Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 79
қаулысымен
.
__________________________
Ескерту: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7
қаулысымен
.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы
қаулы етеді
:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, кастодиан банктерге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 15 наурыздағы N 69
қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату,
сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
ерікті
зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы
қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе
еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің
ерекшеліктері туралы ереже
Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7 қаулысымен .
1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын жалпы
ережелер және негізгі ұғымдар
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45, 45-2 және 45-3 баптары негізінде әзірленді.
2. Осы Ережеде пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын (бұдан әрі - лицензия) қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган қор мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қорды басқаруды қамтамасыз ету туралы шараларды орындау үшін тағайындаған орган;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторы - таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына азаматтық-құқықтық және басқа міндеттемелерден пайда болған мүліктік талаптары бар, зейнетақы жарналары салымшыларынан (бұдан әрі - салымшы) және зейнетақы төлемдерін алушылардан (бұдан әрі - алушы) басқа тұлға;
3) тарату өндірісі - заңды тұлға ретінде қордың қызметін тоқтату рәсімі;
4) тарату массасы - зейнетақы активтерінен, сондай-ақ меншік құқығы бойынша оған тиісті болып табылмайтын мүліктен басқа, таратылатын қордың активтері;
5) кредиторлар талаптарының тізілімі - кредиторлардың белгіленген мерзімде мәлімдеген және тарату комиссиясы таныған талаптарын көрсететін уәкілетті орган (еріксіз тарату кезінде) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (ерікті тарату кезінде) бекіткен құжат.
2-тарау. Қорды еріксіз тарату тәртібі
3. Қорды еріксіз тарату кезінде тарату өндірісінің басталуы - қорды еріксіз тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні болып табылады.
4. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын еріксіз тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тарату комиссиясын тағайындайды.
5. Қорды еріксіз тарату кезінде, кредиторлар комитетін құрғанға дейін, тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің төлемдерін қосқандағы сметасын таратылатын қордың қаржылық жағдайын есепке алып, уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.
Уәкілетті органмен келісілген және еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасы шығыстар сметасын кредиторлар комитеті бекіткенге дейін қолданылады.
6. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аралық тарату балансын және кредиторлардың талап ету тізілімін бекітуге уәкілетті органға ұсынады.
7. Егер еріксіз таратылатын қордағы бар ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда тарату комиссиясы қордың мүлкін сатуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
3-тарау. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы
8. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған еріксіз таратылатын қордың мүлкін және істерін басқару өкілеттігі беріледі. Тарату комиссиясы қордың атынан талаптар ұсынады және сотқа қатысады.
9. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды, оның қызметін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.
Тарату комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның міндетін орынбасары атқарады.
10. Еріксіз таратылатын қордың филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда, оларды таратуды тарату комиссиясының жергілікті жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі - бөлімше) атқарады.
Бөлімшеге тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының мүшелерінің арасынан тағайындаған басшы (бұдан әрі - бөлімше басшысы) жетекшілік жасайды.
Бөлімше басшысы өзінің қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген және заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат негізінде жүргізеді.
Бөлімше басшысы және жалпы бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.
11. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының, тартылған қызметкерінің еңбекақы төлеуді қосқандағы құқықтары мен міндеттері тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесі не тартылған қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шартында (келісім-шартында) белгіленеді.
Аталған адамдарды жұмысқа қабылдау қордың тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
12. Тарату комиссиясының төрағасы қорға келген шығынға және қорды тарату барысында жіберілген басқа да заңсыздықтар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілері белгіленген жағдайда тарату комиссиясы бұл туралы белгіленген тәртіп бойынша құқық қорғау органдарына, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлайды.
13. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауда дербестікке ие.
Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
14. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) қордағы тарату өндірісін жүргізу бойынша тарату комиссиясына жүктелген міндеттерді растайтын құжатпен таратылатын қордың бұрынғы басшылығын қол қою арқылы таныстырады;
2) уақытша әкімшіліктен қордың тіркелгендігі жөніндегі құжаттарды, лицензиялардың түпнұсқаларын, қордың штамптарын, мөрлерін, электронды тасымалдаушыдағы ақпараттарды, бағдарламалық қамтамасыз ету, бланктер және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар) құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу актісін жасай отырып қабылдайды;
3) тарату комиссиясы тағайындалған күні кассаға ревизия жасайды, таратылатын қордың банктік шоттарын, сондай-ақ кастодиан банктегі шоттарды салыстырады. Таратылатын қордың бухгалтерлік есеп деректері бойынша шоттардың қалдықтарын осы шоттар ашылған банктегі шоттардың деректерімен салыстырады және қорытындылар негізінде акті жасайды;
4) таратылатын қордың теңгедегі және шетел валютасындағы ағымдағы шоттарын ашады және оларға жеке қаражаттың есебін алу бойынша қолданыста бар банктік (ағымдағы) шоттардағы ақша қалдықтарын есепке алады және оларды жабады;
5) қордың еріксіз таратылуы жөніндегі және тарату комиссиясын тағайындау туралы хабарламаны қордың салымшылары көруге ыңғайлы жерге орналастырады;
6) тарату комиссиясы құрылған күні электронды тасымалдағыштағы есеп-бухгалтериялық ақпаратты басып шығарады. Электронды тасымалдағышта осы ақпарат болмаған жағдайда осы күнгі қағазға шығарылған ақпарат негізге алынады;
7) толық материалдық жауапкершілік алатын, сонымен бірге бухгалтерлік есепті электронды түрде жүргізетін жүйеге кіруге және қордың қаржылық және өзге де есеп берулерін өңдеуге рұқсаты бар адамдар тобын белгілейді;
8) таратылатын қордың қаржылық қызметі туралы балансын жасауға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпаратты электронды тасымалдағыштардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) қордың жеке активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді және қорытынды бойынша акт жасайды және оның активтерін басқарады;
10) түгендеу қорытындысын ескере отырып, он жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіліктен (еріксіз тарату кезінде) қабылдау-өткізу актісі бойынша құжаттар мен мүлікті қабылдап алады;
11) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының
еңбек
туралы заңдарына сәйкес қызметтен босатады;
12) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын анықтайды және талдамалық есеп деректерімен салыстырады;
13) қордың әрбір кредиторын қордың таратылатындығы жөнінде жазбаша хабардар етеді;
14) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда қолда бар деректемелерді көрсетіп акт жасайды және жазбаша хабарламаның жіберілмеу себептерін көрсетеді;
15) таратылатын қордың кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды қордың бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талабының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
16) тарату комиссиясының құрамына жеке еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді жалдайды;
17) қордың бүкіл таратылу кезеңі ішінде қордың мүлкі мен құжаттарының сақталуы жөніндегі шараларды қолға алады;
18) уәкілетті органға белгіленген мерзімде атқарылған жұмыс туралы есепті және қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты береді.
15. Еріксіз таратылатын қордың ағымдағы шоты таратылатын қордың бас офисі тұрған жердегі екінші деңгейдегі банкте ашылады.
16. Қордың еріксіз таратылуына байланысты барлық шығыстар осы қордың қаражаты есебінен жасалады.
Таратылу өндірісімен, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етумен байланысты шығыстар уәкілетті органмен келісілген, еріксіз таратылатын қордың кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын қор қаражатынан кезектен тыс жасалады.
17. Қордың тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ қаражатты екі айдан аса мерзімге тарату комиссиясының еңбегіне ақы төлеу резервінде сақтауға жол берілмейді.
Таратылатын қордың басқа қорға берілуі (аударылуы) тиіс шоттардағы инвестицияланбаған ақша (зейнетақы активтері) қалдығын пайдалануға жол берілмейді.
18. Қор лицензияларының түпнұсқалары қордың тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.
19. Еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы қордың кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Еріксіз таратылатын қор кредиторларының талаптарын қанағаттандыру зейнетақы активтерін кредиторлардың бекітілген талап ету тізіліміне сәйкес басқа қорға аударған соң жасалады.
4-тарау. Тарату комиссиясының ерікті таратылатын
қордың зейнетақы активтерін
басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібі
Ескерту: 4-тараудың атауындағы және мәтін бойынша "мәжбүрлі немесе", "мәжбүрленген немесе" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7 қаулысымен .
20. Тарату комиссиясы ерікті таратылатын қордың зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша оның міндеттемелерін тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде басқа жинақтаушы зейнетақы қорына береді.
Зейнетақы активтерін беру тарату комиссиясы (беріп отырған таратылатын қордың атынан) қабылдаған қор, бұрынғы және жаңа кастодиан банктер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалатын зейнетақы активтерін беру келісімі және қабылдау-өткізу актісі негізінде жүзеге асырылады.
Тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) қордың ерікті таратылуы туралы ақпаратты салымшыларға таралымы он бес мыңнан кем емес және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын баспасөз басылымдарында және орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы жібереді. Хабарландыруда мынадай ақпарат болуы тиіс:
қордың ерікті таратылуына келісім беру күні туралы қабылдаған уәкілетті органның шешімі;
жинақталған зейнетақы қаражатын аудару туралы өтініштері, кредиторлардың шағымдарын ұсыну тәртібі және мерзімі, сондай-ақ таратылатын қордың кредиторлары шағымдана алатын мекен-жайлар;
2) таратылып отырған қордың зейнетақы активтеріне және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар бойынша оның міндеттемелеріне түгендеу жасалады. Түгендеу қорытындысы бойынша мыналарды көрсете отырып, зейнетақы активтерінің жай-күйі бойынша акт жасалады:
жасалған зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының жалпы тізімі;
құрамында мынадай ақпараты бар міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар тізімі, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімі, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының тізімі:
жеке зейнетақы шотының нөмірі,
фамилиясы, әкесінің аты (болған жағдайда), салымшының (алушының) туған күні,
салымшының (алушының) жынысы,
әлеуметтік жеке коды,
салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау нөмірі және күні;
салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні,
салымшының (алушының) мекен-жайы, тұратын жері,
жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық келіп түсулер сомасы туралы;
тарату комиссиясы белгілеген мерзімде өз жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа қорларға аудару жөнінде өз өтініштерін бермеген салымшылардың зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының нөмірін, жасалған күні көрсетілген, қағазға шығарылған және электронды форматтағы зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының тізімі;
тарату комиссиясы тағайындаған күнгі инвестициялық портфельдің құрылымы, шоттардағы инвестициялық ақша қалдығы, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыс мерзімі, саны (данамен), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаздың ағымдағы құны, проценттер және дивидендтер бойынша есептелген кірістің, таратылып отырған қордың "ДЕПО" шотында көрсетілген бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіліп жіберіліп отырған бағалы қағаздар тізбесі;
банктік салымның қажетті деректемелері көрсетілген екінші деңгейдегі банктерде болып отырған зейнетақы активтерінің сомасы: банк атауы, шартты жасау сомасы, күні, шарттың қолданылу мерзімі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі, банктік салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасы;
3)-4)
алынып тасталды
;
5) басқа қордың кастодиан банкіне жинақталған зейнетақы қаражатын беру рәсімдерін аяқтаған соң таратылатын қордың кастодиан банкіндегі шотты жабады (тарату комиссиясы белгілеген мерзімде).
Қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
өткізген күнгі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:
шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдығы,
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген бағалы қағаздардың (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жиынтық құны және ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыс мерзімі, саны (дана), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаздың ағымдағы құны, проценттер және дивидендтер бойынша есептелген кіріс, таратылатын қордың "ДЕПО" шотындағы бағалы қағаздардың жалпы саны,
"Кері репо" операциялары бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жиынтық құны және ұлттық бірегейлендіру нөмірі, айналыс мерзімі, саны (дана), сатып алу бағасы, бір бағалы қағаздың ағымдағы құны, проценттер бойынша жабу және есептелген кіріс бағасы,
екінші деңгейдегі банктердегі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) салымдар және банк атауы, салым сомасы, банктік салым туралы жасалған шарттың күні, шарттың қолданылу мерзімі,
басқа қаржы ұйымдарында орналасқан зейнетақы активтерінің сомасы және саны,
жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы белгілеген мерзімде өз жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аудару туралы өтінішті бермеген салымшылар бойынша мынадай ақпаратты көрсете отырып берілген зейнетақы шарттарының тізімі:
жеке зейнетақы шотының нөмірі,
фамилиясы, әкесінің аты (болған жағдайда), салымшының (алушының) туған күні,
салымшының (алушының) жынысы,
әлеуметтік жеке коды,
салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау нөмірі және күні,
салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні,
салымшының (алушының) мекен-жайы, тұратын жері,
жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық келіп түсулер сомасы туралы.
Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 7
қаулысымен
.
21. Ерікті таратылатын қордың алушылары және салымшылары тарату комиссиясы белгілеген мерзімде өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшін басқа қорды дербес таңдайды.
Салымшының/алушының басқа қорға жинақталған зейнетақы қорын аудару туралы өтініші тарату комиссиясына жиырма күнтізбелік күннен аспайтын, белгіленген мерзімде жіберіледі.
22. Қордың тарату комиссиясы басқа жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын аудару туралы салымшыдан/алушыдан өтініш алмаған кезде тарату комиссиясы уәкілетті органмен келісу бойынша осы қормен жасалған шарттың негізінде басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аталған салымшылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аудару туралы шешім қабылдайды.
