Ескерту: Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 09-10-27 шешімімен
.
____________________________
Ағынды суларды қалалық су қашыртқы желісіне қабылдау және ағызу жүйесін реттеу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының
25 бабы негізінде Астана қаласының әкімі
ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағынды суларды қабылдау қағидасы бекітілсін (бұдан әрі - қағида).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С.С. Есіловке жүктелсін.
3. Осы қағида жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
Визалар:
Астана қаласы әкімінің
2003 жылғы 15 тамыздағы
N 3-1-532 шешімімен
бекітілген
Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағын
суларын қабылдау
қағидасы
1. Осы Астана қаласының су қашыртқы жүйесiне өндiрiстiк ағын суларын қабылдау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
27-бабына, "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
1996 жылғы
24 желтоқсандағы, "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
1997 жылғы
15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүмкін шекті концентрация мөлшерлемелерін, жалпы су қашыртқы жүйесіне ағын суларын қабылдау жағдайларын, қалалық су қашыртқы желісіне ағызу рұқсатын беру тәртібін, Қағидалардың бұзылуына әсер ететін шараларды, бақылау тәртібін сақтау мақсатында әзірленген.
2. Астана қаласының су қашыртқы жүйесіне өндірістік ағын суларын қабылдау Қағидасы:
1) тұрғын үй қорынан, оқу және мектепке дейінгі орын-жайлардан, қонақ үйлерден, театрлар мен кинотеатрлардан, емдеу-алдын алу мекемелерінен монша-кір жуу шаруашылығы кәсіпорындарынан (тұрғындар пунктінің ағындар көлемі ағындылар көлемінің 25%-дан төмен болғанда), өндірістік кәсіпорындарынан және басқа да мүмкін шекті концентрация (бұдан әрі - МШК) шегінде ластағыш заттармен ағатын ағын сулар объектілерінен ағын суларды қабылдау тәртібі белгіленеді;
2) 1) тармақшада айтылған және жеке шығаруы бар объектілерге, кір жуу, емдеу мекемелеріне, монша-кір жуу шаруашылығы (тұрғындар пунктінің ағындар көлемі ағындылар көлемінің 25%-дан төмен болғанда) өндірістік Кәсіпорындарға (бұдан әрі - Кәсіпорын) салынған және қосып салынған шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан ағын суды қабылдауды реттейді;
3) Тұтынушылардың шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі - "Астана су арнасы" МКК) "су шаруашылығы және кәріздік жүйе қызметтері" қызмет түрі жөнінде Астана қаласы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік регистрінің жергілікті бөлігі қосылған қарым-қатынасының тәртібін анықтайды.
3. Кәсіпорынның ағын суларында ағын суларын биологиялық тазартуға кедергі келтіретін айрықша ластану бар. Ондай сулардың ағуы талап ету кешенімен шектеледі.
4. Қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызылатын өндірістік кәсіпорындардың ағынды сулары:
кәріз желілері мен орын-жайлардың жұмысын және оларды пайдалану қауіпсіздігін бұзу;
құбырлардың, құдықтардың, торлардың ішін қоқысқа толтыратын немесе құбырлардың, құдықтардың, торлардың қабырғасына жабысып қалатындай мүмкіндігі бар заттарды ұстау (қабыршақ, құм, әк, гипс, мазут, металл жоңқасы және т.б.);
құбыр материалдарының және су қашыртқы жүйесі орын-жайлары элементтерінің бұзылуына ықпал жасайтын заттарды ұстау;
сарқынды суларды биологиялық тазалауға кедергі жасайтын шоғырланған түрдегі зиянды заттарды ұстау;
қауіпті бактериологиялық ластануға жол беру;
су қашыртқы орын-жайлары мен жүйелерінде улағыш газдарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қышқылдарды, жанғыш қоспаларды, улағыш және сейілген газ тектес заттарды ұстау (күкіртсутек, күкірткөмірсутек, көмірсутек тотығы, жеңіл ұшқыш хош иісті көмірсутек жұбы және басқа да жарылғыш және улы қоспалар);
тек минералды заттарды ұстау;
биологиялық "қатты" жоғарғы белсенді заттарды (бұдан әрі - ЖБЗ) ұстау жағдайларын болдырмау керек.
5. Қаланың су қашыртқы жүйесіне:
су объектілеріндегі ластағыш заттардың белгіленген Қағидасында көрсетілген шығындар мен құрамдардың шекті шамасынан асып кетуіне әкеліп соқтыратын ағынды суларды;
температурасы 40 градустан асатын өндірістік ағынды сулар, рН 6,5-тен төмен немесе 9,0-ден жоғары, оттектің химиялық қажеттілігі (бұдан әрі - ОХҚ) оттектің биологиялық қажеттілігінен (бұдан әрі - ОБҚ) 1,5 есе жоғары;
өндірістік үдерістерде ластанбаған өндірістік ағынды суларды (нормативті таза);
топырақ, құрылыс және тұрмыстық қоқыс, сондай-ақ басқа да өндірістік және шаруашылық қалдықтарды;
өндірістік алаңдардың үстіңгі ағымдарын (жаңбыр, еріген қар т.б. сулар) ағызып жіберуге тыйым салынады.
