Ерейментау қаласы мен Ерейментау ауданының селолық округтерінде балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі ұстау ережесін бекіту туралы

Ерейментау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 24 маусымдағы N С-31/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 шілдеде N 1912 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 4С-16/15-0 шешімімен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2009.04.21 № 4С-16/15-0 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ерейментау қаласы мен Ерейментау ауданының»селолық округтерiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң өзiн-өзi ұстау ережесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң, мектеп пен мектептен тыс мекемелерiнiң басшыларына, аудан әкiмдiгiнiң iшкi саясат, жастар iсi және спорт бөлiмiнiң жетекшiлерiне жергiлiктi жерде балалармен жұмыс жүргiзуге, сабақтан тыс уақытта оларды мәдени демалысын ұйымдастыруға жауапкершiлiктi күшейтуге ұсыныс берiлсiн.
      3. Аудандық бiлiм беру бөлiмiне, мәдениет мекемелерiне, аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң жасөспiрiмдердiң iсi жөнiндегi инспекциясына осы Ереженi жай-жапсары туралы балалар мен жасөспiрiмдердiң, олардың ата-аналарының арасында түсiндiрме беруге, олармен жүйелi түрде тәрбие жұмысын жүргiзуге ұсыныс берiлсiн.
      4. Бұл Ереже Ақмола облысының Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн аудандық "Ереймен", "Ерейментау" газеттерiнде жариялансын, радио арқылы хабарлансын.
      5. Аудандық Мәслихаттың депутаттық өкiлеттiк және этика, жастар iсi, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық пен құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына осы Ереженi орындалуын бақылауға мiндет жүктелсiн.

      Аудандық Мәслихат сессиясының төрағасы

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы

      Келiсiлдi:

      Ерейментау аудан әкiмi

Ерейментау аудандық Мәслихатының
2003 жылдың 24 маусымындағы
сессиясының "Ерейментау қаласында
және Ерейментау ауданының селолық
округтерiнде балалар мен
жасөспiрiмдердiң өзiн-өзi ұстау
ережесiн бекiту туралы" С-31/6
шешiмiмен бекiтiлген

Ерейментау қаласында және Ерейментау ауданының
селолық округтерiнде балалар мен жасөспiрiмдердi
өзiн-өзi ұстау ережесi

      Бұзақылық пен қылмыстың алдын алу, балаларды, жасөспiрiмдердiң, оларды»ата-аналарының, алмастырушы тұлғаларды» қоғамдық орында жасөспiрiмдердiң өзiн-өзi ұстау жауапкершiлiгiн күшейту, олардың бойында мәдени дағды, саналы тәртiп, айналаға сыйластық көзқарас қалыптастыру, оқушылардың өзiн-өзi ұстау ережесiн ескеру мақсатында
      1. Балалар мен жасөспiрiмдерге:
      1) кiшiпейiл болуға, үлкендi сыйлауға, өзiн-өзi ұстау мәдениетiмен жасы кiшiге өнеге көрсетуге, Қазақстан Республикасы азаматының ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн қылыққа жол бермеуге, үйлер мен ғимараттарға, мемлекеттiң өзге мүлкiне ұқыпты қарауға, жасыл желектi сақтауға, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртiп сақтауға, моральға жат және қоғамға қарама-қайшы өзге қылыққа төзбеуге мiндет жүктелсiн.
      2. Тыйым салынатын баптар:
      1) он алты жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдерге, ата-анасыз немесе алмастырушы өкiлсiз оқу кезiнде кешкi сағат 10-ға дейiн, жазғы каникул уақытында түнгi сағат 11-ге дейiн саябаққа, стадионға, көрермендер мекемесiне, кафеге, мейрамханаға, басқадай қоғамдық орындарға баруға;
      2) спирттi iшiмдiк iшуге, қоғамдық орындарда қызу күйде жүруге, спирттi iшiмдiк пен темекi өнiмдерiнiң саудасымен айналысуға, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарға осы кәсiпке жәрдем көрсетуге;
      3) жасыл желектi жоюға, көгал мен гүлзарда ойын ұйымдастыруға, қураған шөптi, жапырақты, терек мамығын жағуға, құрылыстың, орман алқабының маңында алау тұтатуға, от қауiптi жеңiл тұтанатын заттармен ойнауға;
      4) көшелер мен өзге қоғамдық орындарды ластауға, мемлекет мүлкiн, тұрғын үйлер мен ғимараттарды әртүрлi суреттермен, жазулармен, афишамен, хабарландырумен бүлдiруге, терезелердi сындыруға, бос тұрған үйдi тонауға;
      5) өрт сөндiрушiнiң баспалдағымен өрмелеуге, үйлердiң шатырының астына, төбесiне шығуға, демалыс орталығы: аула клубы, шағын спорт залы орналасқан жерлерден өзге жертөле бөлмесiне енуге тыйым салынсын.
      3. Полиция қызметкерлерi осы Ереженi бұзған жасөспiрiмдердiң ата-аналарына, егер оларды қылығы қылмыстық жауапкершiлiк тудырмаса, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы"Кодексiнiң 111 бабының»талаптарына сәйкес хаттама толтырады және жасөспiрiмдердiң құқығын қорғау комиссиясының қарауына жiберiледi.
      Жасөспiрiмдердiң құқығын қорғау комиссиясының Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодекс (111 бап) пен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылды 11 маусымындағы 789 Қаулысымен бекiтiлген "Жасөспiрiмдердiң құқығын қорғау комиссиясы туралы" типтiк Ережеге сәйкес, (11 және 12 баптары) тәртiп бұзушыларға, олардың ата-аналары мен алмастырушы тұлғаларына айып салуға немесе басқадай шара қолдануға құқығы бар.

