Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 33 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2770. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді---------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

 Қосымша 

Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1...
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi орган берген лицензиялардың негiзiнде қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi құжаттарын келiсу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 33 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізілімінде N 2770 тіркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған N 37-40).
--------------------------------

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу ережесі және оларға өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, өзін-өзі басқаратын ұйымдарға, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, Орталық депозитарийге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау жөніндегі агенттігі 
Басқармасының "Бағалы қағаздар
рыногында уәкілетті орган   
берген лицензиялардың     
негізінде қызметті жүзеге   
 асыратын ұйымдардың ішкі    
құжаттарын келісу ережесін   
бекіту туралы"        
2004 жылғы 16 ақпандағы    
N 33 қаулысымен бекітілген  

  Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген
лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың ішкі құжаттарын келісу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті орган берген лицензиялардың негізінде қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжаттарын және оларға өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі - ішкі құжаттар) келісу тәртібін белгілейді.

      1. Өтініш беруші ішкі құжаттарды уәкілетті органға екі данада, парақтары нөмірленген, тігілген, өтініш берушінің атқарушы органы басшысының не атқарушы органның қызметін жеке дара атқаратын тұлғаның қолы қойылған және өтініш берушінің мөрі басылған етіп ұсынады.

      2. Уәкілетті орган ішкі құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды. Ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының заң талаптарына және осы Ереженің 1-тармағына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган оларды келісіп, өтініш берушіге ішкі құжаттардың бір данасын уәкілетті органның келісу туралы белгісін қойып қайтарады.

      3. Ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының заң талаптарына және осы Ереженің 1-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды келісуден бас тартады.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні ішкі құжаттарды келісуден бас тартқандығы туралы жазбаша хабардар етеді.
      Өтініш беруші ішкі құжаттарды қайта ұсынған кезде оларды қарау мерзімі жаңадан есептеледі.

      4. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил согласования внутренних документов организаций, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензий, выданных уполномоченным органом

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 33. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 марта 2004 года N 2770. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27.08.2005г. N 283

         Извлечение из постановления Правления Агентства РК
            по регулированию и надзору финансового рынка 
                       и финансовых организаций
                        от 27.08.2005г. N 283

     "В целях приведения нормативных правовых актов в соответствие с Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...
 

     Председатель

                              Приложение 
                              к постановлению Правления 
                              Агентства РК по регулированию 
                              и надзору финансового рынка 
                              и финансовых организаций
                              от 27.08.2005г. N 283

             Перечень нормативных правовых актов
       Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      ...
      4. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 33 "Об утверждении Правил согласования внутренних документов организаций, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензий, выданных уполномоченным органом"...".

-------------------------------------------------------------------
 
 
      В соответствии с пунктом 2  статьи 48  Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования внутренних документов организаций, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензий, выданных уполномоченным органом, и изменений и дополнений в них.

      2. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Шалгимбаева Г.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", саморегулируемых организаций, организатора торгов, Центрального депозитария.

      3. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций принять меры по публикации настоящего постановления в официальных печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Бахмутову Е.Л.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

 
       Председатель

   

Утверждены                       
постановлением Правления Агентства          
Республики Казахстан                  
по регулированию и надзору              
финансового рынка и финансовых            
организаций "Об утверждении Правил          
согласования внутренних документов          
организаций, осуществляющих деятельность     
на рынке ценных бумаг на основании         
лицензий, выданных уполномоченным органом"    
от 16 февраля 2004 года N 33            

Правила
согласования внутренних документов организаций,
осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг
на основании лицензий, выданных уполномоченным органом

      Настоящие правила устанавливают порядок согласования внутренних документов организаций, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг на основании лицензий, выданных уполномоченным органом, и изменений и дополнений в них (далее - внутренние документы).
      1. Заявитель представляет в уполномоченный орган внутренние документы в двух экземплярах, полистно пронумерованные, прошитые, подписанные руководителем исполнительного органа заявителя либо лицом, единолично осуществляющим функции исполнительного органа, и заверенные оттиском печати заявителя.
      2. Уполномоченный орган рассматривает внутренние документы в течение тридцати дней с даты их получения. В случае соответствия внутренних документов требованиям законодательства Республики Казахстан и пункту 1 настоящих Правил, уполномоченный орган согласовывает их и возвращает заявителю один экземпляр внутренних документов с отметкой уполномоченного органа о согласовании.
      3. Уполномоченный орган отказывает в согласовании внутренних документов в случае их несоответствия требованиям законодательства Республики Казахстан и пункту 1 настоящих Правил.
      Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя об отказе в согласовании внутренних документов с указанием причин отказа.
      При повторном представлении заявителем внутренних документов исчисление срока их рассмотрения начинается заново.
      4. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.