Егер өндірістік ағынды сулардың физика-химиялық құрамы бұл талаптарды қанағаттандырмайтын болса, ағынды сулар алдын-ала тазартылуы және өңделуі тиіс. Алдын-ала тазарту дәрежесі мен жергілікті тазартылған орын-жайлардың жобасы "Астана су арнасы" МКК-мен келісілуі қажет.
Ағынды сулардың маңызды тербелісі болған жағдайда бір тәулік ішінде ағынды сулардың бірқалыпты жіберілуін қамтамасыз ететін ортайтқыш сыйымдылықтарды қарастыру қажет. Тазартудың биологиялық үдерісі бұзылған кезде қышқылдық және сілтілік өндірістік ағынды суларды су қашыртқы жүйесіне жіберерде бейтараптандыру және ортайту қажет.
6. Өндірістік ағынды сулардың қаланың су қашыртқы жүйесіне қатысты алымы ағынды сулардың кәсіпорынның аумағынан шығатын жерінде орналасқан, міндетті түрде бақылау құдығының құрылғысы болатын жеке шығарылымдармен жүзеге асырылуға тиісті.
7. Қаланың су қашыртқы жүйесінде өндірістік ағынды сулардың қосылуына жол берілмейді, олардың өзара бірігуі эмульсиялардың, улағыш немесе жарылғыш қаупі бар газдардың қалыптасып кетуіне әкеліп соқтыратын, сол сияқты ерімейтін заттар мөлшерінің көбейіп кетуіне жол ашады, мысалы құрамында сілті ерітінділері, магний немесе кальций тұзы, сода және қышқыл сулар, натрий сульфиды мен хлор, фенолдың және т.б. шамадан тыс құрамы бар су болатын ағынды сулардың пайда болуын осы ретке жатқызуға болады.
2. Өндірістік ағынды суларды су қашыртқы
жүйесіне ағызуға рұқсат беру тәртібі
8. Кәсіпорындардың жиналған ағынды суларын ағызуды тек "Астана су арнасы" МКК-мен жасалған ағынды суларды қабылдау және жіберу шарты және ағызу рұқсаты болған жағдайында ғана жүзеге асырылады.
9. Кәсіпорындардың өндірістік ағынды суларын қаланың су қашыртқы жүйесіне жіберу рұқсатын осы орын-жайларды пайдаланатын "Астана су арнасы" МКК береді.
10. Жаңадан салынған немесе қайта жаңартылған Кәсіпорындарға өндірістік ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсаты тек қана жұмыс істеп тұрған қалалық су қашыртқы жүйесінің тазартқыш орын-жайы болған ретте және мемлекеттік комиссияның барлық объектіні пайдалануға беру жөніндегі қабылдау актісінің болған жағдайда ғана беріледі.
Егер өндірістік ағынды суларды қабылдау жағдайы бойынша жаңа Кәсіпорындарда оларды жергілікті тазарту қажет болса, "Астана су арнасы" МКК бұл кәсіпорындардың қаланың су қашыртқы жүйесіне қосылуына қатысты рұқсатты тек ұйғарынды дәрежеге дейін өндірістік ағынды сулардың тазартылуын қамтамасыз ететін, жергілікті тазарту орын-жайларын іске қосқаннан кейін ғана береді.
11. Өндірістік ағынды сулардың қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызылуына қатысты:
жаңадан салынған және қайта жаңартылған өнеркәсіп объектілері үшін "Астана су арнасы" МКК-ны басқармасымен келісілген жобалық құжаттама;
жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға арналған су қашыртқы төлқұжаты негіз болып табылады.
12. Кәсіпорынның су қашыртқы төлқұжаты белгіленген үлгі бойынша әзірленеді. Екі данада әзірленген төлқұжат, мынадай қосымшалармен "Астана су арнасы" МКК-на келісуге беріледі:
кәріздің ішкі алаңының тәсімімен қаланың су қашыртқы жүйесіне шығарылған, сондай-ақ олардың нөмірлері көрсетіліп, ағызылатын ағынды сулар және шығындар құрамының мөлшерлерімен;
жергілікті тазарту орын-жайлардың тәсімімен;
ластағыш заттардың ең жоғарғы және орташа мөлшері бойынша сарқынды сулардың тазарту орын-жайларына дейінгі және одан кейінгі қаланың су қашыртқы жүйесіне шығаруларындағы талдау нәтижелерімен. Төлқұжаттың іс-әрекет ету мерзімі Кәсіпорынның ағынды сулар құрамы және су балансының сақталу кезеңінде бес жылдан аспайтындай уақыт күші болады.