23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген салымшылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражаты аударылған жинақтаушы зейнетақы қоры бір ай мерзімінде салымшылармен/алушылармен зейнетақы шарттарын жасайды және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын салымшылардың/алушылардың таңдауы бойынша басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
5-тарау. Активтерді иелену және еріксіз таратылатын
қордың тарату комиссиясының шағымдарын қарау
24. Түгендеу жолымен белгіленген еріксіз таратылатын қордың активтері тарату массасына кіреді. Тарату массасына зейнетақы активтері кірмейді.
Таратудың бас кезіндегі және түгендеу барысында анықталған қордың балансына кірмейтін активтер таратылатын қордың аралық тарату балансында көрінеді.
25. Еріксіз таратылатын қордың міндеттемелері жөніндегі барлық шарттар қолда бар құжаттардың қосымшасымен сипаттауы және есеп-тіркеу құжаттарымен кейін салыстырып тексеруі тиіс. Алшақтық анықталғанда, не құжаттардың болмаған кезінде себептері көрсетілген акт жасалады.
26. Тарату комиссиясы мынадай шарттар мен мақсаттардан шығара отырып, еріксіз таратылатын қордың мүлігін сатады:
1) қордың мүлігін сату неғұрлым жоғары бағамен жүзеге асырылады;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының мүлігін сатудан ысырапты барынша азайту;
3) нормалы бәсекелестікті қолдау.
27. Берешекті өтеу шотындағы, оның ішінде сот шешімін орындау шотындағы еріксіз таратылатын қордың мүлігін дебиторлардың табыстауы тек табыстау күніндегі мүлік бағасының актісі болғанда жүзеге асырылады.
28. Заңды және жеке тұлғалар тарату комиссиясына жазбаша шағыммен (өтінішпен) барады.
Кредиторлардың шағымдары (өтініштері) талаптардың (сот шешімдерінің, шарттардың көшірмелерінің және басқа құжаттардың заң күшіне енген) негізін және мөлшерін растайтын құжаттардың қосымшасымен талаптардың (негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, шығындарының мөлшері туралы жеке) мөлшері туралы мәліметтерден тұрады.
29. Шағым (өтініш) алған еріксіз таратылатын қордың тарату комиссиясы өтініш берушінің негізді талаптарын мойындайды және шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері туралы оған жазбаша түрде хабарлайды.
Шағымның жауабында мыналар көрсетіледі:
1) заңды тұлғаның толық атауы және жеке тұлғаның фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, өтініш берушінің және жауап жіберілетін қордың мекен-жайы, жауап берілетін шағымның күні және нөмірі;
2) шағымды толық немесе ішінара мойындаған жағдайда мойындалған сома, мерзім және шағымды қанағаттандыру тәсілі, егер ол ақшалай бағалауға жатпаса, көрсетіледі;
3) шағымды толық немесе ішінара қабылдамаған жағдайда - шағымды қабылдамауға негізделген сәйкес нормативтік құқықтық актілерге және құжаттарға сілтемемен негіздеме;
4) құжаттардың жауабына қосымшалардың және өзге де дәлелдердің тізбесі.
30. Кредиторға жауап тапсырыс немесе бағалы хатпен, не адресаттың хабарды алғаны туралы хабарламаға байланысты өзге де құралдармен жіберіледі.
31. Аралық тарату балансын және оған қосымшаны, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысандар бойынша тарату комиссиясы жасайды.
32. Кредиторлар талаптарының тізілімі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасалады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
51-бабымен
белгіленген кезектілікке сәйкес болуы тиіс.
Кредиторлар талаптарының тізілімінде әрбір кредитор, ақшалай міндеттер және/немесе міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері туралы, әрбір талаптың қанағаттандырылуының кезектілігі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары кіреді.
Қорға ұсынылған, заң күшіне енген соттардың шешімдері жөніндегі орындау құжаттары кредиторлар талаптарының есебі үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.
Орындау құжаттары мойындалған талаптар болып табылады және аралық тарату балансында және орындалмаған соманың мөлшеріндегі сәйкес кезектіліктегі кредиторлар талаптарының тізілімінде белгіленеді.
33. Міндеттемелер бойынша есеп айырысу және еріксіз таратылатын қордың кредиторларының танылған талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде оның банкроттыққа ұшырауына байланысты уәкілетті орган аралық тарату балансын және оның қосымшасын бекіткен күннен бастап жүзеге асырылады.
