Ақкөл ауданы бойынша мысық пен иттерді ұстау Ережесін бекіту туралы

Ақкөл аудандық мәслихатының 2003 жылғы 5 мамырдағы N С-36-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 мамырда N 1764 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 мамырдағы № С-38-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011.05.23 № С-38-3 шешімімен     
      Ақкөл ауданы өкімдігінің ұсынысын қарастырып және Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" Заңының 6-бабына, 2002 ж. 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 ж. 30 қаңтардағы № 155-II "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданында мысықтар мен иттерді ұстау Ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
      2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы                         сессияның хатшысы

      Ескертусіз келісілді

      Аудан әкімі

      Ақкөл ауданының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері

      Қала әкімі

      Аудан ішкі істер бөлімінің бастығы

Ақкөл Аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 5 мамырдағы
С-36-4 шешімімен
Бекітілген

Ақкөл ауданында мысық пен иттерді
ұстау (әрі қарай Ереже) Ережесі

      1. Иттер мен мысықтарды ұстаудың міндетті шарттары болып:
      1) Тұрғылықты мекен бойынша, мал дәрігерлік емдеу орнында 2,5-3 айлығында диагностикалық тексеруден, қажетті барлық алдын-алу шараларынан өткізу, жыл сайын қайта тіркеп отыру. Иелікке алған үй хайуандарын 2 апталық мерзімде тіркеу қажет.
      2) Иттер мен мысықтарды тиісті мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жағдайда ұстау. Үй хайуандары ұсталатын үй-жайларға жүйелі дезинфекция жүргізіліп және басқа да ветеринарлық-санитарлық шаралар орындалып отырылуы қажет.
      3) Жұқпалы ауру туралы күдік туса немесе өлсе мал дәрігері қызметіне дереу хабарлап, ол келгенге дейін мысықты не болмаса итті оңаша ұстау қажет.
      2. Мысық пен иттерді Ақкөл қаласынан, ауданнан тыс алып кету, әкелуге белгіленген үлгідегі тұрғылықты мекен бойынша аудандық мал дәрігерлік қадағалаудағы лицензия беруші дәрігердің ресімделген ілеспе құжаты берілген болса ғана рұқсат етіледі.
      3. Иттер мен мысық ұстайтын ұйымдардың, мекемелердің, әуесқой қоғамдар мен клубтардың және жеке азаматтардың міндеттері:
      1) Иттер мен мысықтарды иелікке алған сәттен бастап 5 күн ішінде тұрғылықты мекен бойынша мал дәрігерлік емдеу орнында тіркеу қажет. Алдын-алу шараларының жоспарына сай, жыл сайын егу, диагностикалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету керек. Иттерді ұстауда айналадағы азаматтар қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Иттер оңаша аумақтарда ұсталынуы тиіс (жақсы қоршалған аулалар мен учаскелерде, вольерлерде немесе байланған болуы керек). Иттің бар екендігі туралы аулаға немесе учаскеге кіре берісте ескертілген жазу ілінуі қажет.
      2) Иттердің тіркелуін жүзеге асырушы мал дәрігерлік мекемелері, ит иелерін міндетті түрде ит ұстау ережесімен таныстырады.
      3) Иттер мен мысықтарды биологиялық ерекшелікке сәйкес ұстау, оларға ізгілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда мал дәрігерінің көмегін сұрау.
      4) Оларды ұстайтын орындар мен қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдай қалыптастыру.