13. "Астана су арнасы" МКК өндірістік ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсатын дайындаған кезде Кәсіпорын құрастырған өндірістік ағынды сулардың алдын-ала тазартулары немесе олардың өнеркәсіптік кәсіпорынның жергілікті тазарту орын-жайларындағы бөлімдері есепке алынған жағдайдағы негіздеме материалдары қарастырылады:
ағынды сулардың шығындарын азайтуға және олардың құрамындағы ластағыш заттардың шоғырлануына мүмкіндік беретін технологиялық үдерістердің өзгеруі;
суды пайдаланудың айналымды және қайталама-дәйекті жүйесінің құрылғысы.
14. Кәсіпорыннан ағынды суларды бұрып жіберуге қатысты қажетті құжаттамалар алынған кезде, "Астана су арнасы" МКК-ны материалдарды бір айлық мерзімде қарастырады және өндірістік ағынды суларды ағызуға рұқсат береді.
15. Кәсіпорынға өндірістік ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесіне ағызу рұқсатын ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарын орындауға жеткілікті, бес жылдан аспайтындай мерзімге беріледі. Қалалық су қашыртқы жүйесінің өзгеруі немесе өнеркәсіптік ағынды суларды ағызу тәртібін сақтамаған жағдайында өндірістік ағынды суларды ағызуға қатысты рұқсаттың күші жойылуы мүмкін.
16. Өндiрiстiк ағынды суларды қалалық су қашыртқы жүйесiне ағызу рұқсаты негiзiнде "Астана су арнасы" МКК және Кәсiпорын арасында ағынды суларды қабылдау және ағызуға қатысты екi жақты шарт жасалады.
17. "Астана су арнасы" МКК-нан өндiрiстiк ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесiне ағызу рұқсатын алғаннан кейiн жұмыс iстеп жатқан Кәсiпорын бiр айлық мерзiмде ластағыш заттардың шектеулi ұйғарынды шоғырлануын (бұдан әрі - ШҰШ) сақтай отырып, ағызылатын ағынды сулардың шығындарын берiлген шамаға дейiн азайту жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оны "Астана су арнасы" МКК инспекциясына ұсынады.
3. Өндірістік ағынды суларды Астана қаласы су
қашыртқы жүйесіне ағызылуын бақылауды жүзеге асыру
18. Кәсiпорын қалалық су қашыртқы жүйесiне ағызылатын өндiрiстiк ағынды сулардың құрамы мен мөлшерiне тұрақты бақылау жасап тұруға құқылы.
19. Бақылау өндiрiстiк ағынды суларды тазартатын жергiлiктi орын-жайлар кешеніне дейiнгi және одан кейiнгi ағынды сулардың құрамына талдау жасау жолымен, бақылау құдықтарында (оның iшiнде жергiлiктi тазарту орын-жайлары тапшы болған жағдайда) өндiрiстiк кәріз тораптарын едәуiр жауапты жерлерiнде жүзеге асырылады.
20. "Астана су арнасы" МКК өндiрiстiк ағынды сулардың ағызуы Қағидаға сәйкес келетiндiгiне, сондай-ақ өндiрiстiк ағынды сулардың қалалық кәріз жүйесiне ағызылуға берiлген рұқсатқа бақылау жасайды.
21. Өндiрiстiк ағынды сулардың барлық тазартылу сапасының, бiрден ағызылып жiберулерiнiң, апаттық-қалпына келтiру жұмыстары өткiзiлуiнiң сапасы нашарлаған жағдайларда кезек күттiрместен "Астана су арнасы" МКК-на хабарлау қажет.
22. Өндiрiстiк ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесiне ағызуды жүзеге асыратын Кәсiпорындар "Астана су арнасы" МКК-ның тәулiктiң кез-келген уақытында, қажеттi құжаттарды, аспаптарды, құрылғыларды, пайдаланушы қызметкерді және т.б. кiрiстiре отырып, ағынды сулардың ағызылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиiстi.
23. 20-тармақта көрсетiлген бақылауды "Астана су арнасы" МКК жанындағы арнайы топ жүзеге асырады.
24. Қалалық ағынды сулардың құрамында өндiрiстiк ағынды сулардың ағызылуына әсер еткен, тазарту орын-жайлары жұмысында жол берiлмейтiн, ластағыш заттардың шоғырландығы табыла қалса, "Астана су арнасы" МКК ол туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына хабарлайды.
