұсынылады. Басқа тiлден аударылған құжаттардың аудармасын нотариат куәландыруы тиiс.";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер өтiнiш берушiнiң соңғы екi қаржылық жыл iшiндегi қызметiнiң нәтижесi зиян болып табылса;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсаты бар тұлға он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға растама құжаттарын ұсына отырып сақтандыру ұйымына тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалары арқылы қатысу үлесiнiң өзгеруi туралы жазбаша хабарлайды.
Бұл ретте дауыс беретiн акциялардың үлесiн өзгертуге уәкiлеттi органның рұқсаты талап етiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын бақылау құқығына рұқсатын алған тұлға аталған рұқсатты алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру ұйымына дауыс беретiн акциялардың үлесiн тiкелей немесе аффилиирленген тұлғасы арқылы сатып алу фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынады.";
Ереженiң N 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы 12, 13-тармақтармен толықтырылсын:
"12. Сақтандыру ұйымы акционерiнiң дауыс беретiн акциялар сатып алуға арналған ақшаның шығуы ________________________________
13. Сақтандыру ұйымының акционерi мүлкiнiң (жылжымалы,
жылжымайтын) тiзбесi _____________________________________________
___________________________________________________________________
оның iшiнде кепiлге салынғаны ___________________________________".
2. Осы қаулы, оның 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлетiн 1-тармағының 3, 4, 5-абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Pecпубликасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.