      5) Иттерді оңаша үй-жайдан, аумақтан жалпы аулаға немесе көшеге шығарғанда тек қана қысқа тізгінмен немесе ноқта кигізіліп шығарылады.
      6) Ит адамды немесе басқа хайуанды, малды қапқан жағдайда ит иесі міндетті түрде дереу жақын жердегі медициналық және мал дәрігері мекемесіне хабарлауы қажет, ит оңашаланып, 10 күн мал дәрігері маманының бақылауында болады.
      7) Кооперативтік меншіктер иттері қыдырту орындарын айқындайды және оларды тиісті көрсеткіштермен белгілейді.
      4. Иттер мен мысық иелерінің құқықтары:
      1) Ит пен мысық меншік иелігі болып табылады да, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
      5. Ит пен мысықты ұстау:
      1) Иттер мен мысықтарды екі немесе одан да көп, туыстық қатынастары жоқ отбасылары тұратын тұрғын үй жайларында, жалпы пайдаланатын орындарда, пәтерлерде ұстау, олардың келісімімен және көршілерді медициналық тұрғыдан қарама қайшылығы болмаса рұқсат етіледі.
      2) Ит пен мысықты бір отбасы тұратын жеке пәтерде ұстау, санитарлық гигиеналық мал дәрігері - санитарлық нормалары және осы ереже сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
      3) Иттерді қыдырту, осы мақсат үшін арнайы бөлінген алаңдарда, бос жерлерде, тағы да басқа адам жоқ жерлерде рұқсат етіледі. Иттерді қыдырту кезінде тұрғын үйлер жанында тыныштықты қамтамасыз ету керек.
      4) Иесі бар иттер мен мысықтар, қоғамдық орындар жанындағы дүкендердің, емханалар мен дәріханалардың т.б. байлаулы қалдырылған иттерден басқалардың барлығы көшелердегі базарлардағы, скверлердегі ілесусіз иесі жоқтар қаңғыбастар болып табылады да, оларды арнайы қызмет орнының атуына рұқсат етіледі.
      5) Иттер мен мысықтарды құтырған ауруға қарсы вакциналық емдеу жүргізілгендігі туралы ветеринарлық белгісі бар куәлік болғанда көліктің барлық түрімен, 12 айдан кем емес болса, әкелуге және алып жүруге рұқсат етіледі.
      6. Иттер мен мысықтардың иелеріне тиым салынады:
      1) Мал дәрігерлік емдеу орнының немесе ит спорт клубының тіркеуінсіз ұстауға;
      2) Жалпы пайдаланатын асханаларда, дәліздерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подвалдар мен лоджыларда;
      3) Иттер мен мысықтарды подъездерді, баспалдақ, спорт және кір жаятын алаңдарды, гүлзарларды, жаяу жүргінші жолдарын, скверлер мен саябақтарды былғауларын; Осы аталған орындар былғанған жағдайда, бұл орындарды иелері тазалауға тиіс.
      4) Иттерді жалпы пайдаланатын қоғамдық орындарда тізгінсіз, сондай-ақ мас күйде және 14 жасқа дейінгі балалардың қыдыртуына тиым салынады.
      5) Иттер мен мысықтарды өзендер мен көлдерде тағы басқа су тоғандарында шомылдыруға, суаруға;
      7. Осы ережені бұзған иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершілігі:
      1) Қала мен елді мекендерде ит ұстауда белгіленген осы Ережені бұзғандарға ескерту беріледі немесе үш айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады
      2) Қала мен елді мекендерде мысық ұстауда белгіленген осы Ережені бұзғандарға ескерту беріледі немесе бір айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады.
      3) Ит пен мысық ұстауда белгіленген осы Ережені бұзып, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіргендерге 10 айлық есеп көрсеткішіне дейінгі мөлшерде айып салынады.