Сонымен қатар "Астана су арнасы" МКК тәртiп бұзған Кәсiпорынды - Қағида талаптарын бұзушы iздестiрудi жүргізеді.
25. Қағиданың бұзылуына жол берген Кәсiпорынды анықтаған кезде "Астана су арнасы" МКК тәртiп бұзылу фактiсiн айғақтайтын акт құрастырады, ағынды сулардың қосымша тазартылуына қатысты есеп шығарады және бұл орайда кiнәлi болып табылатын лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiндегi қажеттi шараларды, сондай-ақ мұндай тәртiп бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды қолға алады. "Астана су арнасы" МКК-на қаланың су қашыртқы жүйесi арқылы ластағыш заттары бар ағынды сулар ағызылуының ұлғаюын туғызған, соның салдарынан қабылдау Қағидасының бұзылуына жол берiлуiне байланысты оларды iздестiру және жәрдем беру жөнiнде Астана қаласы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына сұраныс жасауына болады.
4. Қағиданы бұзғандығы үшін қолданылатын
іс-шаралар және жауапкершілік
26. Кәсiпорындарға өз кiнәләрi бойынша су объектілеріне жеткiліксiз тазартылған сулардың ағызылып кетуiне жол бергендiгi үшiн, сондай-ақ "Астана су арнасы" МКК орын-жайларында қазiргi Қағида ережелерiмен реттелмеген және құрамында Кәсiпорынның технологиялық үдерістерде пайдаланылатын материалдармен бiрге реагенттерi және басқа да заттары бар өндiрiстiк ағынды сулардың ағып кетуiне душар еткен, белгiленген қабылдау Қағидасын бұзғандықтары үшiн Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершiлiк артылады.
27. Жаңа Кәсiпорынды қалалық су қашыртқы жүйеге қосқан кезде өндiрiстiк ағынды суларды ағызуға қатысты немесе тиiмдi жұмыс iстеулерiне байланысты жағдай жасайтын жергiлiктi тазарту орын-жайлары болмаған жағдайда "Астана су арнасы" МКК ол туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыныс жасауға құқылы.
28. "Астана су арнасы" МКК өндiрістiк кәсiпорынның кәріздік желісін қабылдау Қағидасында белгiленгендей қалалық су қашыртқы жүйесiне өндiрістiк ағынды суларды ағызу жөнiндегi талаптарын бұзған абоненттерге келтiрiлген зиянды жатқыза отырып, оларды қаланың кәріздік желісінен бөлiп тастауға құқығы бар.
29. "Астана су арнасы" МКК өнеркәсiптiк кәсiпорындарға қаланың су қашыртқы жүйесiне келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiнде белгiленген тәртiп бойынша талаптар мен iзденiстердi ұсынуға құқылы.
30. Қағидада белгiленген ластағыш заттардың ұйғарынды шоғырлану мөлшерiнен асып кететiн ластағыш заттары болатын, өндiрістiк ағынды сулардың ағызылған жағдайында, "Астана су арнасы" МКК-ны шектеулi-ұйғарынды шоғырланудан асатын ластануды өтегендiктерi үшiн қосымша ақы алады.
31. Ластанудың мөлшерлiк көрсеткіштері бекітілген әдiстемелер бойынша "Астана су арнасы" МКК зертханасымен белгiленедi.
Аталған жағдайда төлемақы мына формула бойынша шығарылады:
С1ф-С1пдк C2ф-С2пдк
Пд =V* (---------------)*Т+V*( ----------------)*T+....
С1пдк С2пдк
мұнда:
Пд - ПДК, Т-дана сатын ластанған ағынды суларды ағызғандығы үшiн алынатын қосымша ақы;
V - ағынды сулардың су қашыртқының коммуналдық жүйесiне ағызылатын көлемi, м
3
;
Т - ағынды сұйықтың м
3
-на тарифтiк көлемi;
Сф - ластанудың Пдк мг/л-ден асатын нақты концентрациясы;
Спдк - ластанудың коммуналдық кәрізіне ағызуға арналған мүмкін шектi концентрациясы, мг/л.
1. Қосымша ақы ластанудың жоғарыда аталған есебінің әрбiр жекелеген түрiне алынады.
2. Қосымша ақы соңғы есептiң шығарылу сәтiнен бастап, ластанудың анықталған күнiне дейiнгi мерзiмi үшiн алынады, кейiнгi есеп ластанудың жойылған күнiне дейiн шығарылады, ол туралы Қағиданың бұзылуына жол берген кәсiпорын жазбаша түрде өнеркәсiптiк су қашыртқы тобына хабарлауы тиiс.
