«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2013 № 15-07/222 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Министр
"Сорттар оригинаторларын
тіркеу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 91 бұйрығымен
бекітілген
Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2013 № 15-07/222 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Сорттар оригинаторларын тіркеуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) жүргізеді.
3. Сорт оригинаторы болып патент иегері болып табылатын немесе сортты лицензия негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға тіркеле алады.
4. Шетелдік селекция сортының оригинаторы болып жеке және заңды қазақстандық тұлға да, жеке және заңды шетелдік тұлға да тіркеле алады.
Бір сорт бойынша бір немесе бірнеше сорттар оригинаторлары тіркеле алады.
2. Сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібі
5. Тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға Ауылшарминіне мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) өндірістік құндылығын айқындайтын биологиялық белгілері мен қасиеттері жөніндегі сорттың мінездемесін (сорттың сипаттамасы).
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2013 № 15-07/222 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Ауылшармині жеке немесе заңды тұлғадан тіркеуге өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде тапсырылған құжаттарды зерттейді және осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса сорт оригинаторының тіркеулік нөмірін береді.
7. Тіркеу сорт оригинаторына Мемтізілімге енгізілген сортты сақтауға құқық береді.
8. Сорт патентінің күші жойылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған, сондай-ақ сорт Мемтізілімнен алынып тасталған жағдайда сорт оригинаторы сорт оригинаторларының тізбесінен алынып тасталады.
3. Өтпелі жағдайлар
9. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының патент иесіне селекциялық жетістікке патент беруді реттейтін құқықтық нормаларының күшіне енуіне дейін жеке немесе заңды қазақстандық тұлға Ауылшарминіне осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына бұдан бұрын күші бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген селекциялық жетістікке құқығын растайтын құжаттың (авторлық куәлік немесе куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырады.
Сорттар оригинаторларын
тіркеу ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
__________________________________________________________________
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және бар болған жағдайда әкесiнiң аты, заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2013 № 15-07/222 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сорт көрсетiлсiн)
сорт оригинаторы деп тiркеудi сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың деректері______________________________________________
______________________________________________________________
(№, кiм және қашан берілді)
2. Мекенжайы: _______________________________________________
______________________________________________________________
(индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң №, телефоны, факсы)
3. Банктік деректемелер______________________________________
___________________________________________________________________
(ЖСН (БСН), МФО, шот №, банктiң атауы және тұрған жерi)
4. Қоса берiлiп отырған құжаттар:___________________________
__________________________________________________________________
(Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесінiң 5-тармағына сәйкес)
Басшы _________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты және әкесiнiң аты болған жағдайда)
Мөр орны
20__ жылғы «___» _________________
Өтiнiш қарастыруға 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды.
__________________________________________________________________
(өтiнiш қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесiнiң аты болған жағдайда, қолы)