Об утверждении Правил поведения детей и подростков в городе Ерейментау и сельских округах Ерейментауского района

Решение Ерейментауского районного маслихата от 24 июня 2003 г N С-31/6. Зарегистрировано Управлением юстиции Акмолинской области 8 июля 2003 года N 1912. Утратило силу - решением Ерейментауского районного маслихата

      Утратило силу - решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 21 апреля 2009 года № 4С-16/15-0

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан"» Ерейментауский районный Маслихат решил:

      1. Утвердить Правила поведения детей и подростков в городе Ерейментау и сельских округах Ерейментауского района (прилагаются).

      2. Рекомендовать руководителям районного отдела образования, школьных и внешкольных учреждений, отделов внутренней политики, делам молодежи и спорта районного акимата, повысить ответственность за организацию работы с детьми по месту жительства и их досуга во внеурочное время.

      3. Рекомендовать районному отделу образования, учреждениям культуры, инспекции по делам несовершеннолетних районного отдела внутренних дел разъяснение настоящих Правил среди детей и подростков и их родителей, проведение с ними систематической воспитательной работы.

      4. После государственной регистрации в Управлении юстиции Акмолинской области опубликовать настоящие Правила в районных газетах "Ереймен", "Ерейментау", передать по радио.

      5. Контроль за исполнением настоящих Правил возложить на постоянную комиссию районного Маслихата по вопросам депутатских полномочий и этики, делам молодежи, межнациональных отношений, охраны здоровья населения, образования, культуры, законности и правопорядка.

      Председатель сессии районного Маслихата
      Секретарь районного Маслихата

      Согласовано

      Аким Ерейментауского района
 

      Утверждены
решением сессии Ерейментауского
районного Маслихата от 24 июня
2003 года N С-31/6 "Об утверждении
Правил поведения детей и подростков
в городе Ерейментау и сельских округах
Ерейментауского района"

ПРАВИЛА
поведения детей и подростков в городе Ерейментау
и сельских округах Ерейментауского района

      В целях предупреждения правонарушений и преступлений, повышения ответственности детей, подростков, их родителей и лиц, их заменяющих за поведение несовершеннолетних в общественных местах, формирования у них навыков культуры, сознательной дисциплины, уважительного отношения к окружающим, соблюдения Правил поведения учащихся

      1. Рекомендовать детям и подросткам быть вежливыми и предупредительными со старшими, показывать достойный пример младшим в культуре поведения, не допускать поступков, порочащих честь и достоинство граждан Республики Казахстан, бережно относиться к зданиям и сооружениям, другому государственному имуществу, сохранять зеленые насаждения, поддерживать чистоту и порядок в общественных местах, быть нетерпимыми к аморальным и другим антиобщественным поступкам.

      2. Рекомендовать:
      1) ограничить время пребывания детей и подростков до 16 лет без родителей или лиц, их заменяющих, в парках, на стадионах, зрелищных учреждениях, кафе, ресторанах и других общественных
местах до 22 часов во время учебного периода и во время летних каникул до 23 часов;
      2) не употреблять спиртные напитки и не появляться в общественных местах в нетрезвом состоянии, не заниматься торговлей спиртными напитками и табачными изделиями, а также не оказывать содействие коммерческим структурам в этой деятельности;
      3) не уничтожать зеленые насаждения, не устраивать игры на газонах и цветниках, не сжигать засохшую траву, листья, тополиный пух, не разводить костры около строений, лесных посадок, не играть с огнеопасными легковоспламеняющимися веществами;
      4) не сорить на улицах и других общественных местах, не портить государственное имущество, подъезды жилых домов и других строений различными рисунками и надписями, афишами, объявлениями, не разбивать стекла и не грабить пустующее жилье;
      5) не лазить по пожарным лестницам, чердакам, крышам домов,  не находиться в подвальных помещениях, за исключением тех, где размещены досуговые центры: дворовые клубы, малые спортивные залы.

      3. На родителей несовершеннолетних  нарушителей настоящих Правил, если их действия не влекут уголовную ответственность, работниками полиции составляется протокол об административном правонарушении в соответствии с требованиями статьи 111 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и направляется на рассмотрение в комиссию по защите прав несовершеннолетних.
      Комиссия по защите прав несовершеннолетних имеет право подвергнуть нарушителей, их родителей и лиц, их заменяющих, штрафу или другому наказанию, согласно Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" (статья 111) и типового положения "О комиссии по защите прав несовершеннолетних"»утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года N 789 (статьи 11 и 12).