Об утверждении Правил содержания кошек и собак в Аккольском районе

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 5 мая 2003г N С-36-4. Зарегистрировано Управлением юстиции Акмолинской области 5 мая 2003 года N 1764. Утратило силу - решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 23 мая 2011 года № С-38-3

      Сноска. Утратило силу - решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 23.05.2011 № С-38-3
      Рассмотрев предложение акимата Аккольского района и в соответствии со ст. 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" № 148-II от 23.01.2001 года, с Законом "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года, ст. 311 Кодекса Республики Казахстан «"Об административных правонарушениях" № 155-II от 30.01.2001 года, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила содержания кошек и собак в Аккольском районе (прилагаются).
      2. Настоящее решение вступает в силу после его государственной регистрации в управлении юстиции Акмолинской области.

      Председатель сессии              Секретарь районного
      районного маслихата              маслихата

      Согласовано без замечаний     
      Аким района                            
      Главный государственный санитарный врач Аккольского района            Аким города                                 
      Начальник РОВД

УТВЕРЖДЕНО
решением Аккольского
районного маслихата
от 5 мая 2003 года
N С 36 - 4

ПРАВИЛА
содержания кошек и собак в Аккольском районе
(далее Правила)

ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

       1. Обязательным условием содержания собак и кошек  является:
      1) Регистрация с ежегодной перерегистрацией, проведение всех необходимых профилактических обработок, диагностических исследований с 2,5-3 месячного возраста в ветеринарной лечебнице по месту жительства. Вновь приобретенные животные должны быть зарегистрированы в 2-х недельный срок.
      2) Содержание собак и кошек в условиях, соответствующих ветеринарно-санитарным правилам и нормам. Систематически проводить дезинфекцию помещений, в которых содержатся животные, и выполнять другие ветеринарно-санитарные мероприятия.
      3) Немедленное извещение ветеринарной службы о падеже или подозрении на инфекционные заболевания, до прибытия ветеринара, изоляция кошки или собаки.
      2. Вывоз и ввоз кошек и собак за пределы г. Акколь и района разрешается только при оформлении сопроводительного документа, установленного образца, который выдается ветнадзором района, врачом-лицензиатом по месту жительства.
      3. Организации, учреждения, любительские общества, клубы собак и кошек, отдельные граждане, имеющие собак и кошек, обязаны:
      1) Зарегистрировать собак и кошек в ветеринарной лечебнице по месту жительства в течение 5 дней с момента их приобретения. Обеспечить ежегодное проведение прививок, диагностических исследований согласно плана профилактических мероприятий.            Содержание собак должно обеспечить безопасность окружающим гражданам. Собаки должны содержаться на изолированной территории (хорошо огороженных дворах и участках, вольерах или на привязи). О наличии собак должна быть сделана предупреждающая запись при входе во двор или на участок.
      2) Ветеринарные учреждения, осуществляющие регистрацию собак, обязательно знакомят владельцев с правилами содержания.
      3) Содержать собак и кошек в соответствии с биологическими особенностями, гуманно относиться к ним, не оставлять их без присмотра, а в случае заболевания обращаться за ветеринарной помощью.
      4) Поддерживать надлежащее санитарное состояние в местах содержания и прогулок.    
      5) Выводить собак из жилых изолированных помещений и территорий в общие дворы или на улицу только на коротком поводке и наморднике.
      6) При укусе собакой человека владелец обязан немедленно сообщить об этом в ближайшее медицинское и ветеринарное учреждение, собака подлежит изоляции и наблюдению ветеринарными специалистами в течение десяти дней.
      7) Кооперативы собственников определяют места для выгула собак и делают соответствующие их обозначения.
      4. Права владельцев собак и кошек.
      1) Кошка и собака является собственностью владельца и, как всякая собственность, охраняется законом.
      5. Содержание собак и кошек.
      1) Содержание собак и кошек в жилых помещениях, в местах общего пользования, в квартирах, где проживают две или более семей, не связанных родственными отношениями, разрешается при условии их согласия и отсутствия у соседей медицинских противопоказаний.
      2) Содержание собак и кошек в отдельных квартирах, занятых одной семьей, допускается при условии соблюдения санитарно гигиенических, ветеринарных, санитарных норм и настоящих правил.
      3) Выгул собак разрешается на специально отведенных для этих целей площадках, на пустырях, в других безлюдных местах. При выгуле собак около жилых домов необходимо обеспечивать тишину.
      4) Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах, на улицах, рынках, скверах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у магазинов, поликлиник, аптек и т.д. считаются безнадзорными и подлежат отлову спецслужбами.
      5) Разрешается ввоз и перевозка кошек и собак  всеми видами транспорта при наличии ветеринарного свидетельства с отметкой в нем о проведении вакцинации против бешенства, но не более чем за 12 месяцев до ввоза.
      6. Владельцам кошек и собак запрещается:
      1) Содержание без регистрации в ветеринарной лечебнице или клубе спортивного собаководства.
      2)Содержание в местах общего пользования кухнях, коридорах на лестничных площадках, чердаках, подвалах и лоджиях.
      3) Загрязнение кошками и собаками подъездов, лестничных, спортивных и бельевых площадок, газонов, тротуаров, скверов и парков. В случае загрязнения названных мест, эти места должны быть убраны их владельцами.
      4) Выгуливать собак и появляться с ними в общественных местах общего пользования без поводка, а также лицам в нетрезвом состоянии и детям до 14 лет.
      5) Купание, водопой кошек и собак в озерах, реках, других открытых водоемах.
      7. Ответственность владельцев кошек и собак за нарушение настоящих правил.
      1) Нарушение установленных Правил содержания собак в городе и населенных пунктах влечет предупреждение или штраф в размере до трех месячных расчетных показателей.
      2) Нарушение установленных Правил содержания кошек в городе и населенных пунктах влечет предупреждение или штраф в размере до одного месячного расчетного показателя.
      3) Нарушение установленных Правил содержания собак и кошек, повлекшее причинение ущерба здоровью или имуществу граждан влекут штраф в размере до десяти месячных расчетных показателей.