Ескерту:
Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы
N 263
бұйрығымен
.
____________________________________
Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын :
1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587
бұйрығына
(бұдан әрi мәтiн бойынша - Бұйрық) (тiркелген нөмiрi 990) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Бұйрықта:
2-тармақтың 6-шы тармақшасындағы "Жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "жоғары дайындығы бар жол полициясы қызметкерлерiнiң iшiнен" деген сөздермен, "ұсыныс енгiзiлсiн" деген сөздер "жұмыс тобы құрылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқаудан жүргiзудiң Тәртiбiнде:
9-тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшем аспаптары, олардың жарамдылығы, метрологиялық аттестациядан өту уақыты мен кезеңдерi, соңғы тексерiлген уақыты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес болуы керек";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Транспорт құралдарының техникалық жағдайын мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында диагностикалау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес жүзеге асырылады";
41 тармақ алынып тасталсын.