32. Қалалық су қашыртқы жүйесiне ағынды, нөсер суларын, қардың ерітіндісін немесе мұз жарықшағын ағызған жағдайда судың ағызылған мөлшеріне төленетін төлемақы қолданыстағы тариф бойынша осыны жүзеге асыратын ұйым арқылы жүзеге асырады. Ағызылған судың мөлшерi қалалық су қашыртқы жүйесiне ағынды, нөсер суларын, қардың ерітіндісін немесе мұз жарықшағын 1-ге тең толтырудың және ағынды сулардың қозғалыс жылдамдығы секундына 2 метр болғандығы, сондай-ақ соңғы есептiң шығарылған күнiнен бастап, ағынды, нөсер сулардың, қардың немесе мұз жарықшағының қалалық су қашыртқы жүйесiне ағызылғандығы анықталған күнiне дейiнгi мерзiм есепке алына отырып, ағынды сулардың кәсiпорын аумағынан шығардағы құбырдың өткiзгiш мүмкiндiгi бойынша анықталады.
33. Тұрғын үйлерден, шағын аудандардан қайтарылатын ағынды сулардың ШҰШ мөлшерiнiң шамадан тыс болған жағдайда төленетін төлемақы үйлерге немесе шағын аудандарға қызмет көрсететiн ұйымдардан алынады (ПИК, КСП, ӨК, мемлекеттiк пайдаланушы кәсiпорындар және т.б). Өткен айға төленетін төлемақы сынама алынған күннен бастап алынады. Ағынды су көлемінің есебi тұрғындардың су пайдалану мөлшерi бойынша немесе жалпы үйдің су өлшегiштерi бойынша алынады.
34. "Астана су арнасы" МКК Кәсiпорынның Қағиданы бұзған жағдайда Есiл алабы су шаруашылығы басқармасына және жергiлiкті басқару органдарына Қағиданың сақталуына жауапты кәсiпорын басшылары мен адамдарға тиiстi шаралар қабылдау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
35. "Астана су арнасы" МКК:
1) қалалық су қашыртқы торабының техникалық жағдайына:
тазарту орын-жайларының тиiмдi жұмысына;
ағынды сулардың жүйеге ағызылу қағидасының сақталуына;
ағызу қағидасын бұзушыларға уақытылы шаралардың қолданылуына;
2) Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына, Есiл алабы су шаруашылығы басқармасына және жергілікті басқару органдарына ағызу қағидасын бұзушылар туралы ақпараттың ұсынылуына жауап береді.
36. "Астана су арнасы" МКК өндiрiстiк ағынды сулардың түсу салдарынан қоршаған ортаның ластануына әкелiп соқтырған қаланың кәріз жүйелерiндегі және тазарту орын-жайларындағы апат жағдайлары туралы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына, Есiл алабы су шаруашылығы басқармасы уақытылы хабарлап отыруға құқылы.
37. Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы немесе Есiл алабы су шаруашылығы басқармасы тараптарынан "Астана су арнасы" МКК-на талап қойылған жағдайда "Астана су арнасы" МКК өз алдына Ережелермен белгiленген талаптарды бұза отырып, су объектісінің ластануына әкелiп соқтырған құрамы бар ағынды сулардың ағызылуына жол берген нақтылы өнеркәсiптiк кәсiпорынға кері талап тәуелдігіне ие.
5. Өнеркәсіптік су қашыртқы тобының негізгі қызметтері
38. Өнеркәсiптiк су қашыртқы тобы (бұдан әрі - Топ) "Астана су арнасы" МКК құрамында ұйымдастырылады және бас директордың бағынышында болады. Топ өз қызметiнде осы Қағиданы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.
39. Топтың негізгі міндеттері: жергiлiктi Қағидаларды әзiрлеу, Кәсiпорындарға қаланың су қашыртқы жүйесiне өндiрiстiк ағынды суларды ағызу рұқсатын беру, қаланың су қашыртқы жүйесiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қағиданың сақталуына қажеттi бақылау жасау, Кәсiпорындардың балансындағы кәріз жүйелерінiң және жергiлiктi тазарту орын-жайларының жағдайына бақылау жасау болып табылады.
40. Топтың кадрлық құрамы ағынды суларды тазалау және оны талдау саласындағы мамандардан құралады. Химиялық топ қаланың тазалау орын-жайлары зертханасының құрамына кiредi.
41. Топтың сандық құрамы елдi мекендердiң су қашыртқы жүйесiне ағынды сулар мен олардың қуаттарын бағыттайтын өндiрiстiк кәсiпорындар санына байланысты белгiленедi. Бағдарламалы түрде инженер-технолог тәулiгiне ағынды сулардың 30 мың текше метрiн бақылай алады, сондай-ақ инженер-химик және лаборант айына 200 талдау жасайды.
