Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 266/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы" N 437 қаулысымен бекiтiлген уақытша Ережесiне, Ақсу қалалық мәслихатының (XXV сессиясы, II шақырылған) 2003 жылғы 31 шiлдедегi N 94/25 шешiмiмен бекiтiлген Ақсу қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi туралы Ережелерге сәйкес табысы аз азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) келесi құрамда құрылсын:
Әбенов |
қала әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрағасы |
Түсiпбеков |
тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары |
Жортикова |
тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелерi: |
|
Журавлева |
қаржы басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) |
Омарғалиев |
қалалық мәслихаттың хатшысы (келiсiм бойынша) |
Рахметова |
қалалық денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы |
Рудман |
тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының қаржы қызметi және кадрлармен жұмыс бөлiмiнiң бас маманы заңгер |
Самбаева |
Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу бөлiмiнiң бастығы |
Сәрсенов |
жұмыспен қамту басқармасының бастығы |
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
4. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап екi апта мерзiм iшiнде қалалық "Ақжол-Новый путь" газетiнде жариялануға жатады. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының жариялануын бақылау қала әкiмi аппараты мемлекеттiк - құқықтық бөлiмiнiң бастығы И.В.Кудашкинаға жүктелсiн.
5. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Әбеновке жүктелсiн.
Қала әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы
КЕЛIСIЛДI
Ақсу қалалық мәслихатының
хатшысы
2003 жылғы "3" желтоқсан
КЕЛIСIЛДI
Қаржы басқармасының бастығы
2003 жылғы "3" желтоқсан
"Ақсу қаласының табысы аз
азаматтарына тұрғын үйдi
ұстауға және коммуналдық
қызметтерге ақы төлеуде
даулы мәселелердi қарастыру
жөнiндегi комиссия туралы"
Қала әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 8 желтоқсан N 306/17
қаулысымен БЕКIТIЛДI
Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия туралы қағида
1. Жалпы ережелер
1. Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезiнде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия табысы аз азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау мақсатында құрылған комиссия тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы" N 437 қаулысымен бекiтiлген уақытша Ережесiне, Ақсу қалалық мәслихатының (XXV сессиясы, II шақырылған) 2003 жылғы 31 шiлдедегi N 94/25 шешiмiмен бекiтiлген Ақсу қаласы бойынша табысы аз азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi туралы Ережесiне сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия жергiлiктi атқарушы орган жанында - қала әкiмшiлiгiнде құрылады.
4. Комиссия төраға қала әкiмiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшысы, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың өкiлдерi қатарынан комиссияның 6 мүшесi құрамында құрылады.
2. Комиссияның мақсаты, қызметi және өкiлеттiлiгi
5. Тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау Комиссияның мақсаты болып табылады.
6. Комиссияның негiзгi қызметi мен өкiлеттiлiгi:
1) адамдардың келесi санаттарына бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде шешiм қабылдайды:
операцияға ұшырағаннан кейiн емделуге мұқтаж зейнеткерлерге;
ең төменгi мөлшерде зейнетақы алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге;
кәмелетке толмаған балалардың қамқоршыларына және қорғаншыларына;
жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, отбасыларына;
табысы өмiр сүру шегiнен төмен, жұмыссыз азаматтарға;
жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, екi және одан да көп бала тәрбиелейтiн толық емес отбасыларына;
ата-аналары мүгедек болып табылатын немесе бала кезiнен мүгедек-баласы бар отбасыларына;
80 жастан асқан қарт азаматтарға;
аурудың ауыр түрiмен (туберкулез, онкоаурулар, сал және басқалар) ауыратын, емделуде жатқан адамдарға;
жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, коммуналдық төлемдердi уақытында төлеу мүмкiншiлiгi жоқ басқа да адамдарға;
2) әр өтiнiш берушiге құжаттар пакетiн дайындайды;
3) бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде азаматтардың өтiнiшiн қарастырады;
4) өтiнiш берушiнiң материалдық тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзедi.
7. Жүктелген қызметтi орындау үшiн Комиссияның заңнамалармен бекiтiлген тәртiпте тексеруге қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан және басқа ұйымдардан сұратуға құқығы бар.
8. Жұмыс органымен бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда бас тарту болған жағдайда өтiнiш берушiге бекiтiлген заңнамалармен бекiтiлген тәртiпте дәлелдi, жазбаша жауап дайындалады.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
9. Комиссияның мәжiлiсi тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
10. Өтiнiш берудiң әр жағдайында өтiнiш берушiнiң өтiнiшi жылына кем дегенде бiр рет қаралады.
11. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) жеке куәлiгi;
2) пәтерге құқықты растайтын құжат (жекешелендiру, сатып алу-сату, тұрғын үйдi жалға алу туралы келiсiм шарт, ордер, мұраға берiлгендiгi туралы куәлiк және тағы басқалар);
3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелу дерегiн растайтын құжат (үй кiтапшасы, тiркелiмiнiң карточкасы);
4) еңбек кiтапшасы;
5) коммуналдық қызметтерге қарыздары туралы анықтамалар (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, электр энергиясы, ПИК);
6) өтiнiш жасаған айдың алдындағы 12 ай iшiндегi табысы туралы анықтама;
7) қажет болған жағдайда денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) осы жәрдемақыны тағайындауға мұқтаж адамдар санатына жататындығын куәландыратын басқа да анықтамалар мен құжаттар;
12. Комиссияға құжаттар тапсырылғаннан кейiн, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасымен өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайына тексеру актiсi жасалады.
13. Материалдар бойынша уақытында және дұрыс шешiм қабылдау мақсатында, Комиссияның қарауына түскен, өтiнiш берушiнiң берген мәлiметтерi жұмыс органымен алдын ала зерттеледi.
14. Комиссия, хаттамамен ресiмделiп және төрағаның немесе оның орнын басатын адамның, сонымен қатар комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылатын шешiм қабылдайды.
15. Комиссияның шешiмi ашық түрде дауыс берумен қабылданады және Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп есептеледi.
4. Комиссияның қызметiн тоқтату
16. Комиссияның қызметiн тоқтату бекiтiлген заңнама тәртiбiнде жүзеге асырылады.