Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2006.12.20 № 25-11 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Табысы аз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге берілетін жәрдемақылардың мөлшері мен белгілену тәртібі жөніндегі ереже бекітілсін /қоса тіркелген/.
2. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы табысы аз отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауды және төлеуді осы ережеге сәйкес жүргізетін болсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Мамадалиев Т. Сугирбаев
Қордай аудандық мәслихатының
2003 жылғы 14 ақпандағы нөмірі 21-8
"Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға және
коммуналдық қызметтерді
тұтынуға ақы төлеуге берілетін
жәрдемақылардың мөлшерлері мен
белгілену тәртібі жөніндегі
Ережені бекіту туралы"
шешімімен бекітілген
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға
және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге берілетін жәрдемақылардың мөлшерлері мен белгілену тәртібі жөніндегі
Ереже
1. Тұрғын үй жәрдемақысы
Тұрғын үй жәрдемақысы - табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну шағындарының орнын толтыру үшін мемлекеттен берілетін өтемақы - тұрғындарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
Тұрғын үй жәрдемақысы жергілікті жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі болып табылатын тұлғаларға тұтыну қызметтеріне жұмсаған шығындары белгіленген тұрғын үй алаңы мен тұрмыстық-коммуналдық тұтыну қызметтерінің мөлшері негізінде бекітілген шығындардың шекті көрсеткішінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Республика Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі нөмірі 437 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы Уақытша Ереже" жөніндегі қаулысына сәйкес беріледі.
Жол беруге болатын шекті шығындар үлесі Республика Үкіметінің нөмірі 437 қаулысымен белгіленген.
2. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері мен
тағайындалу тәртібі
Тұрғын үй жәрдемақысы атаулы әлеуметтік көмек түрінде осыған мұқтаж жандарға беріледі. Тұрғын үй жәрдемақысы аудандық еңбек, жұмыс пен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы меншік иесінің (жалдаушының) арызына сәйкес оның материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі негізінде қабылданған учаскелік комиссияның шешімі және жоғарыдағы Үкімет қаулысымен белгіленген қосымша құжаттар бойынша тағайындайды.
Өтемақы көлемі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген тұрғын үй алаңының нормасы шегінде есептеу құралдарының нақтылы пайдаланылған көрсеткіші бойынша анықталады.
Табиғи газды, электр қуаты мен суды пайдаланушылар үшін жәрдемақының мөлшері іс жүзіндегі төлем мен табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау Департаменті белгіленген тарифтері шегінде тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін рұқсат етілген шығындардың арасындағы айырмамен есептеледі.
Тұрғын үй жәрдемақысы сондай-ақ қатты отынды пайдаланатын және табысы аз отбасылар тізімінде (жалғыз ілікті, көп балалы) тұратын, атаулы әлеуметтік көмек алмайтындарға тендерлік комиссияның шешімімен жылыту кезеңіне белгіленген баға бойынша 1 тонна көлемінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес құрамында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орындарында тіркелмеген еңбекке жарамды адамдары (бұған 7 жасқа дейінгі балалары бар аналар жатпайды) бар отбасыларының тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы жоқ.
3. Отбасының орташа жиынтық кірісін есептеу әдісі
Отбасының орташа жиынтық кірісі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 6-бабына сәйкес есептелінеді.
4. Төлеу тәртібі
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу Республика Үкіметі қаулысымен бекіткен "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы Уақытша Ережеге" сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен Казпоштаның аудандық пошта байланысы торабы арасында жасалған келісімге сай әр елді мекен бойынша атаулы түрде әркімнің жеке есебіне аудару арқылы жүргізіледі.