42. Топ өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
нақтылы жағдайларды және одан әрi қарай олардың қалалық әкiмдіктің бекiтуіне ұсынылуын есепке ала отырып, өндiрiстiк ағынды суларды Астана қаласының су қашыртқы жүйесiне қабылдау Қағидасын әзiрлейдi;
қаланың су қашыртқы жүйесiне ағызылатын Кәсiпорындардың өндiрiстiк ағынды суларын ағызуға рұқсат беру үшін материалдар дайындайды;
Кәсiпорындардағы суды қорғау орын-жайларының құрылысына, сондай-ақ жаңадан құрылып және қайта құрылып жатқан өнеркәсiптiк кәсiпорындардың су қашыртқыларының жобалық құжаттамасын қарастырады және келісімін береді;
Кәсiпорындардың кәріздік жүйелерiнiң жағдайын зерттейдi және бақылайды;
Кәсiпорындардың өндiрiстiк ағынды суларының мөлшерi мен құрамы туралы мәлiметтердi жүйелендiріп, қорытындылайды және Қағидаға, сондай-ақ өндiрiстiк ағынды суларды ағызу рұқсаттарына сәйкес қалалық су қашыртқы жүйесiне ағызылатын өндірістік ағынды сулардың мөлшерi мен сапалық құрамы үшін қажеттi бақылауды жүзеге асырады.
43. Топқа:
Кәсiпорындар мен ұйымдардан, олардың ведомстволық бағыныштылықтарына қарамастан өндiрiстiк кәсiпорындардың су қашыртқыларына, олардың пайда болу жағдайларына, ағынды сулардың қалыптасуының барлық мәселелері бойынша материалдар мен мәлiметтердi алу;
су қашыртқы жүйелерiнiң және зертханалық талдауларға арналған ағынды суларды тазарту жөнiндегi жұмыстардың жағдайы мен тиiмдiлiгiне бақылау жасау мақсатында тәулiктiң кез-келген уақытында зерттеу жүргiзу;
белгiленген Қағиданы бұзған Кәсiпорынды анықтаған кезде тиісті актi құрастыру құқығы беріледі.
44. "Астана су арнасы" МКК-ның басшылығына аталмыш топ дайындаған материалдар негiзiнде:
жергiлiктi тазарту орын-жайларын пайдалану және кәріздік желілердің жағдайы, белгiленген Қағиданы бұза отырып, ағызғандығы үшiн жауапты немесе ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын орындамайтын ағынды суларды қаланың су қашыртқы жүйесiне Кәсiпорын басшылары мен жауапты тұлғалары тиiстi шаралар қолдану туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына ұсыныс жасау;
қаланың тазарту орын-жайларына, бұл орын-жайлардың жұмыс iстеуiне кедергi жасайтын, құрамында шамадан тыс өнеркәсiптiк ластағыш заттары бар ағынды сулардың келуi туралы хабардар ету;
өндiрiстiк ағынды сулардың келуiне байланысты қаланың су қашыртқы желісіндегі апат жағдайлар және осыған орай қолға алынған шаралар туралы Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасын хабардар ету;
өндiрiстiк ағынды сулардың келуiне байланысты қаланың су қашыртқы желісiне келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы өндiрiстiк кәсiпорындарға белгiленген тәртiппен кінараттар мен талаптар ұсыну;
прокуратура органдарында заңнаманың сақталуына талап қоюға құқығы беріледі.
45. Өнеркәсiптiк су қашыртқы тобын оның бастығы басқарады.
46. Топ технологиялық және химиялық бақылау топтары сияқты құрылымдық буындардан тұрады.
47. Технологиялық бақылау тобының мамандары:
өндiрiстiк ағынды суларды бақылаудың кезеңдiгiн белгiлейдi, Кәсiпорындардың өнеркәсiптiк ағынды суларды ағызуға рұқсат беру үшін құжаттамалар әзірлейді;
Кәсiпорындар суды қорғау орын-жайларын жобалау, құрылысы және қайта жаңарту үшін техникалық құжаттамаларды келісу үшін материалдар дайындайды;
Кәсiпорындардың өндiрiстiк ағынды суларының құжаттандырылуын және картотекасын жүргiзедi.
48. Химиялық бақылау бөлімінің мамандары ағынды сулардың сынамасын iрiктейдi және белгiленген тiзiм бойынша химиялық талдауларды орындайды, осылардың негiзiнде ағынды сулардың тазартылу дәрежесi туралы қорытынды шығарылады.
8. Қаланың су қашыртқы жүйесіне жіберген
кәсіпорынның ағынды суларын талдауды ұйымдастыру
және өткізу жөніндегі нұсқау
49. Өндiрiстiк ағынды суларға техникалық бақылаудың ұйымдастыру-техникалық мәселелерi технолог және химик мамандарымен бiрлесе отырып шешiледi.
