РҚАО-ның ескертуі: Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Алматы облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 2-23/и-6065 хатымен (1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38 бабы).
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтар актілер туралы" Заңындағы 40-баптың 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабындағы 8-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Облыс әкімінің 2002 жылғы 15-наурыздағы "Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген азаматтар мен жұмыссыздарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" N 3-47 (тіркеу N 694 27.03.2002 ж.) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Облыс әкімі