34. Шағымдарды (өтініштерді) ұсыну үшін, бірақ тарату балансын бекіткенге дейін тарату комиссиясы бекіткен мерзім өткеннен кейін мәлімделген тарату комиссиясы мойындаған еріксіз таратылған қор кредиторларының талаптары белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкердің мүлігінен қанағаттандырылады.
Белгіленген мерзімде мәлім болған, бірақ тарату комиссиясы мойындамаған, оларды қанағаттандыру туралы сот шешімінің болуы қатысында, талаптары кредиторлардың талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібінде орындалады. Аталған талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін есеп айырысулар жүргізілген кезектен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатылады.
35. Қорды еріксіз тарату кезінде тарату комиссиясы шағымын (өтінішін) мойындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне кірген кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді орындау борыштың депозитке енуі тек Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 291-бабымен бекітілген жағдайда ғана мүмкін.
36. Кредиторлармен жасалған есеп айырысулардан кейін қалған таратылатын қордың мүлкін тарату комиссиясы акционерлердің арасында Қазақстан Республикасының акционерлер туралы заңымен белгіленген тәртіппен акционерлердің арасында бөледі.
6-тарау. Ерікті таратылатын
қордың кредиторлар комитетінің қалыптасу
ерекшеліктері және қызметі
37. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және шешімдерді қабылдау мақсатында олардың қатысуымен қорды ерікті тарату кезінде кредиторлардың комитеті құрылады.
38. Ерікті таратылатын қордың кредиторлар комитеті құрамының тізімін кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткен күннен бастап он күннің ішінде тарату комиссиясы құрады, тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және бекіту үшін уәкілетті органға жіберіледі.
39. Кредиторлар комитетінің құрамына Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
51-бабында
көзделген, кредиторлардың әрбір кезегінен бір өкілден кем болмайтын, кредиторлар талаптарының тізіліміне кіретін талаптардың үлкен сомасы бар кредиторлар кіреді.
Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын қордың басшылық жасайтын қызметкерлері кіре алмайды.
40. Кредиторлар комитеті кемінде үш адам болатын мүшелердің тақ санынан тұрады.
Кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейін уәкілетті органға бекітуге берілген кредиторлар комитетінің тізімімен кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізеді.
41. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші отырысының өтетін орны мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне хабарлайды. Бірінші отырыста кредиторлар комитеті комитет төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.
42. Кредиторлар комитеті:
1) тарату өндірісінің барысында жасалатын барлық құжаттармен танысады;
2) кредиторлардың құқықтарын және мүдделерін бұзу туралы шағымдарын қарауға қатысады;
3) қордың тарату өндірісі барысындағы құқықтардың бұзылуы, кредиторлардың мүдделері және заңдар, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы туралы уәкілетті органға және сотқа ақпарат береді;
4) сотқа және уәкілетті органға тарату комиссиясының іс-қимылы туралы шағымданады;
5) мүлікті сату және тарату комиссиясының отырысы жөніндегі сауда-саттықты есепке ала отырып, тарату рәсімдерінің кез келгенін іске асыру кезінде қатысуға құқығы бар кредиторлар комитетінің мүшелерінен кредиторлардың өкілдерін сайлайды;
6) қаржылық жағдай туралы ақпаратты беруді тарату комиссиясынан талап етеді;
7) таратылатын қордың өндіріп алуға мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің көлемін бекітеді;
8) тарату комиссиясы берген қордың мүлігін сату жоспарын бекітеді;
9) қордың қаржылық жағдайын есепке ала отырып, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін есепке ала, тарату шығыстарының сметасын бекітеді;
10) жекелеген кредиторларға хабарлау мүмкін еместігі туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді;
11) қордың балансынан мүлікті шығынға жазу туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді.
43. Кредиторлармен есеп айырысқаннан және таратылатын қордың қалған мүлігін акционерлерге бергеннен кейін тарату комиссиясы тарату балансы және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген нысандар бойынша тарату туралы есепті жасайды.
44. Қорды еріксіз тарату кезінде тарату комиссиясы жасаған тарату туралы есеп және қордың тарату балансы уәкілетті органға келісу үшін беріледі.
Тарату комиссиясы қордың тарату және тарату балансы жөніндегі есебін бекіту туралы сот анықтамасының көшірмесін заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, және уәкілетті органға жібереді.
45. Қордың қызметін тоқтатуды тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған тәртіпте жүзеге асырылады.
46. Қорды таратуды аяқтағаннан кейін тарату комиссиясы құжаттарды мұрағатта сақтау үшін тапсырады және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.