Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.03.03 N 60 Қаулысымен
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысының 3-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 91 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі N 38 (Т/н N 398 2001 жылғы 30 шілде, 2001 жылғы 7 тамыздағы "Северный Казахстан" г., 2001 жылғы 21 тамыздағы "Солтүстік Қазақстан" г., 2003 жылғы 14 қаңтардағы "Северный Казахстан" г., 2003 жылғы 3 наурыздағы "Солтүстік Қазақстан" г.) қаулысына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереженің 1 бөлімінің 7-тармағы:
мына мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету";
7-тармақтың 20) тармақшасы 21-тармақша болып саналсын;
Ереженің қосымшасының реттік нөмірі 20-жолы мына мазмұнда толықтырылсын:
20. Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету |
жылжымайтын мүлікті айқындаушы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 91 қаулысы |
III |
1,14 |
тарифтік коэффициенттерге өзгерістер енгізілсін:
мыналардың орнына: II-0,88; III-0,95; IV-1,02
жаңа редакцияда: II-1,07; III-1,14; IV-1,22.
Облыс әкімі