50. Кәсiпорындардың ағынды суларына химиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн зертханалық орын-жайлар, жабдықтар, аспаптар, реактивтер, химиялық ыдыстар бөлiнуге тиiстi. Сынамаларды жеткізу көлiкпен жүзеге асырылады.
51. Бақыланатын заттардың тiзбесi кәсiпорынның өзiндiк ерекшелiгi мен зертхана мүмкiндiктерi есепке алынған, "Астана су арнасы" МКК бас директорының бiрiншi орынбасары бекiткен тiзiммен белгiленедi.
52. Жекелеген заттарды химиялық талдау әдiстерi анықтамалардың дәлдiгiне ұсынылатын талаптардың, талдаудың ұзақтығы, оның көп еңбектi қажетсiнетiндiгi, құнсыздығы және қолданылатын реактивтердiң, аспаптардың, жабдықтардың қолда бар болғандығы есепке алына отырып таңдалады.
53. Талдаулардың жаңа түрлерiн енгiзу тиiстi әдiстер мен аспаптарды меңгеру жөнiндегi жұмыстар iзашар болуға тиiстi. Сыналған әдiстi пайдаланудың мақсатқа сайлығын анықталғаннан кейiн, белгiленген тәртiппен қажетті қосымша аспаптар тапсырылады.
54. Химиялық бақылаудың негiзгi мiндеттерi:
Кәсiпорындар ағынды суларына химиялық бақылауды жүзеге асыру, ағынды сулардың талдау нәтижелерiн ресімдеу, тиiстi есептердi жасау болып табылады.
9. Химиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
55. Ұйымдастыру-химиялық бақылау: сынамаларды iрiктеу және оларды зертханаға жеткiзу, химиялық талдауларды орындау, талдау нәтижелерiн ресімдеу болып үш кезеңге бөлiнедi.
56. Сынамаларды iрiктеудi сынамаларды iрiктеу тәртiбi және жұмыстардың техника қауiпсiздiгi жөнінде нұсқау алған, лаборант-сынама iрiктеушi жүзеге асырады. Iрiктеудiң нүктесі мен тәртiбiн технологиялық бақылау тобының инженерi белгiлейдi.
57. Талдауға алынатын ағынды сулардың көлемi нақтылы ингредиенттi анықтау әдiсiн пайдалануға байланысты белгiленедi.
58. Кәсiпорындағы ағынды су сынамасын iрiктеген кезде сынаманы iрiктеу актiсi құрастырылады, онда iрiктеудiң мақсаты, сынаманың сипаты, күнi және орыны көрсетiледi. Актiге сынаманы iрiктеп алған кәсiпорын өкiлi, бөлім өкiлi қол қояды. Акт 3 данада жасалады. Кәсіпорын өкiлi, сынаманы iрiктеу актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайында сынама қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы немесе Есiл алабы су шаруашылығы басқармасы өкiлiнiң қатысуында алынады. Дайындалған акт, талдау хаттамасы, есеп және ағынды сулардың қосымша тазартылуы жөніндегі есеп туралы хабарлама кәсiпорын мекен-жайына поштамен жiберiледi.
59. Химиялық топқа келіп түсетiн сынамалар қызмет журналында тiркеледi, онда Кәсiпорынның атауы, канистра нөмірi, бақыланатын ингредиенттер, талдау нәтижелерi, орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні, тегi көрсетiледi.
60. Сынамаларды алдын-ала дайындау, тоқтатып қою тәртiбi ағынды суларды талдаудың сәйкестендiрiлген әдiстерiнде келтiрiлген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
61. Ағынды сулардың сынамасын талдау "Астана су арнасы" МКК-ның аттестацияланған әдiстемелерi бойынша орындалды. Өлшемдердi орындаудың аталмыш әдiстемелерi Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында тiркелген және Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келiсiлген. Бұл әдiстемелер химиялық талдау өткiзу үшін басшылық құжат болып табылады. Ағынды сулардың сынамасына талдау жүргізуге тек қана Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бақылау жасайды.
62. Ағынды сулардың сынамасына талдау жүргізген кезде сынама алынған ұйым өкiлiнің қатысында.
63. Талдау барысы қызмет журналында тiркеледi, онда орындалған күнi, нәтижелерi, одан әрi есептеуге қажеттi барлық сандық мағыналар және талдау үдерісінің негiзгi көрсеткiштерi жазылады. Қолданылатын қысқартулар әдiстемедегi сипаттамаға сәйкес болуға тиiстi.
64. Нәтиже қызмет журналында тiркеледi. Сандық мағыналар мына тәртiп ережелерiнен шыға отырып, қызмет журналына жазылады:
ерекше айтылмаған жағдайда барлық шамалардың мөлшерлерi мг/л;
рН - мөлшерсiз шамасы, рН бiрлiктерi;
Талдаудың нақты дәлдiгi нәтижелердi екi мағыналы цифрдан асырмай жазуға мүмкiндiк бермейтiндiгiн есепке ала отырып, 9,9 мг/л-ден асатын нәтижелердi көрсету үшiн мағыналы нөлдердi пайдалануға болады.
Бұл орайдағы жазуларды мысалға келтiрейiк:
15, 150, 1500, 15000 мағыналары: 15:10
0
15:10
1
, 15:10
2
, 15:10
3
мг/л аңғартады;
Нәтижелердiң бiр тұтастығын көрсету үшiн, барлық нәтижелер үтiрден кейiн, мағыналық белгiлер бiреуден аспайтындай етiп көрсетiледi, мысалы: 0,15, 1,5, 15,0, 150,0, 1500,0 және т.б.
65. Зертхананың орындайтын талдамалы бақылауының көлемiн, бақылауға жататын Кәсiпорындар санынан шыға отырып, сондай-ақ жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң нақты санын, орындалатын анықтамалардың күрделiлігiн және ұзақтығын есепке ала отырып, ай сайын топ басшысы белгiлейдi. Талдауды орындаумен тiкелей айналысатын бiр химикке айына (рН және осындай жедел әдiстердi енгiзе отырып, сондай-ақ қосарлас талдаулар) 100 элемент - анықтамаларды жоспарлауға болады.
66. Талдау нәтижелерi Кәсiпорын атауы, iрiктелген күнi, сынаманы кiм алғандығы және ол кiмнiң қатысуымен алынғандығы көрсетiліп, "Талдау хаттамасы" бланкiсiнде ресімделеді. Бланкке зертхана бастығы, орындаушы қол қойып, технологиялық топқа тапсырады.
11. Сынама іріктеген кездегі техника қауіпсіздігі
67. Химиялық талдау үшін сынаманы iрiктеу жөнiндегi жұмыстарға техника қауiпсiздiгi қағидаларын және өндiрiстiк санитарияны меңгерген, жасы 18-ден жоғары жастағы азаматтар жiберiледi.
68. Ағынды сулардың құрамындағы улағыш немесе жанғыш заттардың микробиологиялық немесе вирустық сипаттағы қаупi болуына орай, оларды iрiктеген кезде дезинфекциялап, сондай-ақ ерекше сақтықпен жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет. Сынамаларды жекелей алуға тыйым салынады.
69. Үлкен ыдыстардан сынамаларды алған кезде (тұндырғыштар, жинағыштар, ортайтқыштар) құтқарғыш жилеттердi киiп және сақтандыру арқандарын пайдалану қажет.
70. Сынамаларды iрiктеуге және оларды химиялық талдау үшiн дайындауға, сондай-ақ техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға қатысты жауапкершiлiк химиялық бақылау өндiрiсiне жауапты қызметкерге жүктеледi.
"Астана су арнасы" МКК
бас директоры
Астана қаласы әкімінің
2003 жылғы 15 тамыздағы
N 3-1-532 шешімімен
бекітілген Астана қаласының
су қашыртқы жүйесіне өндірістік
ағын суларын қабылдау
Қағидасына қосымша
Ластағыш заттардың мүмкін шекті концентрациясының
мөлшерлері мына кестеге сәйкес қабылданады:
___________________________________________________________________
Заттардың атауы | Өлшем | Мөлшерлемесі
| Бірліктері |
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Өлшенген заттар Мг/л 370
Оттегінің химиялық қажеттілігі Мг/л 436,4
(ОХҚ)
Оттегінің химиялық қажеттілігі Мг/л 294,7
(ОБҚ)
Тығыз қалдық Мг/л 1044
Мұнай өнімдері Мг/л 14
Синтетикалық жоғарғы белсенді Мг/л 39
Заттардың СЖБЗ
Темір Мг/л 9
Фосфаттар Мг/л 11
Мырыш Мг/л 3
Хром Мг/л 1,6
Никель Мг/л 1,18
ЛДБ (лайдың дегидрогеназдық % 20-дан жоғары емес
Белсенділігі)
Алюминий Мг/л 0,75
Бензол Мг/л 100
Ванадий Мг/л 25
Өсімдіктер мен жануарлар майлары Мг/л 50
Кадмий Мг/л 0,1
Кобальт Мг/л 1
Күкіртті бояғыштар Мг/л 25
Синтетикалық бояғыштар Мг/л 25
Марганец Мг/л 30
Мышьяк Мг/л 0,1
Қалайы Мг/л 10
Сынап Мг/л 0,005
Стронций Мг/л 26
Сульфидтер Мг/л 1
Титан Мг/л 0,1
Толуол Мг/л 5
___________________________________________________________________